Мақала
Бұйрықтар

№ 341 бұйрық (19.05.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №777 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 341 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
341
Қабылданған күні
19.05.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 9 қарашадағы №777 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрық мынадай редакцияда 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін бес жұмыс күннің ішінде:

1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.";

көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 24 сәуірдегі туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.".

2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министріА. Әлназарова

Іздеу атаулары: №341 бұйрық, 341-бұйрық, приказ 341, үш жүз қырық бірінші бұйрық, 341 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.