Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздың N 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 41 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4547 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 26.01.2007
- Актіні өзгерту күні
- 23.07.2010
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.07.23 № 533 Бұйрығымен.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3076 болып тіркелген Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 ж. N 13. 223-құжат, 2005 жылғы 14 қазандағы N 126-127(751) жарияланған "Заң газетінде") мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларында: 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:«
| "596-1 | Винил-н бутилді эфир(н- бутокси -этилен ) | 111- 34-2 | CH 2 CH(CH 2 ) 3 CH 3 | 0,3 | 0,15 | Рез. | 3 |
| 596-2 | Винил -изо- бутилді эфир (винил- окси-1- метил-2 -пропан) | CH 2 CHOCH 2 CH (CH 3 ) 2 | 0,3 | 0,15 | Рез. | 3 | |
| 596-3 | Қазақ. стан көмір күлінің шаңы | 0,3 | 0,1 | Есеп. | ;" |
2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
| "1498 | Ильменитеттің шоғырлануы (аэрозоль) | TiO 2 (51,2-64,7%), FeO (19,6-35,2), SiO 2 (1,5-2,0%), AI 2 O 3 (0,38-2,7%), Pb(0,09-0,9%) | 0,1 | |
| 1499 | Ильменитет шаңы | TiO 2 (41,8%), FeO(20,0%), SiO 2 (13,0%), AI 2 O 3 (2,9%) MgO(1,0%), (Ph(0,09-0,9)% | 0,1 | |
| 1500 | Карналлит (аэрозоль) | MgCI 2 (47,1%), KCI(38,4%), NaCI(8,8%), MgO(1,5%), CaCI 2 (0,25%) | 0,075 | |
| 1501 | Титандық қож (аэрозоль) | TiO 2 (85,0%), FeO(7,0%), SiO 2 (2,4,0%), AI 2 O 3 (2,2%), MnO(1,0%) | 0,4 | |
| 1502 | Пайдаланылған электролит аэрозолі | KCI(71,0%), MgCI 2 (8,0%), NaCI(20,0%), MgO(0,3%), CaCI 2 (0,17%) | 0,04 | |
| 1503 | Витамицин А (пирилдипирил мететеннің туындысы) | C 25 H 3 O 3 | 1,0 | |
| 1504 | Шектелген көмір. сутегінің қоспасы | C 1 - C 5 | 50,0 | |
| 1505 | Шектелген көмірсутегінің қоспасы | C 6 -C 10 | 30,0". |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Іздеу атаулары: №41 бұйрық, 41-бұйрық, приказ 41, қырық бірінші бұйрық, 41 бұйрық скачать.