Мақала
Бұйрықтар

№ 14 бұйрық (18.02.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 18 ақпандағы № 14 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
14
Қабылданған күні
18.02.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі дәрілік заттардың саудалық атауына арналған шекті бағаларда :

реттік нөмірлері 66, 67, 68, 235, 346, 347, 377, 378, 571, 960, 962, 1086, 1087, 1444, 1473, 1565 және 1566-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 1688-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1688Нумета G13EДеректер жоқИнфузияға арналған эмульсия, 300 мл, №10B05BA10ҚР-ДЗ-5 №023536Контейнер43851,20

";

реттік нөмірі 1697-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1697НуТРИфлекс Липид спешиалДеректер жоқИнфузияға арналған эмульсия, 1875 мл, №5B05BA10ҚР-ДЗ-5 №019247пакет13571,00

";

реттік нөмірлері 1719, 1720, 1725, 1726, 1727, 1728, 1729, 1730, 1731, 1732, 1822 және 1823-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 1894-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

1894ПК-МерцАмантадинИнфузияға арналған ерітінді, 200 мг/500 мл, 500 мл, №2N04BB01ҚР-ДЗ-5 №014836құты6 643,49

";

реттік нөмірлері 2593, 2594 және 2687-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 2702-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

2702ХолоксанИфосфамидКөктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1 г, №1L01AA06ҚР-ДЗ-5 №017038Құты14 854,09

";

реттік нөмірлері 2825 және 2826-жолдар алып тасталсын;

реттік нөмірі 2873-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

2873Эрбитукс®ЦетуксимабИнфузияға арналған ерітінді, 5 мг/мл, 20 мл, №1L01FE01ҚР-ДЗ-5 №013421құты99 347,83

";

реттік нөмірі 2934 - жол мынадай редакцияда толықтырылсын:

"

2934ЦипронатинЦипрофлоксацинҮлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 750 мг, №14J01MA02ҚР-ДЗ-5 №025928таблетка122,76

".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"БЕКІТІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігі

Іздеу атаулары: №14 бұйрық, 14-бұйрық, приказ 14, он төртінші бұйрық, 14 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.