Мақала
Бұйрықтар

№ 660 бұйрық (22.12.2008): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 660 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5414 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
660
Қабылданған күні
22.12.2008
Актіні өзгерту күні
29.04.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесі
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері
  4. 3. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін ұйымдастыру

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын іске асыру және Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмекті одан әрі даму және сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарының ережесі бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және мыналарды: 1) жаңа туған нәрестелер мен балалық шақтағы балалардың есту органдарын міндетті скринингтік тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді; 2) балалар мен ерестердің есту қабілетінің бұзылуларын объективті зерттеу әдістерімен уақытылы диагностикалауды енгізу; 3) балалар мен жасөспірімдерді қазіргі заманғы есту аппараттарын қондыруға жіберуді; 4) есту қабілеті қатты бұзылған балалық шақтағы балаларды кохлеарлық имплантаттауға жіберуді; 5) есту протезін қондыру кезінде, кохлеарлық имплантацияға дейін және одан кейін балалар мен жасөспірімдердің есту-сөйлеуін сәйкес оңалтуды; 6) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпарат беруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті (Исмаилов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Молдағасымова А.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 660 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережесі

Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қармастан Қазақстан Республикасы тұрғындарына сурдологиялық көмек көрсететін медицина ұйымдарының міндеттерін, функцияларын, құқықтық және қызметін ұйымдастыру негіздерін айқындайды. K090193

1. Жалпы ережелер

1. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар есту органдарының бұзылулары бар адамдардың ауруын анықтау, емдеу, медициналық және есту-сөйлеу қабілетін оңалту іс-шараларын уақтылы жүргізу мақсатында ұйымдастырылады. 2. Сурдологиялық көмек есту органдарының бұзылулары бар адамдардың ауруын уақтылы анықтауды, емдеуді, есту-сөйлеу қабілетін оңалтуды, есту органдарын протездеуді және түзету-педагогикалық көмекті қамтиды. 3. Халыққа сурдологиялық көмекті бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді. 4. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас сурдолог маман (республикалық, облыстық, қалалық) үйлестіреді.

2. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері

5. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері: 1) жатырішілік даму кезеңін қоса алғанда, балалардың арасындағы есту органдары ауруларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 2) жаңа туған және ерте шақтағы балаларды скринингтік тексеруді енгізу және жүргізу жолымен жаңа туған кезеңнен бастап балалардың есту патологиясы мен бұзылуларын анықтау; 3) емдеудің барлық кезеңдеріне жалғастыруды сақтай отырып, ерте шақтағы балалардың есту бұзылуларын емдеуді және түзетуді уақтылы бастау; 4) есту және сөйлеу бұзылулары бар адамдарды емдеудің консервативтік әдісін, медициналық-педагогикалық оңалту, жеке естуді протездеу және кохлеарлық имплантация жасауды қоса алғанда, уақтылы медициналық оңалту.

3. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін ұйымдастыру

6. Қазақстан Республикасының халқына амбулаторлық-емханалық сурдологиялық көмек көрсету жұмысын басқаратын негізгі құрылымдық бірлік сурдологиялық кабинет болып саналады. 7. Сурдологиялық кабинет өңірдегі халықтың санына сәйкес есептеліп ұйымдастырылады: ересектер үшін – 100 мың ересекке 1 кабинет; балалар үшін – 40 мың балаға 1 кабинет. 8. Халыққа (ересектерге немесе балаларға) мамандандырылған медициналық көмек көрсететін сурдологиялық кабинет көп бағдарлы өңірлік (облыс, қала, аудан) денсаулық сақтау ұйымы базасында ұйымдастырылады. Сурдологиялық кабинет олардың жарғылық қызметімен көзделген тәртіппен сурдологиялық көмек көрсететін мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылымында құрылуы мүмкін. 9. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйым балаларға немесе ересектерге арнайы сурдологиялық көмек көрсету үшін жеке заңды тұлға ретінде құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзінің штаты және жабдықтары болады немесе екі кабинеттің штаттарын сақтай отырып, қосылуы мүмкін. 10. Амбулаторлық-емханалық сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар мынадай үй-жайлардан тұрады: 1) қабылдауды күтетін холл; 2) тіркеу орны; 3) меңгерушінің кабинеті; 4) дәрігер-сурдологтың кабинеті; 5) үндес және ойын аудиометрия жүргізуге арналған кабинет; 6) сөйлеу аудиометриясын жүргізуге, бос дыбыс өрісі аудиометриясын және есту аппараты жұмысының режимін анықтауға арналған кабинет; 7) функционалдық диагностика кабинеті (импендансометрия, шақырылған есту потенциалдарын, отоакустикалық эмиссияны тіркеу, вестибулометрия); 8) мамандар кабинеті – невропатолог, сурдопедагог, логопед, психолог; 9) жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған отопластикалық зертхана. 11. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымға есту органдарының патологиясы бар адамдарды негізі мамандар (педиаторлар, терапевтер), сонымен бірге нақты мамандар (оториноларингологтар, психиаторлар, невропатологтар, логопедтер т.б.) жолдама береді. 12. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жабдықтар тізімі болу керек. 13. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда зерттеудің қазіргі заманғы әдістемелерін қолданып, консультациялық-диагностикалық сурдологиялық көмек көрсетіледі және мынадай есту бұзылулары бар адамдар динамикалық бақылауда болады: 1) 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде арнайы білім беретін ұйымдардың оқушылары. 2) құлақ мүкісі үдеу үстіндегі науқастар; 3) біржақты құлақ мүкісі бар сырқаттар; 4) есту қабілетін жақсартуды, есту қабілетін сақтауды қажет ететін сырқаттар; 5) кохлеарлық имплантация операциясын жасауды қажет ететін сырқаттар (операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде). 14. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдарда мынадай көмек көрсетіледі: 1) жаңа туған және ерте шақтағы балаларға скринингтік тексерулер; 2) нақты зерттеу әдістерімен есту қабілетінің бұзылуларын диагностикалау; 3) есту органдарын протездеу (есту аппаратын жеке таңдау, жеке құлақ салымшаларын дайындау, есту аппаратына үйрену (реэдукация); 4) кохлеарлық имплантация (кандидаттарды операцияға іріктеу, операция, сөйлеу процессорын қосу және реттеу); 5) есту органдарын протездеудің сәйкестігін динамикалық байқау және бақылау; 6) есту-сөйлеу қабілетін оңалту (сөйлеу мен қалған есту қабілетін дамыту). 15. Сурдологиялық кабинетте бір сырқатты тексеру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нормативтік уақытқа сай жүзеге асырылады. 16. Сурдологиялық көмек аудиологиялық скринингтен басталады. Ол жаңа туған және ерте шақтағы балалардың отоакустикалық эмиссиясын тіркеу әдісімен жүргізіледі. Ерте шақтағы балаларда аудиологиялық скрининг белгіленген мерзімдерде жүргізіледі: 1 жасқа дейін – тоқсан сайын, 3 жасқа дейін алдыңғы скринингке қарамастан – жылына екі рет. 17. Аудиологиялық скринигтің нәтижесі жаңа туған және ерте шақтағы балалардың даму сырқатнамасына жазылады. Балада есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайда тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер жүргізіледі. 18. Тереңдетілген сурдологиялық және аудиологиялық зерттеулер есту кемістігінің дәрежесін анықтау және есту органдарын протезеудің, кохлеарлық имплантацияның, естуді жақсарту операцияларының, есту-сөйлеу қабілетін оңалтудың қажеттігін уақтылы шешу мақсатында жүргізіледі. 19. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымына сәйкес адамдардың есту органдарын міндетті түрде протездеу жақсы еститін құлағының есту шегі төмендегідей болғанда жүргізіледі: 1) 15 жасқа дейінгі балаларда – 31 децибел және одан жоғары; 2) ересектерде – 41 децибел және одан жоғары. 20. Балалар мен ересектердің есту органы екі жақты зақымданған жағдайда бинауралдық протездеу жүргізіледі. 21. Есту қабілетінің төмендеуіне байланысты сөйлеу кемістігі бар балаларға сурдопедагогикалық көмек қажет, оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жібереді. 22. Халыққа сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар олардың жарғылық қызметімен көзделген тәртіппен есту аппараттары мен кохлеарлық имплантаттау жүйесіне сервистік техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсете алады. 23. Есту органдарының ауруы бар адамдарға стационарлық медициналық көмек ауруханалық медициналық көмек көрсететін көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдарының салалық ЛОР-бөлімшесінде көрсетіледі (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық). 24. Құрамында халыққа (ересек немесе балаларға) медициналық көмек көрсететін салалық ЛОР-бөлімшесі бар республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында сол ұйымның штаттық санына кіретін Республикалық сурдологиялық кабинет құрылады. 25. Республикалық сурдологиялық кабинет аумақтық (облыстық, қалалық, аудандық) сурдологиялық кабинеттерге халыққа сурдологиялық көмек көрсету бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге 1-қосымша

