Қолдағы нервтердің зақымдалуы

Қолдағы нервтердің (жүйке) зақымдалуы

Шеткі нерв жүйесі аурулары, әр түрлі елдердің статистикалық мәліметгері бойынша, барлық нерв жүйесі ауруларының 20-дан 50 %-ға дейін бөлігін құрайды. Олар сырқаттардың өміріне қауіп төндірмесе де, жиі қайталана беретіндіктен, жұмысқа тұрақты қабілетсіздікке әкеліп соғуы мүмкін.
Шеткі нервтердің жиі зақымдануы олардың көптігіне, тері беткейіне жақындығына және өздерінің трофикалық орталықтарынан тым тысқары орналасқаңдығына байланысты. Мұның бәрі әр алуан зиянды факторлардың – инфекциялы-аллергиялық үрдістің, интоксикацияның, салқын тиюдің, аутоиммундық реакциялардың, компрессиялардың, жарақаттардың, т.б. әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады.

қол нервтерінің зақымдалуы

Нерв түбіршектерінің түйіндерінің және өрімдерінің зақымдануы

  1. Менингорадикулиттер, радикулиттер (мойын, кеуде, бел-сегізкөздік).
  2. Радикулоганглиониттер, ганглиониттер (жұлындық, симпатикалық), трунциттер.
  3. Плекситтер.
  4. Нерв өрімдерінің жарақаттануы.
  5. Мойындық өрім зақымдануы.
  6. Жоғарғы иық өрімінің зақымдануы (Эрб-Дюшенн салдануы).
  7. Теменгі иық өрімінің зақымдануы (Дежерин-Клюмпке салдануы).
  8. Иық өрімінің тұтас зақымдануы.
  9. Бел-сегізкөз өрімі зақымдануы (жартылай немесе тұтас).

Жекелеген жұлын нервтерінің зақымдануы

  • Жарақаттардан болатын невриттер.
  • Шынтақ кәрі жілік, ортаңғы, бұлшық еттері, т.б. невриттері.
  • Сан, шонданай, асықтыжілік, жіліншік, т.б. невриттері.
  • Компрессиялы-ишемиялық мононейропатиялар.
  • Қол нервтерінің зақымдануы.
  • Білезік каналы синдромы (қол ұшы аймағында ортаңғы нервтің зақымдануы).
  • Гийен каналы синдромы (қол ұшында шынтақ нерві зақымдануы).
  • Кубиталдық канал синдромы (шынтақ маңында шынтақ нерві зақымдануы).
  • Шынтақ маңында кәрі жілік немесе ортаңғы нервтердің, жауырын үсті, қолтық нервтерінің зақымдануы.

Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар

Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар нервтер немесе нерв-қан тамыр шоғырлары өтетін бұлшық ет, шандырлар немесе сүйек-бұлшық өзектерінің (туннельдерінің) тарылуына байланысты нервтердің шұғыл немесе біртіндеп (созылмалы) қысылуынан пайда болады.

Туннельдік компрессияланған (қысылған) ишемиялық невропатиялар пайда болуына әсер ететін факторлар:

  1. нерв орныққан тұстың туа немесе жүре тарылуы;
  2. нервке көршілес (периневралдық) тканьдердің көлемін ұлғайтатын аурулар;
  3. жарақаттар (әсіресе қайталанған) және олардың зардабы;
  4. периневралдық тканьдер (сүйектер, бұлшық еттер, байламалар) құрылымының аномалиялары (кемістігі);
  5. гормонды-эндокриндік, зат алмасу және басқа да бұзылыстар;
  6. бұлшық ет-буын аппаратының кәсіби, спорттық немесе күнделікті тұрмыстық жағдайда шамадан тыс ширығуы;

Компрессиялы-ишемиялық невропатиялар сирек кездессе де, өкінішке орай, оларға көбінесе вертеброгендік аурулар ретінде диагностика қойылады. Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде қол, жамбас маңайы жөне аяқ невропатиялары жиі байқалады.

Білезік маңайындағы ортаңғы нерв компрессиялы-ишемиялық невропатиялары (білек өзегі синдромы).

Ортаңғы нервтің төменгі бөлігінің қысылуы білектің көлденең байламының және білек өзегінің ішіне орналасқан басқа да периневралдық тканьдердің астында болады. Осы өте тар өзекке фиброздық қынаптармен үстіңгі жағынан қоршалған, саусақтарды бүгетін бұлшық еттердің тарамыстары орналасқан және көлденең байлама астында ортаңғы нерв жайғасқан.

