Бүйректің ассиметриялы зақымдалуы

Бүйректің ассиметриялы зақымдалуы

Дәрігер-нефролог тәжірибесінде көп жағдайларда ажырату диагностикасын жүргізгенде бір жақты немесе бір жағы көбірек зақымданған бүйрек аурулары кездеседі. Мұндай аурулардың клиникалық көрінісі кейбір бүйректің белгілі терапевтикалық нозологиялық формаларын толығымен қайталап немесе еске түсіруі мүмкін болған жағдайларда ажырату әсіресе маңызды.Әдетте, мұндай жағдайларда бүйрек паренхимасы немесе зәр жолдары аурулары(ісіктер, туберкулез, кистозды ауру ,нефролитиаз), сонымен қатар бүйректің қантамыр жүйесінің ауруларымен (реноваскулярлы процесс, бүйрек инфаркты, бүйректік, көктамырлық гипертензия)  урологиялық патология бірге кездеседі. Әртүрлі даму және орналасу аномалиялары көбінесе біржақты сипатта болады, екіжақты зақымдануға әкелетін  осы немесе басқа аурулардың негізгі клиникалық белгісі болуы мүмкін. Кейде бір жақ бүйректе орналасқан процесс екі бүйректі де зақымдайтын басқа ауруды шақыруы мүмкін. Бүйрек паренхимасының ісігі оның барлық даму заңдылықтарына сәйкес басқа мүшелер мен жүйелердің, соның ішінде бүйректі де зақымдайтын паранеопластикалық амиилоидозды индуцирлейді. Бұл амилоидоздың айқын клиникалық белгілері ісікті процесстің жасыруына алып келеді.

жедел бүйрек жетіспеушілігі

Жедел көріністерде ( айқын ауырсыну синдромы, кенет пайда болған дизурия, макрогематурия, жоғары қызба) урологиялық аурулардың, соның ішінде бір жақты орналасуымен, диагнозды қою жоғары мүмкіндікке ие, бірақ клиниалық симптомдардың аз айқындылығында ( мысалы, шамалы көрінген зәр синдромы), бүйректегі бір жақты процесске күдікті бірден тудырмайды.

Бүйректің ассиметриялы зақымдануы нефрологияда белгілі синдромдармен көрінеді: жекеленген гематурия, протеинуриямен бірге лейкоцитурия ( зәр синдромы), гипертониялық немесе нефротикалық синдромдармен, осы синдромдардың бірлесуі. Науқастардың бір тобында клиникасы ЖБЖ және СБЖ дамуымен көрінеді. Аталған белгілердің ішінде біржақты бүйректі процесс кезінде паранеопластикалық процесстің салдары (амилоидоз, мембранозды нефропатия) болып табылатын нефротикалық синдром сирек кездеседі. Сирек жағдайларда нефротикалық синдром себебі бүйрек веналарының тромбозы болуы мүмкін, бірақ гломерулонефрит тромбозды немесе тромбоздың нефротикалық синдромды дамытуы әлі күнге белгісіз. Бүйрек веналарының тромбозы келесі белгілермен көрінеді: белдің немесе бүйір аймағының ауырсынуы, гематурия, ШФ мен протеинурияның ауытқулары, бүйректің әр түрлі өлшемдері, өкпе эмболиясы мен инфаркты. Ал қалған синдромдар бүйректің ассиметриялық зақымдануында бүйректің басқа ауруларының синдромдарынан, протеинурияға қарағанда гематурия мен лейкоцитурия басымдылығын және қатерлі артериялық гипертонияны есептемегенде аз ерекшеленеді.

Бүйректің біржақты процессін анықтау үшін арнайы зерттеу әдісі- рентгенологиялық зерттеу, хромоцистоскопиямен цистоскопия және несепағарды зондтау: изотоптық және УДЗ, КТ қолданылады.