Сурдологиялық кабинетке арналған жабдықтарының ең аз тізбесі

NЖабдықтың атауыСаны (дана/ жиынтық)
123
Диагностикалық жабдықтар
1.Үндес және сөйлеу тілінің аудиометриясын жүргізуге арналған кабинет
1.1Ішіне орнатылған зорайтқышы және Print View 1.15 бағдарламалық қамсыздандырылуы, компьютер мен принтерге қосуға арналған кабелі бар клиникалық аудиометр (үндес ауа және сүйек аудиометриясы, жоғары жиілікті аудиометрия, бос дыбыс алаңындағы аудиометрия, сөйлеу тілінің аудиометриясы, аудиометрия нәтижелерін принтермен басып шығару)1
1.2Еркін дыбыс алаңындағы аудиометрияға арналған колонкалар3
1.3Еркін дыбыс алаңындағы аудиометрияға арналған түрлі-түсті панельдер3
1.4Ойын аудиометрі1
1.5Ерте шақтағы балалардың есту қабілетін зерттеуге арналған педиатриялық аудиометр1
1.6Камертондар жинағы (С64-С4000)1
1.7Секундомер1
1.8Компьютер принтерімен1
2.Функционалдық диагностика кабинеті
2.1Отоакустикалық эмиссияны тіркеу модулімен, дербес компьютер мен арнайы компьютерлік қосымша базасында жаңа туылған нәрестелердің есту қабілетін скринингтеуге арналған модульмен бірге ми қабығының қайтарылған есту потенциалдарын (ҚЕП) тіркеудің аудиометриялық модулі1
2.2Клиникалық тимпанометр/импедансометр1
2.3Қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу қондырғысы (егер жаңа туған нәрестелердің және ерте шақтағы балалардың есту қабілетін скринингтеуді жергілікті жерлерде жүргізу көзделген болса және егер ҚЕП-ті тіркеуге арналған модуль отоакустикалық эмиссияны тіркеу модулімен толықтырылмаған болса)1
2.4Окулография және нистагмография (дербес компьютермен арнайы компьютерлік қосымша базасында) немесе френтцель көзілдірігі.1
2.5Барани креслосы1
3.Сөйлеу тілінің аудиометриясын жүргізуге және есту аппаратының жұмыс режимін нақтылауға арналған кабинет
3.1Есту аппараттарының анализаторлары1
3.2Принтері және есту аппараттарын іріктеп таңдау мен күйіне келтіруге арналған бағдарламасы бар компьютер1
ЛОР-аспаптар мен ЛОР-жабдықтардың ең аз жинағы
1.1Мұрын айнасы20
1.2Көмей айнасы20
1.3Мұрын-жұтқыншақ айнасы20
1.4Құлақ воронкалары20
1.5Әр түрлі зондтар40
1.6Шпателдер40
1.7Құлақты үрлеуге арналған катетер10
1.8Құлаққа арналған істік пинцеттер5
1.9Жоне шприці3
1.10Зигле воронкалары2
1.11Политцер баллоны2
1.12Бүйрек тәріздес астаушалар20
1.13Маңдай рефлекторы2
1.14Отоскоп2
1.15Зарарсыздандырғыш1
1.16Зарарсыздандырылған материалға арналған бикстер6
1.17Спиртовка2
1.18ЛОР үстелі2
1.19Медициналық шкаф2
1.20Кварцтеуге арналған шам3
1.21Үстел шамы2
1.22Пациент креслосы1
Оқу-оңалту жабдықтары мен аспаптары