Қолдағы туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатиялар. Жарақаттар мен артритерге байланысты білезік өзегінің тарылуы немесе оның ішіндегі тканьдердің ұлғаюы (тендоваганиттер), дәнекер тканьнің дисгормоналдық өзгерістері, яки жұмыс істеген кезде шамадан тыс зорлануы нервті және оны қанмен қамтамасыз ететін артерияларды кысады. Ол қол ұшын бүгу және жазу немесе үнемі бүгуге тура келетін кәсіби жұмысқа (машинка басу, пианинода ойнау, балғамен жүмыс істеу, т.б.) байланысты жиі пайда болады. Білек өзегінің туа біткен тарлығы да белгілі роль атқарады. Ол аталған синдром әйелдерде жиірек кездеседі.

Білезік өзегі синдромының клиникасында қол ұшында, I, II және III саусақтарда азапты парестезиялар мен кернейтін ауырсынулар басым білінеді, Олар білекке, сирек иыққа таралуы мүмкін. Қол ұшын сіліккенде немесе оның кейпін өзгерткенде, ауырсыну тыйылады. 2 минут бойы саусақтарды жұмып, қол ұшын бүксе немесе жазса, ауырсыну күшейеді. Ауырсыну қолды кәрі жілік-білезік буынынан бүккенде және жазғанда, мысалы, жуылған нәрселерді сыққанда, іс тіккенде, тоқыма тоқығанда күндіз де білінуі мүмкін.
Өте ауыр жағдайларда I және II саусақтарда гиперпатия реңіндегі гипестезия, тенар жоғарғы бөлігінің семуі, бас бармақты басқа саусақтарға қарсы қоя алмау байқалады. Синдром кенеттен өзінен-езі білінбей кетуі де ықтимал.

Білектің жоғары бөлігінде ортағы нервтің компрессиялы-ишемиялық нейропатиясы (пронаторлық синдром, Сейфарт синдромы).

Ортаңғы нерв білектің жоғары бөлігінде дөңгелек пронатордың бастары арлығында олардың фиброздық өзгеруіне байланысты қысылып қышиды. Нерв пронатор шақшасында немесе саусақтарды бүгетін бұлшықеттің арқа тәрізді қақпақшасының астытына қысылуы мүмкін. Ол музыканттарда (пианистерде, скрипкашыларда, әсіресе гитара ойнайтындарда) пронаторға ұзақ салмақ түсуден және саусақтар бүгілуден супинацияны пронацияға жиі ауыстыруға байланысты және саусақтарды ұзақ бүгілу кейпінде ұстайтын қол жұмысымен айналысатын адамдарда (сауыншылар, жүргізушілер, престеушілер, металл кесушілер) бұлшық еттеріне шамадан тыс күш түсетіндіктен жиі кездеседі.

Бұл синдромға жұдырығы бүгілген қол ұшын кенет ішке қарай бұрғанда, жазу жазғанда, қолды жоғары көтергенде күшейе түсетін ауырсынулар мен парестезиялар тән.
Сезімділік бұзылыстары алақанның сыртында, I, II, III саусақтар мен IV саусақ жартысының алақан жағында, сонымен қатар олардың шеткі фалангаларының сырты мен фалангааралық буындарда байқалады.

Иықтың төменгі үштен бірінде ортаңғы нервтің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (иықтық субкондиллярлық өсінді синдромы)

Тоқпан жіліктің шынтақ үсті бөлігінің ішкі жағындағы тоқпан жілік ішкі айдаршығы мен супракондилярлық өсінді арқылы шектелген (айдаршық үсті сақинасында) ортаңғы нервтің қысылуы. Әдетте бұл синдром тоқпан жіліктің диафизі сынғанда немесе шынтақтан бүгілген қолына басын сүйеп ұйықтаған жағдайда (махаббатық салдану) пайда болады. Оның клиникалық көрінісінің дөңгелек пронатор синдромы клиникасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

Шынтақ нервінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (кубитальды туннельдік синдром)

Кешеуілдеген ульнарлық-кубиталдық жарақаттық салдану) — нервтің шынтақ өсіндісі (оіесгаnоn) мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығы арасын керіп тұратьш жуанданған (буылтықтанған) үш бұрышты жалғама астындағы шынтақ өзегінде қысылуы. Велосипед тебетіңдерде, машинисткаларда және телефонисткаларда шынтақ буынын жиі бүгіп-жазудан пайда болады. Оның дамуында шынтақ жарақаттары мен тоқпан жіліктің ішкі айдаршығының сынуы маңызды роль атқарады. Сынғаннан кейін көп уақыт өткенде тоқпан жіліктің төменгі белігі деформациялануына байланысты нерв кешеуілдеп зақымданады.