Бүйрек ассиметриялы зақымдалу кезіндегі ажырату диагностикасы

Ажырату диагнозы кезінде көп жағдайда бүйректердің біржақты зақымдану мүмкіндігін ескерген жөн. Бүйректердің ассиметриялы зақымдануында дифференциация жүргізу маңыздылығы, аурудың клиникасы диффузды аурулардағыдай өтуінде. Мұндай жағдайда, негізгі синдромды анықтап алып, осы синдромға байланысты ажырату диагнозын жүргізген жөн. Бүйректің ассметриялы зақымдануын жоққа шығаруды қажет ететін синдромдарға жекеленген (симптомсыз)  гематурия-лейкоцитурия, зәр жолдарының инфекциясы, артериальды гипертония, сирек нефротикалық синдром. Көп жағдайда бұл синдромдар бірлесуі мүмкін (мы: гипертониялық синдроммен лейкоцитурия). Кей науқастардың клиникалық көрінісінде ЖБЖ немесе СЖЖ  басты орын алады. Жекеленген гематурия-лейкоцитурия, протеинурия 3 г/тәу. және бүйректердің ассиметриялы зақымдануы көбінесе, бүйрек паренхимасының қатерлі ісігінде, нефролитиаз, спецификалық және спецификалық емес (бүйрек туберкулезі), зәр жолдарының инфекциясы, бүйрек көктамырының гипертониясы мен бүйрек инфаркты, бүйрек жарақаты мен дамуы және орналасуының түрлі ақауларында кездеседі. Бұл аурулардың клиникалық көрінісі урология және нефрология бойынша басқармаларда келтірілген.

Бүйрек ісігінің ортақ симптомдарының ішінде маңыздылары гематурия, бүйрек аймағындағы ауырсынулар, варикоцеле, қолға сезілетін ісік. Кейде, қызба жалғыз  көрінісі болуы мүмкін. Полицитемия, анемия, ЭТЖ, қан сарысуындағы сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, гиперальфа-глобулинемия сәйкес зерттеулерді қажет етеді. Бүйрек қатерлі ісігі кезінде (бронхогенді, ішектегі және сүт безі қатерлі ісігі секілді) паранеопластикалық синдромның жиі даму мен, қызба, буындық көріністермен, миопатия, паратгормоны және простагландиндер (гиперкальциемия), пролактин (галакторея), ренин (гипертензия), гонадотропиндер, глюкокортикоидтар (кушингоид) гормондарының және гормон тәрізді заттардың гиперпродукциясы тән. Сонымен қатар, ісікке  ұқсас нефротикалық синдроммен жүретін паранеопластикалық амилоидозды да ескерген жөн. Клинико- лабораторлы зерттеуден кейін, жаңа түзілістерге тән бүйректегі ошақты өзгерістерді анықтауға бағытталған радиоизотопты әдістерді (сканирлеу, сцинтиграфия) жүргізу керек. Ультрадыбысты сканирлеу арқылы бүйректегі ошақты зақымдануды нақтылап, бүйрек ісігі мен кистасы арасында ажырату диагостикасын жүргізеді. Бүйрек ісігінің қорытынды диагностикалық этапы рентгенологиялық зерттеу болып табылады. Алдымен нефротомографиямен экскреторлы урографияны жүргізеді, кейін, селективті бүйректік артериографияны аортографиямен, қажеттілік болса фармакоангиографиямен толықтырады. Селективті бүйрек ангиографиясы арқылы 95% ісік кезіндегі  неоваскуляризацияны анықтайды. Кейін, венокавография мен бүйректің селективті венографиясын жүогізеді. Кейінгі кезде диагностикалық мақсатта томографияны кеңінен қолдануда. Гематурия мен бүйректің ассиметриялы зақымдануының тағы бір себебі, негізгі клиникалық белгісі бүйректік колика болып табылатын нефролитиаз. Тастардың жылжуын нефролитиаздың патогномды симптомы деп санауға болады. Кейде нефролитиазды зәр жолдарының инфекциясы, жедел пиелонефрит, созылмалы калькулезді пиелонефрит, ЖБЖ,СБЖ сияқты асқынулары көрсетеді. Нефролитиаз диагностикасында  тастың несепағардан қуыққа өтуінде, өзекке жақын орналасу көріністерін анықтау мүмкіндігін беретін, бүйректің функциональды жағдайын бағалайтын хромоцистоскопия маңызы жоғары.

