Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2024 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 738 бұйрығы.
- Бұйрық нөмірі
- 738
- Қабылданған күні
- 22.12.2023
- Актіні өзгерту күні
- 31.12.2024
- Мәртебесі
- Жаңартылған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-1) тармақшасына , "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 1156 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) 2024 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,32 пайызы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2024 № 963 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.06.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Корпоративтік даму департаменті:
1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі | А. Ғиният |
Іздеу атаулары: №738 бұйрық, 738-бұйрық, приказ 738, жеті жүз отыз сегізінші бұйрық, 738 бұйрық скачать.