Мақала
Бұйрықтар

№ 98 бұйрық (28.08.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 cәуірдегі № 292 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 98 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
98
Қабылданған күні
28.08.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлiк құралдарының заттай нормалары

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 cәуірдегі № 292 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлік құралдарының заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

"Келісілді"

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2026 жылғы 28 тамыздағы № 98 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 292 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің көлiк құралдарының заттай нормалары

№ р/сФункционалдық мақсатыАвтокөліктің әрбір заңды тұлғаға заттай нормаларыАвтомобильдердің шекті саны
1Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық- профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізу үшін көлік құралдары*Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті1
2Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіҚызмет көрсетілетін халықтың әрбір 200 000 адамына 1, бірақ кемінде 1 бірлік
3Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті8
4Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
5Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
6Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
7Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
8Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
9Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
10Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
11Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
12Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
13Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Орал бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
14Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Маңғыстау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
15Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы4
16Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
17Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
18Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Шығыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
19Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Семей бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы1
20Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелеріҚызмет көрсетілетін халықтың әрбір 300 000 адамына 1 автомобиль, бірақ кемінде 1 бірлік.
21Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қалалық аумақтық бөлімшелеріҚызмет көрсетілетін халықтың әрбір 100 000 адамына 1 автомобиль, бірақ кемінде 1 бірлік.
22Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аудандық аумақтық бөлімшелері (қалаларда)Қызмет көрсетілетін халықтың әрбір 150 000 адамына 1 автомобиль, бірақ кемінде 1 бірлік.
23Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 24-28-жолдарда көрсетілген бөлімшелерді қоспағанда, аудандық аумақтық бөлімшелеріҚызмет көрсетілетін халықтың әрбір 40 000 адамына 1 автомобиль, бірақ кемінде 1 бірлік.
24Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
25Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарқаралы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
26Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Нұра аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
27Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2
28Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Жаңаарқа аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2

Ескертпе: * көлік құралы – мемлекеттік органдардың санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, тексерулерді жедел жүргізуде пайдаланылатын көлік құралы (қозғалтқыш көлемі 2400 текше сантиметрден аспауға тиіс).

Іздеу атаулары: №98 бұйрық, 98-бұйрық, приказ 98, тоқсан сегізінші бұйрық, 98 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.