Мақала
Бұйрықтар

№ 322 бұйрық (14.05.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 322 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
322
Қабылданған күні
14.05.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормалары

Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушыТ. Сұлтанғазиев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы _____________ № ______ бұйрығымен бекітілген

Республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарының заттай нормалары

Көлік құралының типіФункционалдық мақсатыЖұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны
Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасыЭпидемияға қарсы жасақБір станцияға
12345
1. Санитариялық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді)Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін21X
2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді)Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін21X
3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертханаШалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік2-ден артық емес
4. Су тасығышДалалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік2-ден артық емес
5. Өзі аударғышҚатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік2-ден артық емес
6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасындаДалалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік2-ден артық емес
7. Шағын автобусДала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік2-ден артық емес
8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті тракторТиеу-түсіру жұмыстары үшін1

Іздеу атаулары: №322 бұйрық, 322-бұйрық, приказ 322, үш жүз жиырма екінші бұйрық, 322 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.