Мақала
Бұйрықтар

№ 359 бұйрық (14.07.2005): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 359 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3805. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
359
Қабылданған күні
14.07.2005
Актіні өзгерту күні
30.06.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. Жер учаскесі мен территорияларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  4. 3. Ғимараттар мен бөлмелерді жоспарлап орналастыруға және әрлеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  5. 4. Бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, жарықтандыруға, желдетуге, жылуға, канализация жүйесіне, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  6. 5. Тағамдық блок пен буфеттік бөлімшелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен .

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін: "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар". 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

"Бекітілген" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің м.а 2005 жылғы 14 шілдедегі N 359 бұйрығымен

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"

1. Жалпы ережелер

1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ережелер) жекеменшік түріне қарамастан, ауылдық елді мекендерде медициналық тәжірибелер жүргізумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда жер учаскесі мен территорияларына, ғимараттар мен бөлмелерді жоспарлап орналастыруға және әрлеуге, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, канализация жүйесіне, жылуға, желдетуге, жарықтандыруға, бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, тағамдық блок пен буфеттік бөлімшелерге қойылатын талаптар көрсетілген.

3. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды: 1) ауылдық учаскелік аурухана "АУА" - стационарлық медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұжымы; 2) ауылдық дәрігерлік амбулатория "АДА" - өз қызметі шегінде аурушаңдықты, ерте анықталған ауруларды ескерту және төмендету жөніндегі кеңейтілген алдын-алу іс-шараларын өткізуді; науқастарды ерте анықтауды; дені саулар мен науқастарды диспансерлеуді; халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырушы емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады; 3) фельдшерлік пункт "ФП" - белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін, ауылдық елді мекендерде амбулаториялық-емханалық бөлімше болып табылады; 4) фельдшерлік-акушерлік пункт "ФАП" - белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның немесе ауылдық учаскелік аурухананың амбулаториялық-емханалық бөлімшесі болып табылады.

2. Жер учаскесі мен территорияларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

4. АУА, АДА, ФАП және ФП (бұдан әрі - медициналық ұйымдардың ғимараттары) орналасатын жер учаскелері құрылыс нормасы мен ережелерінің талаптарына (бұдан әрі - ҚНмЕ) міндетті түрде жауап беруі керек.

5. Бұрын қоқыс жинау орыны болған ассенизация алаңына, мал өлекселерін көмген және зират болған, сондай-ақ, топырақтың химиялық, органикалық ластану бар жерлерге емханалық мекемелерді салуға тыйым салынады.

6. Мекемелердің құрылыс территориясы ҚНмЕ талаптарына жауап беру қажет. Аурухана ауласына тұрғын үйлер орналастыруға, сондай-ақ ауруханаға қатысы жоқ құрылыстар жүргізуге рұқсат етілмейді.

7. Ғимаратқа көліктің өту жолдарын қарастыру керек.

8. АДА территориясында: негізгі корпустар мен шаруашылық, бау-бақшалық аймақтар болады. Балаларға арналған бөлімшенің кіре берісінде нәрестелердің коляскаларын қоюға арналған үсті жабық алаң қарастырылады.

9. Аурухана ауласы келесі аймақтарға бөлінуі қажет: емханалар, стационарлар, шаруашылық ұжымы, инженерлік құрылымдар мен саябақтар, денешынықтырумен айналысуға арналып жабдықталған алаңдар. Инфекциялық бөлімшелер (корпустар) территориясы "таза" және "кір" алаңдарға бөлініп, бір-бірімен арнайы жолдармен бөлектелінеді. "Кір" аймақтан шығар кезде көліктерге дезинфекция жүргізілетін жабық арнайы жабдықталған алаң болады.

10. ФАП мен ФП территорияларында мынадай аймақтар болуы тиіс: негізгі корпус, бау-бақша паркі, шаруашылық.

