Ұсақ саңырауқұлақтырды жоятын заттар
Сонғы жылдары ұсақ саңырауқұлақтар (ҰС) тудыратын аурулар саны көбейді. Оған себепші болған құбылыстар арасында антибиотиктердің, иммуносупрессорлардың кеңінен қолдануы, ағзалар жамауы, AIDS вирусының жұгуы. Казірдің өзінде созылмалы микоздармен әлем халқының 10-20%-і ацрады.
Ұсақ саңырауқұлақтарды жоятын заттардың жіктелуі
- Полиендер – нистатин, натамицин, амфотерицин В
- Азольдер – кетоконазол, итраконазол, флуконазол, изоконазол, клотримазол, эконазол
- Аллиламиндер – тербинафин
- Морфолиндер – аморолфин
- басқа заттар – гризеофульвин, тиокарбамин қосылыстары (толнафтат), циклопирокс
Дәрілердің сипаттамасын әсерінің негізі бойынша жіктеп берейік.
Нуклеин қышқылдарының түзілуіне және саңырауқұлақ клеткасының бөлінуіне әсер ететін заттар
Гризеофульвин – 1958 жылдан бастап қолдануда. Бұл заттың фунгистатикалық әсері оның микротубулярлы белоктармен байланысуынан және клетканың бөлінуін тежегенінен пайда болады. Қосымша, гризеофульвин нуклеин қышқылдарының түзілуін тежейді. Гризеофульвиннің жою қабілеті кең емес, сондықтан, оны тек дерматофиттер тудыратын ауруларды емдеу үшін қолданады. Бұл дәрінің қандағы ең аз тежеуші концентрациясы 0,1-5,0 мкг/мл болады. Гризеофульвиннің қабынуды басатын ықпалы бар. Дәрінң майлы тағаммен бірге ішкенде, оның ішектен қанға сіңуі артады. Эпидермистіқ мүйізді қабатында дәрі 4-8 сағаттан кейін табылады. Бірақ, дәрі онда тұрақсыз болады, емді тоқтатса, 24-72 сағаттан кейін эпмдермистің мүйізді қабатында табылмайды.
Бауырда гризеофульвиннің өнімі – 6-десметилгризеофульвин пайда болады, ол организмнен зәрмен шығарылады.
Дәрілік емнің пайдалылығы жазылған аурулардың процентімен белгіленеді. Гризеофульвин бас шашының трихиофитиясында аурулардың 93%-ін, алақаның және табанның трихофитиясында – 53%-ін, қолдың онихофитиясында – 57%-ің, аяқтың онихофитиясында – 17%-ің жаздырады. Дәрінің тәулік мөлшерін- 0,5-1,0 граммын – екіге бөліп тамақтан кейін ішу керек. Балаларға гризеофульвин 10 мг/кг мөлшерінде тағайындалады. Дәрінің жанама әсері бас аурғанымен, іш өтуімен білінеді.
Саңырауқұлақтар клеткаларының қабырғасында әсер ететін заттар
А. Полиендер (амфотерицин В, нистатин, натамицин) – бұл топ заттарының құрамында көп қос байланыстары және гидроксильді радикалдары бар, сондыұтан, олардың ерекше гидрофильді және гидрофобты қасиеттері қаттар болады. Полиендер саңырауқұлақтың клетка қабығынның стероидті қосылыстарымен байланысып, қабық арқылы К+ иондарының және аминқышқылдардың өтімділігін арттырады. Заттар алмасуы бұзылғанынан саңырауқұлақтың клеткасы өліп қалады.
Б. Эргостерол түзілуін бұзатын заттар
- Имидазол туындылары – клотримазол, миконазол, эконазол, бифоназол, сулконазол, оксиназол.
Бұл заттардың саңырауқұлақтарды жою қабілеттері кең, терінің трихофитиясын жақсы емдей алады. Әсерінің негізінде эргостерол сақинасы түзілгенде 14-ші көміртек атомын. Осы процесс цитохром Р-450 деген ферменттің қызметіне тәуелді болады. Имидазол туындылары оттек атомының орнына цитохроммен байланысып, эргостерол сақинасында 14-ші көміртек атомының деметиляциясын бұзады. Сондай-ақ, имидазол қосылыстары адам организмендегі клеткаларының Р-450 цитохромымен байланысып, андрогендер түзілуін тежеу мүмкін.
Кетоконазол – имидазол туындыларының ішінде жалғыз ішке қолданылатын дәрі боп табылады. Бұл заттың жою қабілеті кең, бірақ амфотерицинге қарағанда улағыш қасиеті аздау болады. Дерматофиттер, ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар, Pityrosporum orbiculare тудыратын микоздарды кетоконазолмен емдеуге болады. Дәрінің тәулік мөлшері 200-600 мг ға тең, затты тамақ пен бірге ішеді.
- Триазол туындылары – итраконазол, флуконазол.
Осы заттар әсерінің негізінде де ланостеролды деметиляциясын бұзу жатады. Бірақ, триазольдер ықпалының тандаулылығы жоғары болады, олар сүтқоректілердің Р-450 цитохромына әсер етпейді, бүйрек үсті безінің қыртысында андрогендер түзілуін бұзбайды.
