Туберкулезді анықтау

Туберкулезді анықтау жолары

Туберкулез ауруымен күресудің негізгі бөлігінің бірі – туберкулезді ерте анықтау болып табылады. Туберкулезді анықтау бойынша жүргізілетін шаралардың мақсаты туберкулездің клиникалық және рентгенологиялық белгілері бойынша күмәнді адамдарды мүмкіндігінше көбірек табу болып табылады. Онан соң олар туберкулез диагнозын дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін тексерілулері қажет.

Туберкулезді анықтау мен емдеу мекемелері айналысады, ол халық арасында профилактикалық тексеру және емдеу мекемелеріне ауырып қаралған науқастардың ішінен анықталады. Туберкулезді анықтау ерте және дер кезінде жүргізілу керек. Кеш анықталған науқастарды емдеу қиынға түсіп, жазылу баяу жүріп, толық болмайды, сол сияқты анықталмай жүрген науқас бактерия бөліп қоршаған ортадағыларға эпидемиялогиялық жағынан қауіп туғызады.

Туберкулезді ерте анықтау жолдары

Кеш анықталған туберкулезге жатады:

  • жеделдеу және созылмалы диссеминирлі (шашыранды) туберкулез;
  • асқынған ағымдағы туберкулезді менингит;
  • казеозды пневмония;
  • фиброзды-кавернозды туберкулез;
  • асқынған өкпеден тыс туберкулез;
  • АМСК жүйесі мекемелері мен ТҚКҰ-да диагностикалық алгоритмнің стандартты мерзімде жүргізілмеуіне немесе науқас балалардың кеш қаралуына байланысты өкпесінде ыдыраудың болуы мен бактерия бөлуі.

Туберкулезді анықтаудың негізгі әдістері:

  1. Туберкулиндік диагностика;
  2. Флюорографиялық тексеру;
  3. Бактериоскопия;

Туберкулезді анықтаудың 2 жолы бар.

  1. Белсенді – халық арасында профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы анықталады, әдістері – туберкулиндік диагностика балалар мен жасөспірімдер арасында және флюорографилық тексеру жасөспірімдер мен ересектер арасында.
  2. Пассивті – емдеу мекемелеріне ауырып қаралған науқастардың ішінен анықталады, әдістері – туберкулиндік диагностика, рентгенологиялық тексеру және бактериоскопия.

Ұқсас материалдарды қарай кетіңіз:

  1. Туберкулиндік диагностика
  2. Флюорографиялық тексеру
  3. Туберкулезді бактериоскопиялық жолмен анықтау
  4. БЦЖ егуден соң болатын асқынулар
  5. Туберкулезді алдын алу. БЦЖ вакцинациясы
  6. Туберкулезге қарсы алғашқы эпидемиологиялық шаралар
  7. Туберкулезді химиялық алдын алу
  8. Туберкулез ауруын емдеу жолдары
  9. Туберкулез ауруын емдеу жолдары

 

Пікір үстеу

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!