Странгуляциялық іш түйілуі

Бұралған ішек (volvulus) немесе ішектің айналуы терминдері өте көп. Ішектің шажырқайы өз осінде 180-–360°Сжәне одан жоғары бұралып қалады. Шажырқайдың лимфа жүйесі, қанайналым жүйесі, жүйке талшықтары зақымданады. Осының нәтижесінде ішектің некрозы болады. Бұралу тек қана ішектің шажырқайы ұзын болған кезде көбінесе жіңішке, соқыр, сигма тәрізді ішектерде болады.

Этиология. Ұзын шажырқайдағы тыртықты және қабыну өзгерістері, ішек ілмектерінің жабысқағы, шажырқай ісігі және кистасы, талшыққа бай тағамдар ішектің бұралуына алып келеді. Ішектің айналуы кезінде, оның саңылауы жабылады. Ілмектегі қанайналым жүйесі бұзылады, веналық іркіліс болып, ішек кіреберісіне сұйықтық жиналады. Іш қуысына ішек қабырғасына қан құйылулар, некроз, перитонит болып асқынады. Қалыпты жағдайда ішек ілмегі еш патологиялық өзгеріссізөзінің көлеміне байланысты қимыл жасайды. Ішектің 180°С бұралып, айналуы кезінде, саңылауы жабылады да, шажырқай тамырының қысылуы жүреді.

Жіңішке ішектің бұралуы жедел өтеді. Күшті, ұстама тәрізді ауру сезімі болады. Ол кіндік аймағына, арқаға иррадиация береді. Алғашқы сағаттарда ауыру сезімі тұрақты болып, бұрап қатайғанда, науқас амалсыз аяғын ішіне жинап алып, мәжбүрлі қалып алады. Көп ретті құсу, бастапқыда өтті және асқазандық құсық, содан кейін ішек қалдықтары шіруі нәтижесінде, иісі бар құсық шығады. Басында іштің кебуі, айналған ішек ілмектерінің толу сезімі, одан кейін барлық ішекке таралады. Су-тұз алмасу, ақуыз және көмірсу алмасуының бұзылуы өсе береді. Гемодинамикалық өзгерістер, интоксикация белгілері, диурездің төмендеуі байқалады. Рентгенде жіңішке ішектің газбен толуы, сұйықтықтың жиналуы көрінеді.

    Емі. Оперативті ем. Операцияда хирург түйінді түзілістің шешілуі немесе деторсия жасайды. Назоинтестиналды зонд арқылы ішек қуысындағы қалдықтарды шығарады. Ішектің өмір сүруге қабілеті болса, онда деторсиямен шектеледі. Некроз болғанда, ішек ілмегіне резекция жасап, алып тастайды да, кескен жердің ұшымен немесе екеуінің бүйірі арқылы анастомоз салынады. Өлеттенген жердің ішек арасынан 40-–60 см қашықтықта түйіннен жоғары, 15–-20 см төмен алады.

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!