"Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауларды өткізу ережесін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 149 бұйрығы
- Бұйрық нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 14.03.2013
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. «Міндетті медициналық тексеріп-қараулар өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауларды өткізу ережесін және кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 709 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5898 тіркелген). 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр С. Қайырбекова
Іздеу атаулары: №149 бұйрық, 149-бұйрық, приказ 149, жүз қырық тоғызыншы бұйрық, 149 бұйрық скачать.