Вегетативтік дистония синдромы

Вегетативтік дистония жайлы

Вегетотамырлық дистония (орыс тілінде Вегетососудистая дистония (ВСД) атауға ие) — адам ағзасындағы вегетативті жүйке жүйесінің ауруына жатады. Вегетативті жүйке жүйесі тамырлар және ішкі органдар қызметін реттейтін қыметке ие. Ол өз кезегінде симпатикалық және парасимпатикалық болып жіктеледі. Бұл вегетативті дистония әлем бойынша ересек адамдар арасында 40% таралған.

Вегетативтік дисбаланс организмнің бейімделу үрдістерінің бұзылуына ықпал жасайтын төтенше жағдайлар әсерінен де болуы ықтимал. Сондықтан вегетативтік дистония патологиялық жағдайлардың зардабы бола бермейді. Дегенмен, вегетативтік дистония айқын білініп, ұзаққа созылғанда гипертония ауруы, ойық жара, гиперткреоз, әр түрлі ағзалар мен жүйелердің вегетативтік нервтенуі бұзылуынан көптеген аурулар пайда болатынын есте сақтаған жөн.

Вегетативті тамырлы дистония

Конституциялық ВД бала жастан бастап кездеседі,  неврологиялық вегетативтік параметрлері (терінің түсі тез өзгереді, тершеңдік, қан қысымы мен пульс тез өзгеріске ұшырайды, субфебрилитет жай байқалады, жиі, жүрек айну, тез шаршағыштық ) тұрақсыз болғандықтан ВД жиі кездеседі.

Пубертаттық (жас өспірімдердегі) ВД қан қысымы тез өзгеруімен білінеді, талықсу байқалады,  көңіл күйі жиі өзгереді. Климакстік кезеңге ұстама тәрізді денесінің ысуының байқалуы және эмоциональдық дисфункция тән, ұстама тәрізді тершеңдік және вегетативтік-дистониялық ұстамалар тән.

Ішкі ағзалардың зақымдануында байқалатын ВД синдромында (өт пен бүйректің тас ауруларында, панреатит, АГ) пайда болған вегетативтік симптомдар негізгі ауруды емдеген кезде жойылады.

Мидың органикалық зақымдануындағы ВД синдромы. Вегетативтік зақымданулар мидың кез келген патологиясында кездеседі, бірақ ми бағаны,  гипоталамус, лимбикалық бөлік зақымданғанда олар өте айқын көрініс береді

Невроздардағы ВД синдромы жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту ағзаларындағы көптеген функциональдық зақымданулармен байқалынады.

ВД синдромы жеке ауру ретінде туа пайда болған  вегетативтік нерв жүйесінің ақаулары кезінле дамиды, оларға жүрек-тамыр қызметінің функциональдық өзгерістері тән.

ВД синдромы перманентті түрде кездеседі. Ол кезде белгілері үнемі байқалынады, пароксизмальдық  түрінде  симптомдары ұстама түрінде байқалынады.

Перманентті ағымда науқастарда бас айналу, бас ауру, әлсіздік, ашушаңдық, діріл, қол-аяқтың сууы, қан қысымының өзгерісі, ас-қорытудың бұзылыстары үнемі байқалынады.

Пароксизмальдық түрі  симпатоадреналдық және вагоинсулярлық ұстамалар түрінде кездеседі.

ВД диагностикасы жоғарыда айтылған негізгі симптомдарға негізделеді. Бірақ бұл науқастарды тиянақты тексерістен өткізу керек, себебі бұл белгілер басқа аурулардың алғашқы кезеңінде көрініс беруі мүмкін.

Емі. Емдеу жолы  ВД-ның себебіне байланысты — этиологиялық, патогенездік және симптоматикалық болуы керек.

Витаминдердің В, С, Е топтары,  элеутерококк, женьшень; беллоид, белласпон, беллатаминал препараттары қолданылады. Емдеу жолдары вегетативтік тонусты қалыптастыруға бағытталуы керек.  Стугерон; валокордин, боярышник тұнбасы және  бетаблокаторлардың (анаприлин, обзидан, индерал) аз дозалары тағайындалады; транквилизаторлар (тазепам, феназепам, сибазон) тағайындалады.

Емдеу комплексіне физиотерапевтвтік процедурлар: бассейн, әр түрлі душтар, ЛФК, массаж, иглотерапия, электросон ретінде қолданылады.

Вегетативтік ұстамалар кезінде науқасты жатқызу керек, тыныштандыру қажет, криздің түріне сәйкес медикаменттік препараттар қолданылады.

Профилактикасы. Науқастың жұмыс істеу, дем алу кезеңдері дұрыс сақталуы қажет. Физикалық және эмоциональдық күштерден шектеу керек. Аутогендік тренировка, жалпы организмді шынықтыру, емдік физькултура және массаж қолдану қажет.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Ретикулярлы формация
  2. Невроздар
  3. Неврология ғылымы
  4. Неврологиялық науқастарды тексеру әдістері

 

Қажетті материалды таппадың ба? Онда KazMedic авторларына тапсырыс бер

Автор публикации

не в сети 1 день

Жасұлан

113

Қазақ елінің ұлымын!

Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 11-10-2014
1 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 51 оценка, среднее: 5,00 из 5 (1 оценок, среднее: 5,00 тен 5)
Загрузка...