Бұл аурулар барлық уақытта екіншілік болып саналады, ал біріншілік ошағы өкпе немесе қарын қуысы болып есептеледі. Сүйетер мен буындардың туберкулезбен ауруы көбінесе балаларда жиі кездеседі. Көбінесе омыртқалар жарақаттанады-туберкулез спандилиті .сан,жамбас буыны-туберкулез каститі және тізе буыны- туберкулез ганиті деп аталады. Сүйектің туберкулез ауруы сүйектің жұмсақ жерінде басталады, туберкулез ошағы пайда болады. Соңынан сүйек кеміріліп кішігірім, майда секвестрлер және сүйек қуыстары пайда болады.
Жиналған сүйек қуыстарынан шығады және ерекше қабынуға тән ақпалы іріңдік тіндер арасындағы қуыстарға тарайды. Процесс буынға өтуі мүмкін. Буын туберкулезінде синовиалдық қабық қабынады. Қызарады, түктері қабынып көтеріледі. Буын қуысы іріңге толады,соңынан ол іріңді фибринозды сұйық зат болып жыланкөз арқылы сыртқа шығады.
Туберкулездік артрит 3түрлі болады:
- 1-синовиалдық-эксудативтік түрі – процесс синовиал қабығынан басталады, ол қызарады, фибринге бай сұйықтар шығарып,қабынып көтеріледі.
- 2- фунтоздық түрі – грануляциялық тіннің көп пайда болуымен сипатталады. Туберкулез төмпешіктері сүзбе тәрізді іру және тыртықтану процессі болады.
- 3-сүйек түрі – сүйек эпифизінде қуыс пайда болады. Ол сүзбе тәрізді тұйық зат және кішкене майдасеквестрлерге толады. Соңынан синовиалды қабыққа өтеді.
Туберкулез спандилитінде ошақ барлық уақытта омыртқа денесінің алдыңғы жұмсақ жерінде пайда болады. Соңынан сүйектің қабығын да ерітеді. Сыртынды қапшығы бар іріңдік пайда болады. Туберкулез омыртқалар арсындағы дисклерге шауып, жайыла бастайды. Туберкулезбен ауырған омыртқаның түрі өзгереді. Өркеш тәріздес бүкіреюге алып келеді.
Клиникалық белгілері: буындардың туберкулезбен ауырғанына сезілмей басталуы бірте-бірте пайда болып және аурудың созылмалы түрінде өтуі тән болады. Аурудың өзіне тән белгілері: ауру тұрақты болады немесе күш түскенде байқалады.көбінесе бір жерден екінші жерге беріледі. Буынның атқаратын қызметінің нашарлауы: ауруды азайту мақсатында науқас буынға түскен күшті әдейі азайтудың салдарынан пайда болады. б/еттердің атрофиясы:нейротрофикалық өзгерістерге және бірқатар жағдайларға аяқ-қолдардың қозғалмауына б/ты болады. Ауру және сау аяқ-қолдардың симметриялық жерлерінде теріні теріасты май қабатымен бірге екі саусақпен жиырып, қысып ұстаса ауру бар жақта қатпар қалың болады. Буынның ісік көлемі үлкеюі буында жиналған серозды, ал соңынан іріңді сұйық заттардың жинауына б/ты болады. Пролиферативті түрінде фиброзды тіннің көп жиналуына б/ты буынның көлемі ұлғаяды. Терісі аппақ болады. іріңнің сыртқа жарылып шығуында әлсіз ақшыл түйіршіктермен қоршалған теріде көп тесіктер пайда болады. Суық іріңдіктер- іріңнің жиналуына жұмсақ тіндердің белсенді реакция беруінің нәтижесі болып есептеледі. Олар жан-жаққа жайылған суық ақпалар береді. Түрі өзгеру: қисаю, қысқару, патологиялық сынулар және шығулар туберкулездің ауыр түрлерінің белгілері болып есептеледі. Туберкулез спандилитінің клиникалық белгілері буын туберкулезі формаларымен ұқсас болып келеді.
Айрықша белгілері:
ауру пайда болған омыртқа аймағында б/еттердің тартылып,қатаюы тізгін белгі науқастың бүкір болуы, кейде жұлынның зақымдануынан сезім қабілетінің азаюы,жоғалуы болады.
Аурудың шектелген және жеңіл түрлерінде науқастың жалпы жағдайы көп өзгермейді. Екіншілік инфекция қосылғанда клиникалық белгілері күрт нашарлайды. Қанның қызыл түйіршіктерінің шөгуі, тұну жылдамдығының жоғарылауы, кейінгі кезеңінде рентген сәулесімен тексергенде туберкулезге шалдыққан омыртқалардағы өзгерістерді көруге болады. Әдетте аурубірнеше жылға созылады.
Емі: науқастар арнаулы санаториаларда емделеді. Жалпы шаралар жақсы тамақтану,ультракүлгін саулелермен мөлшерленген таза ауа және күн сәулесі, ванналар қолданылады. Дәрі препараттарынан науқастар стрептомицин,стивозид,лифодин және басқаларды қабылдайды. Дененің туберкулезбен аурңан жерңн қимылдатпау: туберкулез спандилитінде гипсті кереует, сан-жамбас буынының шалдығуында коксид гипс таңғыш, тізе буын туберкулезінде ганидті таңғыш қолданылады. Іріңдіктер болған жағдайда оларға пункция жасайды. Іріңдіктің ішіндегілерді сорып тартып алады және ол қуысқа йодоформның глицериндегі 10% эмульсиясы стрептомицин және пеницилин ерітіндісі жіберіледі. Туберкулез спандилитінде ауырған омыртқаның іріп-шіріген жері алынып тасталады. Соңына оның орынына сүйек ауыстырып бекіту жасалынады. Буынның туберкулезбен зақымдалған синовиалдық қабыға сүйектің диструкциялық ошағымен бірге алынып тасталынады. Соңынан функционалдық қолайлы жағдайда аяқ-қолдардың буындарын қозғалтпайтын операция жасалынады.