Қан алмастырушылар, жіктелуі

№4 тәжірибелік сабаққа арналған

әдістемелік нұсқаулар 

  1. Тақырыбы: Қан алмастырушылар, жіктелуі. Қан алмастырушылардың әсер ету механизмі. Олардың қан құюға көрсеткіштері. Жарақаттар. Жіктелуі. Жарақаттың өту процессі. Жарақатта морфологиялық және биохимиялық өзгерістер. Емдеудің жалпы ұстанымдары. Жарақатты біріншілкті өңдеу. Көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері. Тігістің түрі. Іріңді жарақаттардың емдеу ұстанымы. Жарақатты жергілікті және жалпы емдеу әдістері.
  2. Мақсаты: Қан алмастыру үшін көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері анықтауды үйрету.Қан алмастырудың жіктелуін және механизмін білу. Алдын алуды өткізу және асқынулар пайда болған кезде көмек көрсете білу. Жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету.
  3. Оқу мақсаты: Қан алмастырудың артықшылығымен жіне кемшілігімен таныстыру. Әртүрлі ашық жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.Системаны құрастыруды және инфузияны көктамырға енгізуді үйрету,асқынулар болған кезде көмектесу және алдын алу шараларын жүргізу.

4.Негізгі сұрақтар:

1. Қан алмастырушылар.Анықтамасы, химиялық құрылысы бойынша жіктелу.
2. Гемодинамикалық қан алмастырушылар, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері.
3. Дезинтоксикациялық ерітінділер, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері.
4. Парентеральды қоректену үшін  қан алмастырғыштар, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері.
5.Су-тұз алмасуының және қышқыл-сілтілі жағдайдың реттеушілері. Оттегін тасымалдаушылар, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері.
6. Қан алмастырғыштарының артықшылықтары.
7. Қан алмастырғыштарды құю кезіндегі асқынулар. Алдын алу жіне емдеу.
1.Жара және жарақаттың анықтамасы. Жарақаттың ойық жарадан айырмашылығы.
2.Зақымдалу сипатына байланысты, инфекциялануына байланысты,қуысқа қатынасы бойынша, жарақаттық каналдың бағыты бойынша және ауырлығы бойынша жарақаттың жіктелуі.
3. Клиникалық симптомдары ( жалпы және жергілікті), жарқаттың асқыну.
4. Ross бойынша жарқат процессінің өту фазалары ( қабыну, пролифирация,реорганизация немесе тыртықтық тіннің ремодельденуі
5. Жарақаттың жазылу түрлері, жарақаттың біріншілікті жазылу үшін жағдайлары.
6.Жаңа жарақаттарды емдеу ұстамдары. Жарақтты біріншілікті хирургиялық өңдеу.
  1. Оқыту әдісі: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша талдау.Кіші топтарға бөліп, таңу және егу бөлімшелерінде жарақаты бар науқастарды емдеу және көмек көрсетуді үйрену.

6.Әдебиеттер:

  1. Жалпы хиругия бойынша дәрістер.
  2. Петров В.С. Общая хирургия. – С.- Петербург, 2000
  3. Стручков В. И., Стручков Ю. В. Общая хирургия- М.:Медицина, 1998
  4. Гостищев В. К. Общая хирургия. – М.:Медицина, 1996
  5. Рычагов Г. П. Общая хирургия. – Минск, 2002
  6. Жалпы хирургия бойынша әдістемелік нұсқау,1997 том ІІ, 18-25 бет

Қосымша:

  1. Ю. Л. Шевченко.Е.Б. Жибурт «Безопасное переливание крви.»-С.-Петербург,2000.

2.Справочник по переливанию крови и кровезаменителей,М.,1982

3.Гланц Р.М. « Механизм действия перелитой крови, Киев, 1975

7.Бақылау: ( сұрақтар, тест, тапсырмалар және т.б.)

Тест:

  1. Гемодинамикалық қан алмастырушылардың емдік әсер ету механизмі қандай?

а) АҚ төмендеуі

б) Қанның нәруізің құрамын жоғарлатады

в) *Қан тамыр ағысында сұйықтықты ұстап тұрады

г) бауырдың қызметін арттырады.

д) Ретикулярлыэндотелиальді жүйені арттырады.

  1. Дезинтоксикциялық қан алмастырушылардың әсер ету механизмі қандай?

а) Осматикалық қысымды жоғарлатады.

б)*қандағы токсиндерді байланыстырады.

в) АҚ төмендейді

г) Гемопоэзді арттырады.

д) Қанның нәруізің құрамын жоғарлатады

  1. Қандай препараттар осмодиуретикалық әсер береді?

а)полиглюкин,желатиноль, реополиглюкин

б) ацесоль, лактасоль, дисоль

в) полифер, реоглюман

г)*манитол, сорбитол

д)аминопептид, аминозол, полиамин

  1. Қан алмастырушыларды құю кезінде қандай асқынулуа пайда болуы мүмкін?

а) аллергиялық реакция

б)пирогенді реакция

в)токсикалық реакция

г)* барлық айтылған реакция

  1. Парентеральды қоректенуге пайдалануға қарсы көрсеткіші бар препаратты көрсетіңіз

а) гемодинамиканың жедел бұзылысы (шок)

б) жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі

в) жедел бауырлық және бүйрек жеткіліксіздігі

г) тормбоз, тормбофлебит, тормбоэмболия

д)*барлық айтылған жағдайлар

  1. Жаңа жарақатқа тән:

а) ауырсыну

б) қан ағу

в)үңірею

г) *жоғарыдағы айтылған 3 симптом

д)бұлшықеттік тартылуы

  1. Қандай жарақат тез жазылады?

а) *кесілген

б) шабылған

в) қысылған

г) тістелген

д) тапталған

  1. Қандай уақыттан кейін микробтар жарада белсенденеді?

а) 1-4 сағ

б) *6-8 сағ

в) 10-12 сағ

г) 14-18 сағ

д)24 сағ

  1. Инфекциялануына бойынша жара бөлінеді?

а)іріңді, асептикалық, уланған

б) асептикалық, скальпталған, іріңді

в) тістелген, жаңа инфекцияланған,  скальпталған

г) таза, жаңа инфекцияланған, жұқтырған

д)*асептикалық, жаңа инфекцияланған, іріңді

  1. Біріншілікті хирургиялық жарақатты өңдеу:

а) жараның шеттері мен түбінің тілінуі

б)жараны жуу, гемостаз

в)іріңді бөліндіні алып тастау

г) қалта мен  ісікті ашу

д)* жараның шеттері,түбінің, қабырғасының тілінуі

Тапсырмалар:

  1. Опеарациядан кейін 4-ші тәулікте науқаста операциялық жарақатта тартушы ауырсынулар байқалды, температурасы жоғарылап, қан талдауында лейкоцитоз байқалды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?Одан арғы іс әрекетіңіз?
  2. Қабылдау бөліміне санның жыртылған жарақатымен науқас түсті. Анамнезі бойынша ол жарақатты 12 сағат бұрын алған. Жарақат маңында ісіну, шеттері тегіс емес, көгерген. Сіздің іс-әрекетіңіз?
  3. Хирургиялық бөлімге тістелген жарақатпен науқас түсті. Тексеру кезінде тізенің артында тістелген қан ұйындылары бар жыртық жарақат байқалған, шеттері ісінген. Сіздің әрекетіңіз?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!