Мақала
Бұйрықтар

№ 242 бұйрық (15.04.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 242 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
242
Қабылданған күні
15.04.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін.

2. Мыналар:

1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы ;

2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 734 бұйрығының 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Персоналды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде:

1) электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Б.С. Әбділдинге жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Әлназарова

Іздеу атаулары: №242 бұйрық, 242-бұйрық, приказ 242, екі жүз қырық екінші бұйрық, 242 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.