Мақала
Бұйрықтар

№ 539 бұйрық (15.08.2024): толық мәтін және скачать

Жаңа

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 539 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
539
Қабылданған күні
15.08.2024
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрА. Әлназарова
бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

1. Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялардың жобалау алды және жобалау-сметалық құжаттамасын, оның ішінде қайта қолданылатың жобаларды пайдалана отырып әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру.

2. Медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар бойынша авторлық қадағалауды жүргізу қызметін жүзеге асыру.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 962 қаулысымен бекітілген "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілерін жобалау мен салудың барлық кезеңдерінде мониторинг жүргізу.

Іздеу атаулары: №539 бұйрық, 539-бұйрық, приказ 539, бес жүз отыз тоғызыншы бұйрық, 539 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.