Айыршық үсті – шынтақ өзегінде (науасында) шынтақ нервінің тітіркенуі мен қысылуы білек пен қол ұшы ішкі жағында және IV, V саусақтарда ауырсыну мен парестезиялар арқылы білінеді. Олар шынтақ буынын бүгіп, созғанда өрши түсіп, суық ауаға шыққанда күшейеді. Сүйекаралық және құрт тәрізді бұлшық еттер, гипотенар және бас бармақты қозғайтын бұлшық ет семіп қалады.

Шынтақ нервінің төменгі бөлігінің компрессиялы-ишемиялық невропатиясы (білезіктің ульнарлық туннельдік синдромы, Гюйон синдромы)

Нервтің бұршақ тәрізді сүйек, ілмек тәрізді сүйекгің ілмегі және алақандағы карпорадиалдық жалғама арқылы құрастырылған Гюйон арнасында қысылуы. Бұл синдромның қалыптасуына бұрауыштарды, қысқаштарды, тістеуіктерді пайдалану, қайталана беретін батыра қысу, таяқ пен балдақты пайдалану, V метакарпаралдық сүйектің сынуы, бұршақ тәрізді сүйек пен сүйектер арасы өзегіндегі тканьдердің теактивті-қабынып ісінуі, ревматоидтық артриттер немесеқол ұшындағы шынтақты бүгуші бұлшық еттің сүйекке бекитін түсында бұршақ тәрізді падагралық түйіншектер пайда болуы әсер етеді.
Аталмыш синдромның клиникасы сезімділік пен трофикалық бұзылыстар, сүйекаралық жөне құрт тәрізді бұлшық еттердің шынтақ жағында семуі мен әлсізденуі арқылы сипатталады.

Кәрі жілік нервінің компрессиялы-ишиемиялық нейропатиясы

Иықтың ортаңғы үштен бірі деңгейінде осы нервтің қысылуынан жиі байқалады. Әдетте ол түнде жайсыз төсекте ұйықтағанда ұзақ уақыт қысылудан пайда болады. Нерв қолтық асты шұңқыры аймағында өте сирек зақымданады (“балдақ қолданудан салдану”).
Шиыршықты өзек аймағында қысылуына байланысты кәрі жілік нервінің зақымдану симптомдары кейбір спортшыларда (теннисші, т.б.) немесе кәсіби кол жұмысына қатысты адамдарда пайда болады. Зақымдандыратын қимылдарға білек жазылуыньщ қол ұшының пронациясы мен алақанға қарай бүгілуіне қабаттасуы жатады. Олар супинатор синдромының пайда болуына әсер етеді. Супинатор синдромы шынтақтың сырты мен білектің арт жағындағы ауырсыну арқылы сипатталады. Мұндайда сезімділік бұзылыстары білінбейді.

Компрессиялы-ишемиялық невропатияларды емдеу

Жекелеген синдромдардың әрқайсысын емдеу олардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Емдік шаралардың негізгі мақсаты – туннельдегі микрожарақаттық жағдайларды жою. Лангет салу (білезік өзегі сиңдромы), ортопедиялық аяқ киім немесе супинаторларды үйлестіре іріктеу (тарзалдық өзек синдромы, Мортон синдромы), нервтің микро жарақатгандыруын күшейтетін қимылдар мен кейіптерді болдырмау өте пайдалы. Рот ауруымен науқастанғандарға дене салмағын азайту ұсынылады.
Ауырсыну синдромын бәсендетуге дегидратациялық ем, В тобындағы витаминдер, қайталанатын новокаиндық блокадалар, кортизонды, лидазаны туннельдік аймаққа жіберу арқылы қол жеткізуге болады.
Кейбір жағдайларда миорелаксанттарды, антихолинэстераздық препараттарды, нейролептикатерді және иглорефлексотерапия сеанстарын тағайындау қажет болады. Гидрокортизон, лидазамен бірге димексид аппликациясы қолданылады. Фонофорезбен электрофорез жасау, су астында уқалау аса тиімді емдік шаралар қатарына жатады.
Туннельдік компрессиялы-ишемиялық невропатияларды емдеу шараларының ішіндегі ең тиімдісі — хирургиялық ем. Ол әсіресе глюко-кортикоидтерден нәтиже болмаған жағдайда қажет. Хирургиялық ем арқылы қысылып қалған нерв (невролиз) пен қан тамыр-нерв шоғыры босатылады. Кейде нервті кесу қажеттігі туады. Операциядан кейін қан тамырларын кеңейтетін және антихолинэстераздық препаратгар, уқалау, емдік гимнастика тағайындалады.

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!