11. Ауланы жинастыру күнделікті жүргізілу қажет. Қоқыстар мен шаруашылық қалдықтар арнайы полиэтиленді қапшықтармен шабдықталған қоқыс жинағыштарға салынады. Емдеу мекемелерінде қоқыстар мен шаруашылық қалдықтарды жинау нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2774 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" N 262 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек. см. V085264

12. Қоқыс жинағыштардың қақпақтары болуы қажет және арнайы асфальттанған немесе бетондалған, дезинфекция жүргізуге қолайлы, алаңдарда орналастырылуы керек. Қоқыс жинағыш алаңдар қоршалынады. Палаталық алаңдар мен қоқыс жинағыш алаңдардың ара қашықтығы 25 метрден (бұдан әрі - м) кем болмау тиіс.

13. Мекеме ауласындағы қоқыстар жинауға (әрбір 50 м. сайын) арнайы урналар қойылып, олар күнделікті қоқыстан тазалануы керек. Мекеме ауласы күнделікті жинастырылуы қажет.

3. Ғимараттар мен бөлмелерді жоспарлап орналастыруға және әрлеуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

14. Медициналық ұйымдардың ғимараттары жеке ғимараттарда орналастырылуы керек. АДА АУА-ның құрамына кіруі мүмкін, бірақ кіру есігі жеке болуы қажет. Ғимараттардың архитектуралық жоспары мен конструктивтік шешімі және аурухана бөлімдері, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға және науқастар мен қызметкерлердің еңбек пен демалысына қолайлы жағдай туғызу қажет. Ғимараттарға жеке кіру есігінен басқа мүгедектер арбасына арналған пандус, сонымен қатар балалардың шанасы мен арбаларын сақтауға арналған, жабдықталған орын болуы керек.

15. Негізгі және көмекші бөлмелердің құрамы мен көлемі ҚНмЕ талаптарына жауап беруі керек. АДА балалар бөліміне жеке кіретін есігі, гардеробы мен вестибюлі, үлкендердің бөлімшелерінен бөлек болады.

16. Палаталық секциялардың коридорларында және басқа бөлмелерде, ауруханалық жатақ орындарды науқастармен орналастыруға ұрықсат етілмейді.

17. Функционалдық қолданылуына қарай ішкі бөлмелерді Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат берілген материалдармен өңдейді.

18. Ішкі бөлмелердің ауа алмасуына және өңдеуге Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат берілген материалдар қолданылады.

19. Ауруханадағы барлық технологиялық, санитарлық-техникалық, инженерлік және басқа жабдықтар мен жиһаздар, инвентарлар жұмыс қалпында болуы керек. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2524 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы" N 677 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек.

4. Бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, жарықтандыруға, желдетуге, жылуға, канализация жүйесіне, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

20. Егер де тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған су жүйесі болмаса, онда электрлік жылытатын құралдарды қолдана отырып қазба жолмен алынған жергілікті суды қолдана алады.

21. Жергілікті канализация жүйесіне жиналған лас сулармен қоқыстар өз уақытында тазаланып отырылуға тиіс.

22. Аурухана қызметкерлері қызмет көрсететін санитарлық тұрмыстық бөлмелер ҚНмЕ талаптарына сай жабдықталуы тиіс.

23. Барлық бөлмелер, медициналық жабдықтар таза күйінде болуы қажет. Бөлмелерді ылғалды жинау, ауасын залалсыздандыру күнделікті жүргізіледі. Жинайтын инвентарлар маркировкаланып, қатаң түрде талапқа сай қолданылып тиісті бөлмеде сақталуы қажет. Бөлмені жинауда Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат етілген дезинфекциялы заттар қолданылады.

24. Ауаны залалсыздандыру үшін мыналар қолданылады: 1) экрансыз қозғалмалы бактериоциттік шам, есеп бойынша бөлменің 1 текше метр (бұдан әрі- м 3 ) көлемі 2,0-2,5 ватт (бұдан әрі - вт) күшке сәйкес қойылады; 2) экрандық бактериоциттік шам есеп бойынша бөлменің 1 м 3 -на 1,0 вт күші, еденнен 1,8-2,0 м сәйкес қойылуы қажет. Шамның жұмысының есебі арнайы журналға тіркеледі.

