Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 308 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 қарашадағы N 900 Бұйрығы
- Бұйрық нөмірі
- 900
- Қабылданған күні
- 18.11.2010
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 186-бабының 2-тармағының 6) тармақшасы , "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. "Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4735 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылы 20 шілде, N 110 (1313) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін коса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ол бұрын жарияланған ресми баспа басылымына хабарласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық кол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Қайырбекова
Іздеу атаулары: №900 бұйрық, 900-бұйрық, приказ 900, тоғыз жүзінші бұйрық, 900 бұйрық скачать.