Хирургиялық науқастарды әдістемелік тексеру

  1. Тақырыбы:Хирургиялық науқастарды әдістемелік тексеру. Ауру тарихы.
  2. Мақсаты: Студенттерді ауру тарихын дұрыс толтыруды үйрету.
  3. Оқыту мақсаты: Ауру тарихының негізгі бөлімдерімен таныстыру.Хирургиялық науқастарда ауру тарихын дұрыс толтырудың негіздері, диагнозды негіздеуді, емдеу әдісін таңдауды, медициналық құжаттарды дұрыс толтыоуды үйретуді.

4.Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Ауру тарихының құрылымы.
2. Жергілікті статусты суреттеу.
3. Клиникалық диагнозға түсінік беру және негіздеу.
4. Науқасты емдеу жоспарын құру.
5. Эпикриз жазу және ауруды суреттеу.
6. Ауру тарихын қорғау.
  1. Оқыту әдістері: Студенттерді кіші топтарға жіктеу, хирургиялық патологиясы бар науқастарды зерттеу, әр студенттің жеке ауру тарихын жазу. Ауру тарихын және тақырып бойынша сұрақтарды талқылау.

Сұрақтар:

  1. Хирургия науқаста негізінен қандай диагноз болады?
  2. Науқастарды зерттеудің негізгі тәсілдері?
  3. Жүрек-қантамыр жүйесінің зерттеу тәсілдері?
  4. Тыныс алу жүйесінің зерттеу тәсілдері?
  5. Несеп шығару жүйесінің зерттеу тәсілдері?
  6. Науқастарды қосымша зерттеу әдістері?
  7. Эпикризге не кіреді?

Жаттығулар:

  1. Журектің ишемиялық ауруы. Артериялық гипертензия. Сәулелі аритмия. Асқазан жарасы. Асқазанда қан кету. Аталық без аденомасы. Зәрдің ұстап қалуы.Хирургиялық бөлімшеге түскен науқастың ауру тарихын құрастыр.
  2. Қабылдау бөлімшесіне  жедел жәрдеммен сол жақ қабырғаасты ойық жарақатымен 18 жасар науқас түсті. Зерттеу кезінде тері беткейі бозғылт, қарашығы кеңейген, санасы тежелген, пульсі минутына 116, АҚ 80/100 мм сын.бағ. Жарақаттан жай қан ағып тұр, асқазанның жайпақ жағында жабық перкуторлы дыбыс естіледі. Сіздің диагноз және іс-әрекетіңіз?
  3. Қабылдау бөлімшесіне 52 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, эпигастрий аймағында сырқыраған ауырсынуларға, 3 күн бойы қара май тәрізді дәрет байқалған. 10 жылдан бері 12 елі ішектің жарасымен ауырады. Науқасқа не болған? Қандай санитарлық өңдеу жүргізу керек, тасымалдау түрі және жедел диагностикалық зерттеулер?
  4. Науқас М.  жедел аппендицитпен наркоз астында операция жасалған.  15 кейін науқас көгеріп, тыныс алуы сирек, үзілісті. Науқаста ерте операциядан кейінгі кезеңде қандай асқыну пайда болған?
  5. Науқас О.-ға оң жақ кеуде қуысының ойық жарақатына байланысты біріншілік хирургиялық өңдеу жасалған. Бірінші тәулік соңына қарай тыныс жетіспеушілігі дамыды.Кеуде қуысының төменгі бөлігінде перкуссия кезінде жабық дыбыс, тыныс алуы естілмейді. Қандай асқынуларға күдік туды және сіздің әрекетіңіз?

Сайттағы материалды алғыңыз келе ме?

ОСЫНДА БАСЫҢЫЗ

Бұл терезе 3 рет ашылған соң кетеді. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!