25. Шам сөндіргіші бөлменің кіре берісінде орналасуы керек. Қызметкерлерге бөлмеге кіру бактериоциттік лампа сөнгеннен кейін 30 минөт өткеннен соң, бөлмені желдеткеннен кейін, рұқсат етіледі.

26. Медициналық және де басқада жабдықтар мен инвентарларды залалсыздандыру және зарарсыздандыру жүргізілуі керек.

27. Науқастардың төсек-орыны аптасына 1 рет алмастырылуы керек. Босанатын әйелдердің төсек-орны әрбір 3 күнде алмастырылады. Сүлгі және астарына қоятын салфеткалар қажеттіліктеріне қарай беріледі. Босану блогында стерильденген төсек-орын қолданылады.

28. Науқастардың кір төсек-орындары полиэтиленді қаптарда немесе төсек орын жинауға жабдықталған арбада жинақталады. Кір төсек-орындарды бөлімдерде сұрыптауға болмайды. Кір төсек орындарды бөлімдерде уақытша сақтау (12 сағатқа дейін) санитарлық бөлмелерде немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген бөлмелерде жабық ыдыстарда жүргізіледі. Кір төсек-орынмен жұмыс істейтін жұмыскерлер арнайы санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс (халат, қолғап, маска).

29. Таза төсек орындар арнайы бөлінген бөлмелерде сақталады. Бөлімшелерде 1 күнге керекті төсек-орын осы мақсатқа арнайы бөлінген шкафтарда сақталады. Төсек-орын мен ыдыстар маркаланған болуы керек.

30. Аурухана төсек-орындары ауруханадағы кір жуатын жерлерде жуылуы тиіс. Жууға төсек-орынның барлық түрі жіберіледі. Аурухана төсек орындары араласып кетпеуі үшін арнайы технологиялық жабдықтар болуы керек. Инфекциялық бөлімдердің төсек орындары залалсыздандырылғаннан кейін жууға жіберілінеді.

31. Таза және лас төсек орындар кір жуғышқа қатты матамен оралып немесе жабық контейнерде арнайы бөлінген транспортпен әкелінуі керек. Ыдыстар тасымалдау кезінде еш дефектісіз және сыртына "таза" және "лас" деп жазылуы қажет.

32. Науқас адамдар ауруханадан шыққанда, өлгенде ластанған матрастар, жастықтар, көрпелер ауыстырылып, одан кейін дезинфекциялық камераларда залалсыздандырылуы тиіс.

33. Стационарға түскен науқас адам қабылдау бөлімінде стационарлық өңдеуден өтеді. Стационарлық өңдеуден өткен науқасқа ішкиім, аяқ киім беріледі. Науқастардың жеке киімі мен аяқ киімдері ілгіші бар арнайы ыдыстарда немесе шығарып салушы адамға сақтауға беріледі. Науқастар мен екі қабат әйелдерге стационарда үй киімімен жүруге рұқсат беріледі. Науқастарды гигиеналық жуу аптасына 1 рет жүргізіледі.

34. Аурухананың медицина қызметкерлеріне арнайы ауыстыратын киімдер берілуі қажет: халат, бас киімі, байлам, ауыстыратын аяқ киімдер күнделікті ауыстырылып отырылады. Оларды сақтауға арналған шкафтар болады. Санитарлық киімдер науқас адамның киімінен бөлек жуылады. Медицина қызметкерлері мекемеден тыс жерлерде халатпен жүруге ұрықсат етілмейді.

5. Тағамдық блок пен буфеттік бөлімшелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

35. Тағамды блок жеке тұрған ғимаратта орналасады.

36. Тағамдық блокпен буфеттік бөлімшелерді ұстау және пайдалану, тағам өнімдерін тарату нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" N 569 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек.

