Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтардың мәтіндерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (аннотация - қосымша бет) бекіту туралы және "Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған тұтыну орамы мен нұсқаулықты (аннотация-қосымша) ресімдеу, таңбалау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 756 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1346 мемлекеттік тіркелген) өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2722. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 634 бұйрығымен
- Бұйрық нөмірі
- 160
- Қабылданған күні
- 17.02.2004
- Актіні өзгерту күні
- 02.11.2009
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.02 N 634 бұйрығымен .
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат етілген өткізілетін және тағайындалатын дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы толық ақпаратты ұсыну мақсатында бұйырамын:
1. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.26. N 697 Бұйрығымен.
2. "Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған тұтыну орамы мен нұсқаулықты (аннотация-қосымша) ресімдеу, таңбалау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 756 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1346 мемлекеттік тіркелген, "Фармация Казахстана" журналында 2001 жылғы 1 сәуірде N 1 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қоса беріліп отырған Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесі бекітілсін.";
2-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Бердімұратова Г.Д.) дәрілік заттарды тіркеу жөніндегі сараптау жұмыстарын жүргізу кезінде осы бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесін басшылыққа алсын";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың мәтіндерін әзірлеу ережесінде (аннотация - қосымша бет): бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесі";
2-тармақта: бірінші абзацтағы "және тұтынушыға арналған нұсқаулықтар (аннотация - қосымша бет)" деген сөздер алынып тасталсын; 3) тармақша алынып тасталсын;
4-тарау алынып тасталсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Айдархановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 160 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтардың мәтіндерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (аннотация-қосымша бет)
Ескерту. Нұсқаулықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.26. N 697 Бұйрығымен.
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтың (аннотация- қосымша бет) мәтінін әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 200__ жылғы "__" _________ N ____ бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі тұтынушыларға арналған нұсқаулық (аннотация-қосымша бет)
НҰСҚАУЛЫҚ МӘТІНІ
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтың (аннотация- қосымша бет) мәтінін әзірлеу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 200 __ жылғы "__" _________ N ____ бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулық
НҰСҚАУЛЫҚ МӘТІНІ
Іздеу атаулары: №160 бұйрық, 160-бұйрық, приказ 160, жүз алпысыншы бұйрық, 160 бұйрық скачать.