Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Қазақстан Республикасында жүктiлiктi тоқтатуды жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 905 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2024. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен
- Бұйрық нөмірі
- 905
- Қабылданған күні
- 30.09.2002
- Актіні өзгерту күні
- 12.12.2011
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Денсаулық сақтау жүйесiндегi қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 "Жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" бұйрығына (2002 жылғы 8 тамызда ресми газетте жарияланған 2001 жылғы 10 тамыздағы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiндегi мемлекеттiк тiркеуi N 1620; "Қазақстан Республикасында жүктiлiктi тоқтатуды жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шілдедегi N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2002 жылғы 13 мамырдағы N 481 бұйрығының мемлекеттiк тiркеуi N 1884) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң Ережесiнде: 8-тармақта "028/y есепке алу үлгiсiн пайдалана oтырып" сөздерi алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Емдеу-алдын алу iсi департаментiнiң директоры Халел Сағынға жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Іздеу атаулары: №905 бұйрық, 905-бұйрық, приказ 905, тоғыз жүз бесінші бұйрық, 905 бұйрық скачать.