Мақала
Бұйрықтар

№ 144 бұйрық (19.03.2026): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
144
Қабылданған күні
19.03.2026
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 100 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) 2026 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,21 пайызы белгіленсін.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Әлназарова

Іздеу атаулары: №144 бұйрық, 144-бұйрық, приказ 144, жүз қырық төртінші бұйрық, 144 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.