Омыртқа сүйектерінде пайда болған туберкулез ауруының өсіп өнуінің көптеген белгілерінің сүйек ж/е буын ауруларына ұқсастығы бар.Айырмашылығы:буын ішіндегі сүйек құрылымы,қызметі,өзіне тән қимыл-қозғалыс болса,ал омыртқаның құрылымы басқадай,атқаратын қызметі еңкею,жату,отыру,яғни омыртқалар қуысыда арқандай болып нерв жұлыны өтетіндігінде.1-ші кезеңде:қан тамырлары арқылы омыртқаға келген микроб омыртқа сүйегінде ең алғаш остит жағдайын туғызады.Кейін омыртқада туберкулездік қабыну процесі басталады да,сүйек клеткалары еріп,балқып,сүйек орнында қуыс(каверна)п.б.
Ауруға ұшырамаған сау омыртқалар біріне-бірі кірігіп,ауруға шалынған қуысы бар омыртқаны мыжып,қысып тастайды,сау омыртқалары кішірейген омыртқаны сыртқа қарай ығыстырып шығарады.Осыдан барып омыртқалар қисайып гибус яғни бүкірлік п.б.2-ші кезең:спондилиттік кезең.Ол кезде омыртқалар бұзылып ,қабыну процесі жан-жаққа жайылып,көршілес омыртқаларға шауып ,төңірегіндегі жұмсақ тканьдарды зақымдайды.3-ші кезең:спондилиттен кейінгі кезең науқастың қызуы азайып,ауруы басылып,сырқат адам айыға бастағандай болады.
Дегенмен,омыртқалардың бүкірейгені,аяқтары жансызданып,баса алмайтыны байқалады.Емі:ауруды асқындырмай диагнозды дұрыс қою керек,одан кейін ауруға шалдыққан буынды немесе омыртқаны қозғалмастай ету керек.Ол үшін функционалдық шина,гипс төсек дайындалады,науқас адам соларда ұзақ уақыт ұсталып,қимылсыз жатады.ағзадағы микробтарды жою немесе улылығын азайту үшін ж/е ағзаның жалпы күшін нығайту үшін қан құйылады,туберкулез ауруына қарсы арнайы жасалынған дәрілер (пенициллин, стрептомицин, фтивазид, тубазид, рифадин т.б.) қолданылады.