Мақала
Бұйрықтар

№ 135 бұйрық (04.11.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 135 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
135
Қабылданған күні
04.11.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық нұсқасын ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 4 қарашадағы № 135 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына 1-қосымша

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, өздеріне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жолдама беру қолданылмайтын адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі

№АуруларАурулардың халықаралық жіктемесі бойынша коды -10
1-тарау. Туберкулез
1Деструктивтік және бациллярлық нысандары бар туберкулезА15 - А19
2-тарау. Көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
2Мерездің кеш нысандарыА52
3-тарау. Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру
3Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, қатерлі ісіктер түрінде, терминалдық сатыда, көптеген аурулардың көріністерімен пайда болатын ауруВ20 – В24
4-тарау. Қатерлі ісіктер
4Қатерлі ісіктерС00 - С97
5-тарау. Қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылулар
5Декомпенсацияның орташа және ауыр дәрежесіндегі иммундық механизмді тартатын қан, қан өндіру ағзаларының аурулары және жекелеген бұзылуларD50 - D89
6-тарау. Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуы
6Уытты емес зобтың басқа түрлеріЕ04
7Тиреотоксикоз [гипертиреоз]Е05
8Комамен инсулинге тәуелді қантты диабетЕ10.0
9Кетоацидозбен инсулинге тәуелді қантты диабетЕ10.1
10Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелді қантты диабетЕ10.7
11Комамен инсулинге тәуелсіз қантты диабетЕ11.0
12Кетоацидозбен ІІ типті қантты диабетіЕ11.1
13Көптеген асқынулары бар инсулинге тәуелсіз қант диабетЕ11.7
7-тарау. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтар
14Тамырлы деменцияF01
15Басқа бөлімдерде жіктелген анықталған басқа аурулардағы деменцияF02.8
16Анықталмаған деменцияF03
17Алкогольге немесе басқа психикаға белсенді әсер ететін заттарға байланысты емес органикалық амнестикалық синдромF04
18Органикалық галлюцинозF06.0
19Органикалық кататоникалық бұзылушылықF06.1
20Органикалық сандырақтық (шизофренияға ұқсас) ауруыF06.2
21Мидың ауруы, зақымдануы және дисфункциясы салдарынан басқа органикалық тұлғалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтарыF07.8
22Делириймен алкогольдік абстиненттік жағдайF10.4
23Шизофрения - үздіксіз және ұстамаға ұқсас прогредиенттік ағым типі бар, (тұрақты) жеке басының кемістігі бар барлық түрлеріF20
24Басқа созылмалы сандырақтық бұзылуларF22.8
25Шизоэффективті бұзылуларF25
26Психотикалық белгілері бар маниакалдық эпизодF30.2
27Биполярлық аффективтік бұзылуларF31
28Психоз симптомдары белгілері бар ауыр депрессиялық эпизодF32.3
29Көңіл-күйдің қайталанатын депрессиялық бұзылуыF33
30Жеңіл, орташа және ауыр ақыл-ой кемістігіF7
8-тарау. Нерв жүйесінің аурулары
31Негізінен орталық нерв жүйесін зақымдайтын жүйелік атрофияларG10 - G13
32Экстрапирамидалық және басқа да қозғалыс бұзылуларыG20 - G26
33Нерв жүйесінің басқа дегенеративті ауруларыG30 - G32
34Орталық нерв жүйесінің демиелинизациялық ауруларыG35-G37
35Эпизодтық және пароксизмальды бұзылушылықтарG40 - G47
36Полиневропатиялар және перифериялық нерв жүйесінің басқа да зақымданулары (кодтар)G60 - G64
37Орталық нерв жүйесінің басқа бұзылыстарыG 96.8
G 96.9
9-тарау. Көз және оның қосалқы аппаратының аурулары
38Тамырлы қабық пен тордың ауруларыН30 - Н34
39Бастапқы жабық бұрышты глаукомаH40,2
40Көру нерві мен көру жолдарының ауруларыН46 - Н48
41Бинокулярлы соқырлықH54.0
42Көрудің бинокулярлы жеңіл бұзылуы немесе оның болмауыH54.3
43Басқа менингококк инфекцияларыA39.8
10-тарау. Қанайналым жүйесінің аурулары