37. Меню-раскладканы құрған кезде тамақтану нормасы мен режиміне сәйкес болуы тиіс. Науқас тағамы әр түрлі және емдеу көрсеткішіне, яғни химиялық құрамы, энергиялық бағалылығы, тамақтану режимі, азық-түліктің құрамы ескерілуі керек. Меню құрған кезде азық-түліктердің ауыз суына байланысты химиялық құрамы мен калориялық диеталары есептелінеді.

38. Тағамдық блокта әрдайым күнделікті тағайындалған тағамның сынамасы қалып отыруы керек.

39. Буфеттен аурухана бөлімдеріне дайын тағамдарды жеткізу үшін термос, тележка және тығыз жабылатын ыдыстар қолданылады. Тағамдық блоктан, буфеттік бөлімдерден, дайын тағамдармен азық-түліктерді эмалі кеткен ыдыстармен (шелек, кастрөл) тасымалдауға рұқсат етілмейді.

40. Тағамдық блокта залалсыздандыратын, жуатын заттарды сақтайтын арнайы бөлме болуы керек. Тазалайтын инвентарлар маркировкаланып, жуатын және залалсыздандыратын заттар маркировкаланған ыдыстарда сақталу керек.

41. Киімдерді тағамдық блоктарда жууға рұқсат етілмейді.

42. Буфет бөлімінде екі арнайы бөлме қарастырылады, 9 шаршы метрден (бұдан әрі - м 2 ) кем емес және ыдыстар жуатын бөлме үш көзді ваннасымен 6 м 2 кем емес.

43. Дайын болған тағамды ауруларға тамақ дайындалғаннан кейінгі екі сағаттың ішінде таратуы керек. Тағамның таратылуына кіші қызметкер жіберілмейді.

44. Жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді бөлімдерде сақтауға болмайды.

45. Мекеме бөлмелерінде шыбын шіркейлер мен кеміргіштер болмауы тиіс. Мекемелерге залалсыздандыру және дератизация шараларын жүргізу лицензиясы бар мекемелерге жүктеледі.

46. Медицина және тағам блогындағы қызметкерлер нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Өндірістік зиянды, қауіпті және қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті түрде жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өту керектігі туралы нұсқау мен өндірістік зиянды факторлардың және кәсіптердің тізімін бекіту туралы" N 243 бұйрығына сай алдын ала және кезеңді медициналық тексерістерден өтуі тиіс.

"Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға 1 қосымша

Аурухана бөлмелеріне санитарлы-гигиеналық бақылау

NБөлімдерАнықтайтын көрсеткіштер
Микро- климат, ауа айна- лымы мен жарық- тандырузиянды химиялық заттар
көмір қышқыл газыто- тығуанти- био- тиктерсы- напозон
1Стерилизация+++--+
2Палата бөлім- дері (палаталар, процедурныйлар)-++--+
3Химико-диаг- ностикалық лабораториялар++---+
4Рентген кабинеті+----+
5Функционалды диагностикалық бөлім+++--+
6Физиотерапевтік кабинет+++-++

кестенің жалғасы

NБөлімдерАнықтайтын көрсеткіштер
зиянды химиялық заттар
азот қыш- қылышаңкөмір тоты- ғықор- ға- сынаммиаккү- кіртмер- кап- тан- дарқыш- қыл- дар мен не- гіз- дер- дің ор- гани- ка- лық ері- тін- ді- лері
1Стери- лизация+-------
2Палата бөлім- дері (пала- талар, процеду- рныйлар)+---+---
3Химико- диаг- ности- калық лабора- ториялар+-+-+--+
4Рентген кабинеті+--+----
5Функци- оналды диагнос- тикалық бөлім+-------
6Физиоте- рапевтік кабинет+----+--

"Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға 2 қосымша

ФАП негізгі бөлмелері мен көлемінің минимальді жиынтығы 1 кесте

Бөлмелердің аттарыКөлемі/м 2
Стационарсыз
1. Күту вестибюлі16
2. Фельдшер кабинеті14
3. Акушер кабинеті18
4. Патронаж жүргізетін медбике кабинеті12
5. Таңу-процедуралық кабинет18
6. Науқастардың уақытша болатын бөлмесі8
7. БЦЖ - егетін және сақтайтын бөлме8
8. Шлюзі және санитарлық желісі бар изолятор16
9. Жедел босандыруға арналған бөлме24
10. Жаңа босанған әйелдердің уақытша болатын бөлмесі12
11. Жаңа туған нәрестені жууға арналған және санитарлық желісі бар босану бөлмесі30
12. Стерилизация бөлмесі10
13. Медициналық аспаптарды бөлшектеп жуатын бөлме4
14. Бөлмелері: жууға арналған бұйымдарды сақтайтын кір киімдерді уақытша сақтау дезинфекциялық дәрілерді сақтау2 2 2
15. Дәрі-дәрмектерді, мед.аспаптарды және таңу материалдарын сақтау қоймасы6
16. Электр жарығымен емдеу бөлмесі12
17. Жуухана бөлмесі12
18. Қызметкерлер бөлмесі8
19. Таза киімдер қоймасы2
20. Әжетхана3

ФП негізгі бөлмелері мен көлемінің минимальді жиынтығы

2 кесте

Бөлмелердің аттарыКөлемі/м 2
Стационарсыз
1. Күту вестибюлі16
2. Фельдшер кабинеті14
3. Таңу-процедуралық кабинет18
4. Науқастардың уақытша болатын бөлмесі8
5. БЦЖ - егетін және сақтайтын бөлме8
6. Шлюзі және санитарлық желісі бар изолятор16
7. Стерилизация бөлмесі10
8. Медициналық аспаптарды бөлшектеп жуатын бөлме4
9. Бөлмелері: 10. жууға арналған бұйымдар сақтайтын 11. кір киімдерді уақытша сақтау 12. дезинфекциялық дәрілерді сақтау2 2 2
13. Дәрі-дәрмектерді, мед.аспаптарды және таңу материалдарын сақтау қоймасы6
14. Қызметкерлер бөлмесі8
15. Таза киімдер қоймасы2
16. Әжетхана3

