Мақала
Бұйрықтар

№ 263 бұйрық (23.04.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағаларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 263 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
263
Қабылданған күні
23.04.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтердің бағасы

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтерге бағалар белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА.Әлназарова

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 263 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі іске асыратын қызметтердің бағасы

№ р/сҚызмет атауыӨлшем бірлігіҚызмет бағасы, ҚҚС* есебінсіз теңге
1Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша қызмет көрсетуадам / сағат4 260,7
2Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жоспарлау бойынша қызмет көрсетуадам / сағат4 640,9
3Денсаулық сақтау объектілерін медициналық жобалау бойынша қызмет көрсетуадам / сағат4 523,1
4Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қызмет көрсетуадам / сағат3 279,5

Ескерту

* ҚҚС – қосылған құн салығы.

Іздеу атаулары: №263 бұйрық, 263-бұйрық, приказ 263, екі жүз алпыс үшінші бұйрық, 263 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.