1.1Жеке есту-сөйлеу тренажеры1
1.2Топта (4-6 адам) жұмыс істеу үшін FM технологияны пайдаланатын сымсыз оқу сыныбы1
1.3Дербес компьютер базасындағы сурдологопедиялық тренажер1
1.4Музыкалық орталық1
1.5Тиесілі жарақтарымен есту аппараттарының жиынтығы (жиынтыққа санды және ұқсас бағдарламаланатын 10 есту аппараты кіреді)1
1.6Индукциялық жүйелер (индукциялық ілмек жүйелері)1
1.7Логопедтік зондтар жинағы1
1.8Қабырға айнасы1
1.9Үстел айнасы1
1.10Мектеп тақтасы1
1.11Сурдопедагог, логопед кабинетіне арналған диагностикалық, дидактикалық және ойын материалдарының жиынтығы1
Невропатолог дәрігердің жабдықтары мен аспаптарының жиынтығы
1.1Неврологиялық балға1
1.2Жанардың жарыққа әсерін зерттеуге арналған неврологиялық қолшам1
Психологтың диагностикалық жабдықтарының жиынтығы
1.1Психикалық функцияларды зерттеуге арналған әдістемелер1
Жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған отопластикалық зертхана
1.1Жеке құлақ салымшаларын даярлауға арналған жабдықтар мен шығын материалдарының жиынтығы1
Есту аппараттарына сервистік қызмет көрсету жөніндегі инженердің жабдықтары мен аспаптары1
Дәрігерлік, педагогикалық және техникалық персоналға арналған жиһаздар жинағы
1.1Дәрігердің кабинетіне арналған жиһаздар жиынтығы4
1.2Логопедтерге, сурдопедагогтарға және психологтарға арналған жиһаздар жиынтығы3
1.3Отопластикалық зертханаға арналған жиһаздар жиынтығы1
1.4Есту аппараттарына сервистік және жөндеу қызметін көрсету жөніндегі инженерге және акустик инженерге арналған жиһаздар жиынтығы2
1.5Балалар жиһазы2
1.6Жөргекке орауға арналған үстел1
1.7Жаңа туған нәрестелерге арналған кереует1
1.8Кушетка1

Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге 2-қосымша

Сурдологиялық кабинетте бір емделушіні қарауға арналған уақыт нормативтері

Маманның қабылдауы:минутпен
- ересектерге арналған сурдолог дәрігер30
- балаларға арналған сурдолог дәрігер40
- есту аппараттарын таңдау жөніндегі маман40
- невропатолог дәрігер20
- сурдопедагог, логопед және психолог:
а) бастапқы қабылдау30
б) психологиялық-педагогикалық тексеру және әлеуметтік көмек60
Аудиометриялық тексеруді жүргізу:
- үндес аудиометрия30
- еркін дыбыс алаңындағы үндес аудиометрия30
- шекті меже алдындағы аудиометрия30
- ойын аудиометриясы40
- сөйлеу тілінің аудиометриясы40
- импедансометрия30
- отоакустикалық эмиссияны тіркеу30
- қайтарылған есту потенциалын тіркеу60

Іздеу атаулары: №660 бұйрық, 660-бұйрық, приказ 660, алты жүз алпысыншы бұйрық, 660 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.