Мақала
Бұйрықтар

№ 90-НҚ бұйрық (09.08.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 132-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 285 бұйрығын жою туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 90-НҚ бұйрығы

Бұйрық нөмірі
90-НҚ
Қабылданған күні
09.08.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармақшасына және 65-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 132-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 285 бұйрығы жойылсын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің персоналды басқару қызметі осы бұйрық қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік он күннің ішінде:

1) оның электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасыН. Сәдуақасов

Іздеу атаулары: №90-НҚ бұйрық, 90-НҚ-бұйрық, приказ 90-НҚ, 90-НҚ бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.