Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгінің 2000 жылғы 14 шілдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетілетін медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы" бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 12 мамырдағы N 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2282. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен
- Бұйрық нөмірі
- 367
- Қабылданған күні
- 12.05.2003
- Актіні өзгерту күні
- 12.12.2011
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2003 жылғы 18 сәуiрдегi N 7-9-1851-03 қарсылық бiлдiруiне байланысты бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетiлетiн медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кепiлдендiрілген тегін медициналық көмек көрсету сапасын талдау және бағалау Ережесiнде: 9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген дәрiгер-сараптаушының қызметiн ұйымдастыру Ережесiне: 4-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн. 3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен сәтінен бастап күшiне енедi.
Министр
Іздеу атаулары: №367 бұйрық, 367-бұйрық, приказ 367, үш жүз алпыс жетінші бұйрық, 367 бұйрық скачать.