Мақала
Бұйрықтар

№ 170 бұйрық (29.04.2019): толық мәтін және скачать

Жаңа

Токсикологиялық қызмет бойынша республикалық үйлестіру орталығын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 170 бұйрығы.

Бұйрық нөмірі
170
Қабылданған күні
29.04.2019
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында токсикологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының 2-тармағының 9) тармақшасына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:

1. Алматы қаласы Денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының токсикология бөлімшесі токсикологиялық қызмет бойынша республикалық үйлестіру орталығы (бұдан әрі - ТҚРҮО) болып белгіленсін.

2. ТҚРҮО Стандартқа және өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының токсикологиялық қызмет бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министрдің міндетін атқарушыК. Надыров

Іздеу атаулары: №170 бұйрық, 170-бұйрық, приказ 170, жүз жетпісінші бұйрық, 170 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.