44II-III дәрежелі қанайналым бұзылған ақаулары бар жүректің созылмалы ревматикалық аурулары.I05 - I09
45Жіті миокард инфарктісіI 21
46Жіті миокард инфарктісінің кейбір ағымдағы асқынуларыI 23
47Жүректің жіті ишемиялық ауруының басқа түрлеріI 24
48Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы; ІІ-ІІІ дәрежелі қан айналымы бұзылған инфаркттан кейінгі кардиосклерозI 25
49Өкпелік жүрек және өкпе қан айналымының бұзылуыI 26 - I28
50Жүректің басқа аурулары (III-IV дәрежелі ФК-мен жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің ауыр бұзылулары бар).I 30 - I52
51Жоғары қан қысымымен сипатталатын аурулар (II - III дәрежелі гипертониялық ауру, сондай-ақ жиі криз жағдайлары бар гипертониялық ауру)I 10-I15
52Цереброваскулярлық аурулар (ми қан айналымының жіті бұзылуы және парез, паралич, афазия, атаксия құбылыстарымен ми қан айналымының жіті бұзылуынан кейінгі жай-күй), басқа да цереброваскулярлық ауруларI 60 - I69
53Айқын білінетін қайтымсыз трофикалық өзгерістері (некроз) және аяқ-қол функцияларының бұзылуы бар артериялардың, артериолалар мен капиллярлардың ауруларыI 70 - I79
11-тарау. Тыныс алу ағзаларының аурулары
54II - III дәрежелі II - III дәрежелі өкпе функциясының жеткіліксіздігі бар төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларыJ43 - J47
55II-III дәрежелі өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігі бар сыртқы агенттер тудыратын өкпе аурулары.J60 - J70, J84
12-тарау. Ас қорыту ағзаларының аурулары
56Асқыну, декомпенсация сатысындағы асқазан-ішек жолдарының аурулары.К20 - К77
57Жіті панкреатитК85
58Ұйқы безінің басқа ауруларыК86
13-тарау. Тері және тері асты жасушаларының аурулары
59Асқыну сатысындағы жүйелі дерматоздарL10 - L14, L98
60Кәдімгі псориазL40.1
14-тарау. Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары
61II - III дәрежелі ағзалар функциясының бұзылуымен дәнекер тіннің жүйелі зақымдануыМ30 - М36
62Омыртқа, қабырға, II-III сатыдағы НЖФ-мен ірі буын қозғалғыштығы шектелген спондилопатияларМ45 - М49
15-тарау. Несеп-жыныс жүйесінің аурулары
63Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар несеп-жыныс жүйесінің ауруларыN00 - N99
16-тарау. Туа біткен ауытқулар (даму), деформациялар және хромосомалық бұзылулар
64Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы қанайналым жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q20 - Q28
65Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы тыныс алу ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q30 - Q34
66Декомпенсация немесе асқыну сатысындағы ас қорыту ағзаларының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q38 - Q45
67Декомпенсация немесе өршу сатысындағы жыныс мүшелерінің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)Q50 - Q56
68Декомпенсация немесе өршу сатысындағы несеп жүйесінің туа біткен ауытқулары (даму)Q60 - Q64
69Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері) және декомпенсация немесе өршу сатысындағы сүйек-бұлшықет жүйесінің қисаюларыQ65 - Q79
70Декомпенсация немесе өршу сатысындағы басқа да туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері)Q80 - Q89
17-тарау. Жарақаттар, улану және сыртқы себептер әсерінің басқа да салдары
71Ауыстырып салынған ағзалар мен тіндердің өлуі және қабылданбауыТ86

Ескертпе: осы психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі – ПБЗ) тұтынумен байланысты психикалық, мінез құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі-ПМБ) бар адамдардағы медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі ПБЗ тұтынумен байланысты ПМБ бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардағы мәжбүрлеп емдеу бөлімшелеріне қолданылады.

Іздеу атаулары: №135 бұйрық, 135-бұйрық, приказ 135, жүз отыз бесінші бұйрық, 135 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.