Мақала
Бұйрықтар

№ 112 бұйрық (21.10.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
112
Қабылданған күні
21.10.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 Бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қырқүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына қосымша

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

№Аурулары10-қайта қаралымдағы аурулардың халықаралық жіктемесінің кодтары
1.ТуберкулезA15-A19
2.Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын ауруB20-B24
3.Созылмалы вирусты гепатиттер және бауыр циррозыВ18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74
4.Қатерлі ісіктерС00-C97; D00- D 09; D37- D48
5.Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары)F00-F99
6.Жіті миокард инфаркті (алғашқы 6 айда)I21, I22
7.Орфандық ауруларВ55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0-E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81
8.Нерв жүйесінің дегенеративті ауруларыG30-G32
9.Орталық нерв жүйесінің демиелиндену ауруларыG35-G37
10.ЭпилепсияG40
11.Ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде)I60-I64

Іздеу атаулары: №112 бұйрық, 112-бұйрық, приказ 112, жүз он екінші бұйрық, 112 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.