Диагностиканың маңызды этапы – конкременттер көлеңкесін анықтайтын шолу және экскреторлы урография. Кей жағдайларда диагноз инвазивті емес әдіс – бүйректі ултрадыбысты сканерлеу арқылы нақтылайды.

Бүйрек туберкулезінің клиникалық көрінісі алдамшы, оған бірінші рет цистит немесе эпидидимит белгілері пайда болғанда ғана көңіл бөлінеді. Миколейкоцитуриямен бірлескен микрогематурия және несепті бактериальді флораға себу теріс мәлімет берсе, дәрігер бүйрек туберкулезіне күдіктенуі керек.  Диагнозды оң туберкулинді сынама және несепте туберкулез микобактериясының анықталуы дәлелдейді. Рентген диагностикангың негізгі әдісі – экскреторлы урография болып табылады. Туберкулез кезінде бүйрек қызметінің ерте бұзылуын радиоизотопты зерттеу әдістері береді ( изотопты ренография, бүйректі сканерлеу және сцинтиграфия).  Қосымша әдіс ретінде несепағардың катетплеуімен цистоскопия, бүйректен несепті бөлшектеп алу қолданылады.  Гематурия веналық бүйрек гипертензиясының белгісі болып табылады. Веналық гипертензияның жиі себептері – бүйрек венасының стенозы ( туа біткен немесе жүре пайда болған), бүйректегі артериовенозды жыланкөздер, веналық гипертензия  дамытатын бүйректік емес генезді артериальді гипертензия.  Анамнезінде бүйрек жарақатының болуы, АҚҚ көтерілуі, физикалық жүктеме, гематурияның пайда болуы арасындағы байланыс, варикацелленің болуы  бұл жағдайдың диагностиксында көмек көрсетеді.  Ішті аускультациялау тамырлық шуларды анықтауда маңызды мәліметтер береді ( стеноз, артериовенозды фистула). Рентгенологиялық, соның ішінде ангиографиялық зерттеу әдістері стенозды немесе артериовенозды жыланкөздің орналасу орнын, бүйректің әртүрлі даму аномалияларын және жарақаттан кейінгі өзгерістерін анықтауда маңызды.

Бүйрек инфарктына алып келетін бүйрек артериясының немесе оның бұтақтарының жедел окклюзиясы – гематурияның тағы бір себебі болып табылады. Тромбоэмболиялық генезді бүйрек инфаркты іштің жарақаты, митральді стеноз, жыбыр аритмия, инфекциялық эндокардит, миокард инфаркты, құрсақ аортасының атеросклерозы  кезіндегі тромбоэмболияның нәтижесі.  Бүйрек инфарктының клиникасы іштің жоғарғы және бүйір бөлімдеріндегі жедел интермиттерлеуші ауырсынумен, қызбамен, лейкоцитозбен, макро-  микрогематуриямен көрінеді. Ананезі мен клиникалық көрінісі әдетте үнемі типті өтеді, бірақ диагнозды нақтылау үшін ангиография жасау керек.

Бүйректің әртүрлі даму және орналасу аномалиялары ( поликистоз, дистопиялар, бүйректердің бітісуі) гематуриямен сипатталады. Диагностиксында  рентгенологиялық және ангиографиялық зерттеулер шешуші орын алады.

Нефроптозға физикалық жүктемемен байланысты дамыған гематурия тән.  Науқастың астеникалық типтегі дене бітімі, алдыңғы құрсақ қабырғасының тонусының төмендеуі, әртүрлі нейровегетативті бұзылыстар назар аудартады. Нефроптозды диагностикалаудың негізгісі – рентгенологиялық зерттеу.