Итраконазол – дерматофиттерге, Candida spp., malasseria spp., Aspergillus spp. Тағы басқа саңырауқұлақтарға әсер ете алады. Итраконазолдың майларға ерігіштігі жоғары, сондықтан, тырнаққа көп жиналады. Күніне 100 мг нан дәріні ішкізсе, емді тоқтатқаннан кейін бір апта бойы тырнақта дәрі беруді тоқтатқаннан кейін жарты жыл өтсе де, зат тырнақ ұшында табыла қояды. Қынап кандидозын емдегенде итраконазолды күніне 200 мг нан үш күн бойы беру керек. Дерматофиттер тудыратын індеттерді емдегенде екі апта бойы күніне 100 мг нан дәрінің ішкізсе, аурулардың 90% -і жазылады. Ал tinea pedis және tinea manum деген індеттерді итраконазолмен осы мөлшерінде 3 апта бойы емдесе, аурулардың 80%-і жазылады. Онихомикозды 3 ай бойы емдегенде дәріні 200 мг нан күніне береді, онда аурулардың 79%-і жазылады. Сонғы кездерде итраконазолмен емді пульсациялық әдіспен жүргізеді: дәріні әр айдың бір аптасында ғана күніне 200 мг нан екі рет ішкізеді, қалған күндері демалыс болады. Солай емді 3 ай бойы жүргізеді.
Флуконазол – криптококкты менингитті, кандидамикозды, дерматофиттер тудыратын ауруларды емдеу үшін қолданатын дәрі боп табылады. Имидазол қосылысын екі триазол қосылысына алмастырғанда, дәрінің саңырауқұлақтарды жоятын қасиеті артады, ыдырау мүмкіншілігі азаяды. Ішектен қанға жақсы сіңетін зат блолғанынан, оны ішкенде тамақтын құрамына, ішкен уақытына қарамайды. Суға ерігіштігі мол болғанынан, флуконазол тырнаққа көп жиналады. Эпидермистің мүйізді қабығында флуконазол үш сағат бойы, ал тырнақта 48 сағаттан кейін табылады. Үстірт трихофитияларды емдегенде дәріні күніне 50 мг нан 3-6 апта бойы ішкізеді. Tinea corporis және tinea pedis деген індеттерді емдегенде флуконазолды аптасына бір рет 150 мг нан берсе, бір айдан кейін аурулардың 95%-і (тinea corporis) немесе 75%-і (tinea pedis) толық жазылады.
- Аллиламиндер – нафтифин және тербинафин – дерматофиттерді жақсы жояды, ал ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға, Candida тобына жататын саңырауқұлақтарға әсері өте аз. Аллиламиндер әсерінің негізінде тандаулы скваленді эпоксидазаның қызметін тежеу жатады. Скваленді эпоксидаза эргостерол түзілуінің ертедегі кезеңіне қатысады. Сонымен, тербинафин эргостерол түзілуін бұзады. Тербинафиннің майларға ерігіштігі жоғары болады, эпидермисте, тырнақта дәрі көп жыналады. Дәрінің әсері ұзақ, Р-450 цитохромына ықпалы жоқ, уақыт бойы ішседе, қауіпті жағдайға әкеп соқпайды. Тербинафинмен алақан-табанның трихофитиясын екі апта бойы (250 мг/күн), қолдың онихомикозы – алты апта бойы, табанның онихомикозын үш ай бойы, терінің трихофитиясын – бір апта бойы емдеу керек. Аурулардың қайта оралу проценті көп емес.
- Морфолиндер – эргостерол түзілуіне қатысатын екі ферменттің қызметін бұзады: дельта -14-редуктазаның және дельта-7-8-изомеразаның. Аморолфиннің фунгицидті және фунгистатикалық әсері кең, әсіресе дерматофидтерді, зең тудыратын және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарды жақсы жояды. 5% лак түрінде аптасына бір рет тырнаққа жағылғанда, аморолфин онихомикоздарды емдей алады. Крем түрінде үстірт трихофитияны, кіші шарлар түрінде бұл дәрі қынаптың кандидозын қайтара алады. Осы дәрі кетоконазолдың, тербинафиннің, итраконазолдың, гризеофульвиннің ықпалына болысады.
Ұсақ саңырауқұлақтар қабығы арқылы заттар алмасуын бұзатын дәрілер
Циклопирокс – 1% крем түрінде бүкіл әлемде үстірт трихофитияны емдеуге шығарылған дәрі. Басқа заттарға қарағанда бұл заттың химиялық құрылысы бөлек, жою қабілеті кең, кабыну басатын ықпалы бар және кератинге сінімділігі жоғары. Дәрі дерматофиттерді, ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарды және кейбір грам-теріс, грам-оң бактерияларды жоя алады. Циклопиростың фунгистатикалық әсерінің негізінде мембрана арқылы аминқышқылдардыңғ фосфаттардың, К+ иондарының тасылмалдауын азайту жатады. Осылған байланысты, бұл затты онихомикоз кезінде қолданады.