Мақала
Бұйрықтар

№ 130 бұйрық (02.10.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қазандағы № 130 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
130
Қабылданған күні
02.10.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыТ. Султангазиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 2 қазандағы № 130 Бұйрыққа қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. "Клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 тіркелді).

2. "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5552 тіркелді).

3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 269 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8501 тіркелді).

4. "Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11405 тіркелді).

5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 және "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 660 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15670 тіркелді).

6. "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18780 тіркелді).

7. "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19208 тіркелді).

8. "Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № ҚР ДСМ - 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22752 тіркелді).

9. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 38 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32091 тіркелді).

10. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 86 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32583 тіркелді).

Іздеу атаулары: №130 бұйрық, 130-бұйрық, приказ 130, жүз отызыншы бұйрық, 130 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.