Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
Медицина және дәріхана қызметкерлерінің қосымша демалысы туралы
Бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі 2000 жылғы 22 мамырдағы N 305 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 Бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 305
- Қабылданған күні
- 22.05.2000
- Актіні өзгерту күні
- 24.05.2010
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.24 № 377 Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес, медицина қызметкерлерінің сезімталдық және күрделі еңбегін ескере отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Денсаулық сақтаудың облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармаларының бастықтары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары:
жалпы демалысы 18 күнтізбелік күн ұзақтығы бар медицина және дәріхана
қызметкерлеріне, 12 күнтізбелік күн мөлшеріне қосымша демалыс белгіленсін;
осы бұйрықта көзделген медицина және дәріхана қызметкерлеріне жалпы
ұзақтығы 30 күнтізбелік күндік демалыс беру қамтамасыз етілсін;
қызметкерлердің қосымша демалысына ақы төлеу еңбекке ақы төлеудің
белгіленген қорының шегінде жүргізілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрайымның бірінші орынбасары
С.Е. Ыбраев жүктелсін.
| Төрайымның м.а. |
Іздеу атаулары: №305 бұйрық, 305-бұйрық, приказ 305, үш жүз бесінші бұйрық, 305 бұйрық скачать.