Мақала
Бұйрықтар

№ 989 бұйрық (08.11.2022): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 8 қарашадағы № 989 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 418 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
989
Қабылданған күні
08.11.2022
Актіні өзгерту күні
21.08.2026
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2026 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде :

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты";

Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде :

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде :

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 60".

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде :

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже";

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылықты және іске асыруды, құзыреті шегінде функцияларын іске асыру және бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады";

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3.";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:

1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша, Астана қаласы бойынша департаменттері осы бұйрық қол қойған күннен бастап бір ай ішінде Абай облысы және Астана қаласы бойынша Әділет департаментіне хабарласын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Ғиният

Іздеу атаулары: №989 бұйрық, 989-бұйрық, приказ 989, тоғыз жүз сексен тоғызыншы бұйрық, 989 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.