АДА-ның негізгі бөлмелері мен көлемінің минимальды жиынтығы

3 кесте

Бөлмелердің аталуым 2Ескертпе
ЖАЛПЫ БӨЛМЕЛЕР 1. Келушілерге арналған вестибюль-гардероб101 келушіге 0,2 м 2
2. Келушілерге арналған дәретхана4х2ер адамға арналған дәретханада 15 адамға 1 орын және 10 әйел адамдарға
ЕМДІК-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕЛЕР 3.Терапия бөлімшесі: 3.1 Терпевт кабинеті 3.2 Бұлшық етке жасалатын инъекцияларға арналған процедуралық бөлме 3.3 Көк тамырлық құюларға арналған процедуралық бөлме 3.4 Күту бөлмесі 3.5 Изолятор12,0 10,0 10,0 10,0 10,0 10,0
4. Балалар бөлімшесі 4.1 Науқастарға келушілерге арналған вестибюль-гардероб 4.2 Балаларды қабылдайтын фильтр-бокс 4.3 Дәрігер-педиатр бөлмесі 4.4 Егу бөлмесі 4.5 Процедуралық бөлме 4.6 Кеуде жасындағы балаларға арналған массаж бөлмесі 4.7 Дені сау балалар бөлмесі 4.8 Кеуде сүтін жинау және оны өңдеу бөлмесі 4.9 Жинағанда қолданылатын заттарды қоятын бөлме 4.10 Келушілерге арналған дәретханалар 4.11 Күту бөлмесі 4.12 Изолятор10,0 10,0 12,0 10,0 8,0 8,0 8,0 8,0 10,0 4х2 10,0 10,0
5. Хирургиялық бөлімше 5.1 Хирург кабинеті 5.2 Таза дәке таңу бөлмесі 5.3 Іріңді дәке таңу бөлмесі 5.4 Гипсті сақтайтын бөлме 5.5 Күту бөлмесі 5.6 Дәрігер-кеңесші бөлмесі (отоларинголог және офтальмолог жұмысы үшін)12,0 10,0 10,0 8,0 10,0 12,0
6. Акушер-гинекологиялық бөлімшесі 6.1 Акушер-гинеколог кабинеті (шлюзбен) 6.2 Гинекологиялық креслосы бар ем қабылдау бөлмесі 6.3 Жүкті әйелдердің босануға психо-профилактикалық дайындау бөлмесі 6.4 Келушілердің жеке гигиенасына арналған бөлмесі 6.5 Күту бөлмесі12,0 10,0 10,0 8,0 10,0
7. Стоматология бөлімшесі 7.1. Стоматолог-хирург бөлмесі 7.2. Стоматолог-терапевт бөлмесі 7.3 Амальгаманы дайындау және материалдарды стерилизациялауға арналған бөлме 7.4 Күту бөлмесі12,0 12,0 10,0 10,0
8. Бөлімше (физиотерапия, массаж, емдік физкультура, механотерапия кабинеттері)8,0 х4
9. Диагностикалық бөлімшелер 9.1 Клиника-диагностикалық лаборатория 9.2 Функционалдық диагностика бөлімшесі 9.3 Рентген бөлмесі15,0 10,0 24,0
10. Орталық стерилизация бөлімшесі
10. Қызметтік және тұрмыс бөлмелері 10.1 Бас дәрігер бөлмесі 10.2 Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі 10.3 Шаруашылық бөлмесі 10.4 Канцелярия, бухгалтерия, касса 10.5 Қызметкерлерге сабақ беруге арналған бөлме 10.6 Медициналық мұрағат 10.7 Құрал жабдық бөлмесі 10.8 Төсек-орын бөлмесі 10.9 Кір төсек орынға арналған бөлме 10.10 Қызметкерлердің сыртқы киіміне арналған гардероб, душы бар 10.11 Қызметкерлердің жұмыс және үй киімі үшін арналған гардероб 10.12 Қоғамдық ұйым бөлмесі 10.13 Қызметкерлер дәретханасы 10.14 Құрал-жабдықтар қоймасы 10.15 Жинауға арналған заттар қоймасы 10.16 Қызметкерлер бөлмесі8,0 10,0 10,0 20,0 8,0 8,0 8,0 8,0 12,0 12,0 12,04,0 8,0 8,0 12,0Ерлер дә- ретхана- сында 15 адамға 1 орын, әйел- дерде 10 адамға 1 орын

"Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға 3 қосымша

Жылу сезонында ФАП мен ФП бөлмелеріндегі оптимальды ауа температурасы

БөлмелерАуа t C
Әкімшілік, фельдшер, акушер және патронаж медбике кабинеттері20
Процедуралық, таңатын кабинеттер22
Дәретхана, жуынатын бөлме20
Күту-вестибюль, науқастар уақытша болатын бөлмелері18
Кір киімдерді, дезинфекциялық заттарды сақтайтын бөлме16

"Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға 4 қосымша

Фельдшерлік-акушерлік пункттің жабдықталуы

1 кесте

NАталуыСаны
1Гинекологиялық кресло1
2Бактерицидті сәулелендіру1
3Электрлік стерилизатор2
4Кептіргіш шкаф (залалсыздандырғыш)1
5Дезинфекциялық ерітіндіні дайындауға арналған құралдар (натрий гипохлориді)1
6Бүйрек тәріздес легендер5
7Дистиллятор1
8Бикстер (контейнерлер)2
9Тоңазытқыш1
10Мұздатылған тізбекке арналған контейнерлер (вакциналарды сақтауға және тасымалдауға арналған)1
11Фельдшерлік чемодан1
12Ересектерге арналған еден таразысы1
13Жаңа туған нәрестелерге арналған таразы1
14Ересектерге және балаларға арналған бой өлшегіш1+2
15Өлшеуіш лентасы2
16Балаларға арналған фонендоскопты тонометр2
17Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр2
18Бөксе өлшегіш1
19Акушерлік стетоскоп2
20Сүтсорғыш2
21Медициналық термометр5
22Асқазан зондтарының жиынтығы, соның ішінде балаларға арналған2
23Жылытпалы жарықтағыш2
24Клизмалар (әр өлшемді)3
25Резиналық жылытқыш2
26Автоматты түрде бекітілетін тамырға арналған жгут12
27Мұзға арналған құты2
28Металды шпатель20
29Автоматты түрде бекітілетін тамырға арналған жгут4
30Тамыр ішіне құюға арналған штатив2
31Сымдардан жасалған шиналар5
32Тасымалдауға арналған шиналар2
33Газ шығарғыш трубкалар жинағы, соның ішінде балаларға арналған10
34Амбу қапшығы2
35Балаларға және ересектерге арналған тіл ұстағыш2
36Эсмарх кружкасы1
37Ауыз ашқыш1
38Корнцанг жиынтығы1
39Резеңкелі-маталық оттегілік жастығы1
40Булы ингалятор2
41Екі жақты қынап айнасы (комплект)3
42Бір жақты қынап айнасы (комплект)2
43Қынапты ашатын айна (комплект)2
44Қабақ көтергіш1
45Конус тәріздес воронка1
46Құлақ воронкасы2
47Құм сағат (жиынтық)1
48Қан элементтерін санайтын Горяева камерасы1
49Зәрдегі глюкозаны анықтауға арналған глюкотест1
50Гемоглобинометр1
51Партотивті "Соллюкс" лампасы1
52Бір линзалы қарапайым лупа1
53Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтайтын құрал1
54Тырнаққа арналған қайшы2
55Гипсті байламдарды қиюға арналған қайшы1
56Жалпы хирургиялық қайшы (әр түрлі)4
57Жалпыға арналған анатомиялық пинцет 200х2,55
58Жалпыға арналған хирургиялық пинцет 150х2,53
59Скальпель3
60Патронажды медбикенің жинағы1
61Туберкулез сынағына арналған жиынтық1
62Кушетка1
63Орауға арналған стол1

Фельдшерлік пунктін жабдықтау

2 кесте

NАталуыСаны
1Бактерицидті сәулелендіру1
2Электрлік стерилизатор2
3Кептіргіш шкаф (залалсыздандырғыш)1
4Дезинфекциялық ерітіндіні дайындауға арналған прибор (натрий гипохлориді)1
5Бүйрек тәріздес леген5
6Дистиллятор1
7Бикстер (контейнерлер)2
8Тоңазытқыш1
9Мұздатылған тізбекке арналған контейнерлер (вакциналарды сақтауға және тасымалдауға арналған)1
10Фельдшер чемодан1
11Ересектерге арналған еден таразысы1+1
12Жаңа туған нәрестелерге арналған таразы1
13Ересектерге және балаларға арналған бой өлшегіш1+1
14Өлшеуіш лентасы2
15Балаларға арналған фонендоскопты тонометр1
16Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр1
17Бөксе өлшегіш1
18Сүтсорғыш2
19Медициналық термометр5
20Асқазан зондтарының жиынтығы, соның ішінде балаларға арналған1
21Ауыспалы светильник1
22Клизмалар (әр түрлі размерлі)2
23Резеңке грелка2
24Автоматты реттелетін тамырға арналған жгут12
25Мұзға арналған құты2
26Металды шпатель10
27Тамыр ішіне құюға арналған штатив2
28Темір сымдардан жасалған шиналар5
29Транспорттық шиналар2
30Газ шығарғыш трубкалар жиыны, соның ішінде балаларға арналған10
31Амбу қапшығы2
32Балаларға және ересектерге арналған тіл ұстағыш1+1
33Эсмарх кружкасы1
34Ауыз ашқыш1
35Клизма жасайтын груша (әр түрлі размердегі комплект)3
36Корнцанг жиынтығы1
37резеңкелі-маталы ауасы бар жастық1
38Булы ингалятор1
39Бір рет қолданылатын шприцтер жиынтығы (керегінше)
40Салмақ көтергіш1
41Қарапайым конус тәріздес воронка1
42Құлақ воронкасы2
43Құм сағат (жиынтық)1
44Қан элементтерін санайтын Горяева камерасы1
45Зәрдегі глюкозаны анықтауға арналған глюкотест1
46Гемоглобинометр1
47Партотивті "Соллюкс" лампасы1
48Бір линзалы қарапайым лупа1
49Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтайтын прибор1
50Тырнаққа арналған қайшы2
51Гипсті байламдарды қиюға арналған қайшы1
52Жалпы хирургиялық қайшы (әр түрлі)4
53Жалпыға арналған анатомиялық пинцет 200х2,55
54Скальпель3
55Патронажды медбикелер жиынтығы1
56Туберкулез сынағына арналған жиынтық1
57Кушетка1
58Орауға арналған стол1

