Мақала
Бұйрықтар

№ 15 бұйрық (16.01.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 15 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 22-НҚ бірлескен бұйрығы.

Бұйрық нөмірі
15
Қабылданған күні
16.01.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі
  4. Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтер тізбесі

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 42 )– 43 ) тармақшаларына және 7-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бірлескен бұйрықтың Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағында көрсетілген Комитет төрағаларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасыЖ. Дүйсембиев ____________
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық
бақылау комитетінің төрағасыБ. Жүсіпов _____________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 15 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 22-НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ Кодекстің 8-бабын , "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 42 ) – 43 ) тармақшаларын және 7-2-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы Қағидалар мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (бұдан әрі – Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл тәртібі

3. Мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл мемлекеттік кірістер органының цифрлық жүйесінен Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

4. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы келіп түскен электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы мемлекеттік кірістер органдарының Мәліметтерді ұсынуы үшін негіз болып табылады.

5. Мәліметтер Smart Bridge интеграциялық платформасы арқылы нақты уақыт режимінде немесе мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйесі сұрау салуды өңдеуіне қарай осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша ұсынылады.

Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетімен кедендік реттеу саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты құпия ақпараттарды ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл қағидаларына қосымша

Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелу процесімен байланысты кедендік құжаттардан алынған, құпия ақпаратты құрайтын мәліметтер тізбесі

1-бөлім. ДЗ мен МБ қауіпсіздігі мен сапасын бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:
1Тауарларға арналған декларацияны тіркеу күні
2Жөнелтуші/Экспорттаушы
3Алушы (жүк алушының (сатып алушының) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе))
4Шығарылған елі
5Межелі ел
631-бағанда "Тауардың сипаттамасы"
6.1ДЗ дозасын, шығарылу түрін, буып-түюін немесе орындалу нұсқасын, МБ типтік мөлшерін көрсете отырып тауардың атауы
6.2Өндіруші, өндіруші ел
6.3Серия нөмірі (Сериялық нөмір)
6.4МБ арналған артикул нөмірі (егер қолданылса)
6.5Партия саны (қаптамалар саны)
6.6Өлшем бірлігі (қаптама, дана, құты және т.б.)
744-бағанда "Қосымша ақпарат"
7.110051 коды – ДЗ немесе МБ тіркеу туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасының ДЗ мен МБ мемлекеттік тізіліміне немесе ЕАЭО бірыңғай тізіліміне сәйкес ДЗ немесе МБ тіркеу куәлігінің нөмірі)
7.204021 коды – Шот-фактура (инвойс нөмірі мен күні)
7.306016 коды – Тауардың шығарылған жері туралы декларация (тауардың шығарылған жері туралы ұсынылған сертификаттың нөмірі мен күні)
2-бөлім. Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті инвойстардан/шот-фактуралардан алынған мәліметтер тізбесі:
1Нөмірі және күні
2Толық ақпараты бар өнім берушінің атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе)
3Толық ақпараты бар сатып алушының атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе)
4Өткізу жүргізілген шарттың күні мен нөмірі
5Инкотермске сәйкес жеткізу шарты
6Есеп айырысу валютасы
7Тауардың толық атауын, сериясын, өлшем бірлігін, санын (көлемін), бір өлшем бірлігінің құнын, берілген жеңілдік мөлшерін, берілген жеңілдік сомасын, осы тауардың атауы бойынша жалпы соманы көрсететін кесте
3-бөлім. Мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын камералды бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті Импорт-40 ТД-дан мәліметтердің тізбесі:
1Нөмірі және күні
2Толық ақпараты бар өнім берушінің атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе)
3Толық ақпараты бар сатып алушының атауы (Сатушы – Компанияның (жөнелтушінің) атауы, оның мекенжайы (ел, қала, көше, үй, кеңсе)
4Инкотермске сәйкес жеткізу шарты
5Есеп айырысу валютасы
6Тауарлардың атаулары бойынша жүк орындарының сипаттамасы
7Тауардың бағасы
8Төлемдер бойынша олардың коды, сомасы, ерекшелігі көрсетілген ақпарат
931-бағанға сәйкес тауардың әрбір түріне тауардың атауы, дозасы, шығарылу түрі, ДЗ буып-түюі, өндірушісі, сериялық нөмірі, өлшем бірлігіндегі жалпы саны (жеткізу көлемі) көрсетілген тауардың сипаттамасы
1044-бағанға сәйкес ДЗ тіркеу туралы мәліметтерді (тіркеу куәлігінің нөмірі) (10051 коды), шарттардың, қосымша келісімдердің нөмірі мен күнін (03012 коды), әкелу жүргізілген инвойстың нөмірі мен күнін (04021 коды) көрсете отырып қосымша ақпарат.

Ескертпе:

* PDF бастапқы құжаттар форматында (инвойс/шот-фактура, Импорт-40 ТД), жүктеп ауға сілтемемен, әкелу жүргізілген, ерекшеліктері бар келісімшартты (қосымшаларымен бірге шарттар) қарау мүмкіндігі.

Аббревиатуралардың ашып жазу:

ДЗ – дәрілік заттар;

ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

МБ – медициналық бұйым

ТД – тауарларға арналған декларация.

Іздеу атаулары: №15 бұйрық, 15-бұйрық, приказ 15, он бесінші бұйрық, 15 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.