Барлық аталған жағдайлардағы гематурия несеп синдромының бастапқысы бола отырып, протеинурия және лейкоцитуриямен бірлесуі мүмкін. Жекеленген лейкоцитурия жиі төменгі несеп жолдарының қабынуын көрсетеді.

Несеп жолдарының инфекцияларын айтатын болсақ ( бактериурия 1 мл несепте 10микроб денесінен аз болу керек) ,бүйректің ассиметриялы зақымдануына мысал болатын созылмалы пиелонефритті ажырату маңызды.

Жедел пиелонефритке тән симптомдардың болуы ( қызба, бел аймағындағы ауырсыну, массивті пиурия) диагноз қоюға қиындық туғызбайды. Несептің бактериологиялық зерттеуі маңызды. Созылмалы пиелонефриттің негізгі симптомдарының бірі – лейкоцитурия. Кейде лейкоцитурияның бүйректік генезін дәлелдеу үшін провакациялық тесттер қолданылады.  Креатинин клиренсінің төмендеуімен  несептің осмостық концентрациясының ерте төмендеуінің диагностикалық маңызы бар.  Бактериурияны анықтауға маңызды роль бөлінеді. Экскреторлы урография созылмалы пиелонефрит диагностикасында негізгі рентгенологиялық әдіс болып табылады. Рентгенологиялық сурет инфильтративті – қабыну және тыртықты – склеротикалық процесстердің арақатынасына тәуелді өзгерістердің полиморфтылығымен, ассиметриялылығымен ерекшеленеді.   Созылмалы пиелонефрит кезінде радиоизотопты әдістерінің ішінде басымырақ зақымдалған бүйректі және бүйрек қызметін бөлшектеп анықтау әдісі – ренографияны қолданады.  Қызметтегі паренхиманың саны мен сапасын анықтау үшін динамикалық сцинтиграфияны қолданады.

Артериальді гипертония біржақтық бүйректік процесстің көрінісі болуы мүмкін. Вазоренальді гипертонияның даму негізіне туа және жүре пайда болған бүйрек артериялары және оның бұтақтарының зақымдануы жатыр.  Бүйрек артерияларының стенозының ең жиі себебі-атеросклероз. Вазоренальді гипертонияны анықтау бірнеше этаптан тұрады, бұл аортографияға науқастарды таңдап алу үшін маңызды. Клиникалық белгілерінде ортостатикалық  гипертензия, пульстің және қысымның ассиметриясы, бүйрек және эпигастрий аймағының аускультациясында шулардың болуы, көз түбінің көрінісі назар аудартады.  Экскреторлы урографияда бүйректер көлемдерінің әртүрлілігі және әрбіреуінің қызметін бағалауға болады.  Изотопты ренография, динамикалық сцинтиграфия бүйрек артерияларының стенозының дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.  Келесі зерттеу этапында ангиография жүргізеді, одан кейін бүйрек артерияларындағы өзгерістерге тәуелді артериялық қан қысымының жоғарылауын анықтайды, ол үшін  ренин белсенділігін анықтайтын катетеризациялық тесттер қолданылады.

Артериальді гипертония бір жақты пиелонефриттің, нефролитиаздың, сирек туберкулездің, бүйрек ісіктерінің, кистаның гидронефроздың нәтижесі болуы мүмкін. Сирек себептері – Ормонд ауруы ( ретроперитонеальді фиброз), құрсақарты фиброзды процесстері.

Бүйрекүсті безінің ісіктерінің ажырату диагностикасы клиникалық, биохимиялық, рентгеноконтрасты, ультрадыбысты мәліметтерге негізделеді.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Наркотикалық заттардан бүйрек зақымдалуы
  2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
  3. Бүйректің ишемиялық ауруы
  4. Бүйректің даму ақаулары

 

Добавить комментарий

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!