АДА-ның жабдықталуы

3 кесте

NАталуыСаны
1Гинекологиялық кресло1
2Бактерицидті сәулелендіру3
3Электрлік стерилизатор, кіші автоклав3 (1)
4Дистильдегіш1
5Кептіргіш шкаф (залалсыздандырғыш)1
6Дезинфекциялық ерітіндіні дайындауға арналған құралдар (натрий гипохлориді)1
7Дез ерітіндіге және ветошқа арналған контейнерлер5
8Бүйрек тәріздес леген10
9Бикстер (контейнерлер)5
10Медикаменттерді сақтауға арналған сейф1
11АДБ дәрігерінің чемоданы1
12Ересектерге арналған еден таразысы1
13Жаңа туған нәрестелерге арналған таразы1
14Ересектерге және балаларға арналған бой өлшегіш1+2
15Қолдық динамометр1
16Өлшеуіш лентасы3
17Балаларға арналған фонендоскопты тонометр4
18Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр4
19Бөксе өлшегіш1
20Акушерлік стетоскоп3
21Сүтсорғыш3
22Медициналық термометр5
23Бөлмелік термометр2
24Негатоскоп1
25Электрлі-вакумды аспиратор (сорғыш)1
26Ауыспалы шам4
27Клизмалар (әр түрлі размерлі)5
28Эсмарх кружкасы2
29Асқазан зондтарының жиынтығы, соның ішінде балаларға арналған3
30Резиналық жылытқыш2
31Амбу қапшығы2
32Ауалы жастық2
33Қолмен тыныс алдыру аппараты1
34Медициналық тасығыштар (зембілдер)2
35Газ шығарғыш трубкалар жиыны, соның ішінде балаларға арналған2
36Мұзға арналған құты2
37Бір рет қолдануға арналған (катетерлер) жиынтық медициналық түтік12
38Темір сымдардан жасалған шиналар5
39Жане шприці2
40Металдық қалақша20
41Автоматты реттелетін тамырға арналған жгут12
42Тамыр ішіне құюға арналған штатив2
43Қолайлы ЭКГ аппараты1
44Дефибриллятор1
45Пикфлуометр5
46Ультрадыбысты инголятор АИ-1 немесе небулайзер типті2
47Отоскоп2
48Офтальмаскоп2
49Ересектерге және балаларға арналған жарықтатқыш көмегімен көз өткірлігін анықтайтын кесте2/2
50Маклаковтың танометрі (көз ішілік қысымды анықтау үшін)1
51Маңдай рефлекторы (Симоновтың)3
52Тамақты тексеруге арналған жарық-карандаш3
53Неврологиялық балға3
54Амбулаторлық көмек көрсетуге арналған кіші хирургиялық заттар жиынтығы1
55Тразеотомиялық жиынтық1
56Интубацияға арналған жиынтық1
57Парцентезге арналған жиынтық1
58Тууды қабылдауға арналған жиынтық1
59Жатыр ішілік спиральді енгізуге арналған жиынтық1
60Офтальмологиялық жиынтық1
61Оториноларингологиялық жиынтық1
62Дәрі-дәрмекті сақтауға арналған тоңазытқыш2
63Кушетка1
64Орауға арналған үстел1

Іздеу атаулары: №359 бұйрық, 359-бұйрық, приказ 359, үш жүз елу тоғызыншы бұйрық, 359 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.