Мақала
Бұйрықтар

№ 90 бұйрық (10.08.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 10 тамыздағы № 90 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
90
Қабылданған күні
10.08.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24078 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың тізбесінде :

реттік нөмірі 318-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

318.H01AC01Соматропининъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 6 мгкартридж/ құты

";

реттік нөмірлері 1291–1293-жолдар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1307-1314-жолдармен толықтырылсын:

"

1307.L04AC05Устекинумабпсориаз және псориазды артрит ауруы бар пациенттерді емдеу үшін алдын ала толтырылған шприцтердегі инъекцияға арналған 45 мг/0,5 мл ерітінді (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі)шприц
1308.L04AC05УстекинумабКрон ауруы және ойық жара колиті ауруы бар пациенттерді емдеу үшін инъекцияға арналған ерітінді 90 мг/1 мл (препараттың әрбір бірлігімен қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі)шприц
1309.H01AC01Соматропининъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 10 мгкартридж/ құты
1310.H01AC01Соматропининъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 12 мгкартридж/ құты
1311.H01AC01Соматропининъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 15 мгкартридж/ құты
1312.H01AC01Соматропининъекцияға арналған ерітінді/ инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ 20 мгкартридж/ құты
1313.J07AL02Пневмококктық тазартылған полисахаридті конъюгацияланған антигенполисахаридті конъюгацияланған белсенділігі жойылған 20 валентті адсорбцияланған пневмококкты вакцина, бұлшықет ішіне енгізуге арналған cуспензия, 0,5 мл/дозашприц/ доза
1314.L01FX14Полатузумаб ведотининфузияға арналған ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 140 мг (препараттың әрбір 5 бірлігіне қосымша препараттың 1 бірлігі тегін беріледі)құты

".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

Іздеу атаулары: №90 бұйрық, 90-бұйрық, приказ 90, тоқсаныншы бұйрық, 90 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.