Мақала
Бұйрықтар

№ 478 бұйрық (28.09.2009): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 478 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5828 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
478
Қабылданған күні
28.09.2009
Актіні өзгерту күні
15.07.2016
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесі
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасының мақсаттары мен міндеттері
  4. 3. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібі
  5. Жаңа туған нәрестелерге және ерте шақтағы балалардың құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары
  6. Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен ерте шақтағы балаларға есту қабілетін бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізу тәртібі
  7. Сауалнама-сұрақтар
  8. Туғаннан үш жасқа дейінгі балаларда есту және сөйлеу қабілеттерінің даму бұзылуларының белгілері

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 15.07.2016 № 619 бұйрығымен.

"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343–II Заңын жүзеге асыру мақсатында және ерте шақта балалардың есту қабілеті бұзылуларын уақтылы айқындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріп отырған Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша): 1) жаңа туған нәрестелерге және бір айлық балаларға – перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда және жаңа туған нәрестелердің патологиялары және шала туған балаларға күтім жасайтын ірі бөлімшелерде (30 төсектен астам), ерте шақтағы балаларға – алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын уақтылы жүргізуді; 2) денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерін жаңа туған нәрестелер және ерте шақтағы балаларға есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізуді үйренуге жіберуді; 3) есту функциясы бұзылған балаларды аумақтық немесе республикалық сурдологиялық кабинеттерге тереңдетілген аудиологиялық тексеруге жіберуді; 4) оңалту шараларын (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантанттау, сурдопедагогикалық сабақтар) уақтылы өткізуді, оның ішінде есту функциясы бұзылған балаларды есту-сөйлеуін оңалтудың барабар жағдайларын анықтау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының басшылары жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмилдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 6. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы Е. Біртанов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 478 бұйрығымен бекітілген

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесі

Осы ереже "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343–II Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібін реттейді (бұдан әрі – Ереже). Ереже меншік нысанына қарамастан, сурдологиялық көмек көрсетуші ұйымдарға таралады.

1. Жалпы ережелер

1. Скрининг – бұл алдын алу мақсатындағы әмбебап зерттеу, ол барлық тексерілгендердің ішінен скринингтің нысаны болып табылатын бұзылу мүмкіндігі жоғары индивидуумдарды айқындауға арналған. 2. 3 жасқа дейінгі балалардың есту функциясы бұзылуының скринингі мен диагностикасы әртүрлі дәрежедегі және этиологиядағы біржақты және сонымен қатар екіжақты төмендеуі бар пациенттермен уақтылы түзету жұмысын жүргізу үшін туа біткен және ерте пайда болған кереңдікті анықтау мақсатында жалпы стандартталған тексерумен түсіндіріледі. 3. Есту скринингі немесе аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын анықтаудың жалғыз және тиімді әдісі болып табылады, бұл нәрестенің мінез-құлық реакциясына қармастан субъективтік және объективтік аудиологиялық тестердің яғни қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу (бұдан әрі – ҚОАЭ) жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

2. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасының мақсаттары мен міндеттері

4. Есту қабілеті бұзылулары скринингі ерте шақтағы балалардың есту органдарының патологиясын уақытылы айқындау мақсатында қолданылады. 5. Ерте шақтағы балаларға есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) жүргізудің міндеттері: 1) балалардың есту қабілетінің патологиялары мен бұзылуларын жаңа туылған кезінен бастап ерте айқындау; 2) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және емдік көмек көрсету үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға) жіберу; 3) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және түзету-дамыту оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу; 4) есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсету; 5) есту қабілеті бұзылған науқастар мен олардың есту органдарын протездеуге, кохлеарлық имплантацияға және есту-сөйлеуін оңалтуға қажеттіліктері туралы деректер қорын құру үшін тексерілген балаларды есепке алып отыру.

3. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібі

6. Есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасы перзентханада немесе босану бөлімшесінде барлық жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін 2-3-ші тәулігінде неонатолог-дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике жүргізеді. Жекелеген жағдайда баланың денсаулығына байланысты скрининг күтімнің 2-ші кезеңінде жүргізіледі. 7. Жаңа туған нәрестелерді есту қабілетінің скринингі: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес анамнез жинауды және құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сондай-ақ, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тежелген ҚОАЭ әдісімен аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды. 8. Есту қабілеті скринингінің нәтижелері және құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары туралы мәліметтер жаңа туылған нәрестенің даму тарихына (N 097/у нысаны) жазылады және босану мекемесінен шығу қағазында көрсетілуге тиіс. 9. Есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) теріс нәтижемен өткен, қауіп факторлары жоқ және невропатолог пен басқа да мамандардың байқауға мұқтаж емес балалардың бұдан әрі есту қабілетін зерттеу 10-тармаққа сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген скринингтік тексеру нәтижесінде есту қабілетінің бұзылу қаупі және есту функцияларының бұзылулары анықталған жағдайда жаңа туған нәресте тереңдете аудиологиялық тексеру үшін сурдологиялық кабинетке жіберіледі. 10. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі балалар емханасында және басқа да алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (бұдан әрі – АМСК) ұйымдарында төмендегі декреттелген мерзімдерде жүргізіледі: 1) 1 жасқа дейінгі балаларға – тоқсан сайын; 2) 3 жасқа дейінгі балаларға – алдыңғы скрининг нәтижелеріне қарамастан, жылына 2 рет. 11. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингін АМСК ұйымының дені сау балалар кабинетінің медициналық қызметкері жүргізеді. 12. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі: осы бұйрыққа 1 , 2 , 3-қосымшаларға сәйкес анамнез жинауды, құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сауалнама-сұрақтарды толтыруды және ҚОАЭ тіркеу әдісімен объективті аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды. 13. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес АМСК мекемелерінің дені сау балалар кабинетінің медицина қызметкері мен учаскелік педиатр скринингтік тексеру мен тереңдетілген аудиологиялық тексеру көрсетімдерін салыстыруы тиіс. 14. Баланы есту қабілетін тереңдете тексеруге жіберу үшін көрсетімдер: 1) құлақ мүкістігі бойынша негізгі қауіп факторларының болуы (жақын туыстарында есту қабілетінің бұзылуы, жүктілік кезеңінде анасының жұқпалы және вирусты аурулармен ауыруы, 20 ммоль/л астам билирубині бар гипербилирубинемия, туған кездегі салмағы 1500 граммнан кем, жақ-бет сүйегінің патологиясы); 2) дыбыстарға реакциясы жоқ, реакциясы тұрақсыз немесе тек қатты дыбыстарға ғана реакция; 3) атын атағанда реакциясы жоқ немесе тұрақсыз (бірде бар, бірде жоқ) немесе кеш пайда болды; 4) былдырлауы жоқ немесе біртекті, жұтаң, 6 айдан кейін жаңа дауыссыздар пайда болмайды; 5) алғашқы сөздері 2 жастан кейін, бірінші сөйлемдері – 2,5 жастан кейін пайда болады (есту қабілетін аз немесе орташа жоғалтқан жағдайға тән); 6) айтылған өтініштерді түсінуі нашар; 7) сөйлеу тілін ыммен көрсетуі оны түсінуді жеңілдетеді; 8) бала жиі қайталап сұрайды; 9) қаратып айтқан кезде айтушының бетіне қарауға тырысады, өйткені бұл сөйлеу тілін түсінуін жеңілдетеді. 15. Көрсетімдері болған (қауіп факторлары айқындалған, аудиологиялық скринингтің "ӨТПЕДІ" деген нәтижесі) кезде жаңа туған нәресте есту қабілеті төмендегенін растау және оның сипаты мен дәрежесін анықтау мақсатында тереңдете аудиологиялық тексеру жүргізу үшін өңірлік немесе республикалық сурдологиялық кабинетке жіберіледі. 16. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті скринингінің нәтижелері баланың даму тарихында және ведомстволық статистикалық есептілікте (N 31 нысан) көрсетілуге тиіс. 17. Есту қабілетінің төмендеуі расталған жағдайда бала оған уақтылы және барабар медициналық көмек көрсету (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантация) және есту-сөйлеуін оңалту мақсатында БМСК ұйымдарында және аймақтық сурдологиялық кабинетте диспансерлік есепке алынады. 18. Баланы тереңдете аудиологиялық тексеру қысқа латентті қайтарылған есту потенциалдарын тіркеуге және отоакустикалық эмиссияны тіркеуге негізделген акустикалық импендансометрияны, объективті аудиометрияны қамтуға тиіс. 19. Есту функциясы бұзылған бала есту-сөйлеуін оңалтуға барабар жағдайларды анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілуі керек. 20. Ілесе жүретін психоневрологиялық бұзылулардың болуы есту қабілетін объективті және субъективті әдістермен кешенді тексеру жүргізуге қосымша негіздеме болып табылады.

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне 1-қосымша

Жаңа туған нәрестелерге және ерте шақтағы балалардың құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары

NҚауіп факторлары
1Ерте, кеш және ұзақ өтетін гестоздар
2Токсикоздар және жүктілікті үзіп тастау қаупі
3Ана мен шарананың резус-келіспеушілігі
4Жатырдағы жаңа түзілімдер, цитостатиктерді қолдану
5Ананың жүктілік кезінде жұқпалы және вирусты аурулармен ауыруы (қызамық, қызылша, тұмау, ангина, цитомегаловирус, герпес, токсоплазмоз, хламидиоз, трихомониаз, АҚТҚ және басқалар)
6Ананың жүктілік кезінде және баланың қабылдайтын ототоксинді препараттары (аминогликозидтер қатарындағы антибиотиктер – стрептомицин, блеомицин, мономицин, канамицин, гентамицин, неомицин және басқалар), дәрілік препараттар – фуросемид, аспирин, хинин)
7Қан аздығы, қант диабеті, тиреотоксикоз
8Шұғыл, кешіккен, уақытынан бұрын, созылған босанулар
9Шарананың алға қарай құйрығымен және жамбасымен жатуы
10Бала жолдасының (плацента) орталық орналасуы, бала жолдасының ішінара аршылуы, қан кету
11Акушерлік қысқыштарды салу
12Кесарь тілігін жасау
13Шарананы қысып тастау
14Нәрестенің тұншығып туылуы (асфиксия)
15Бас сүйегі ішіндегі босандыру жарақаты
16Гипербилирубинемия (20 ммоль/л астам)
17Жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы
18Туған кездегі дене салмағы 1500 граммнан кем
19Мерзіміне жетпей тууы, Апгар шкаласы бойынша төмен балл
2040 аптадан астам гестациялық жас (мерзімінен асып кету)
21Жақ-бет сүйегінің патологиясы
22Баланы туғаннан кейін реанимациялау және қарқынды терапия жасау
23Анасының жасы 40-тан асқан (кеш босану)
24Анасындағы есту анализаторларын зақымдайтын тұқым қуалаушылық аурулар (Ваарденбург синдромы, Ушер синдромы, ото-палато-қозғалыс синдромы және басқалар)
25Ата-анасында және жақын туысқандарында құлақ мүкістігінің болуы

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне 2-қосымша

Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен ерте шақтағы балаларға есту қабілетін бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізу тәртібі

Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу балалардың есту қабілетін скринингтік тексеруді жүргізуге арналған. 1. Баланы тексеруге дайындау. Сыртқы есту жолы құлықтан немесе туғаннан кейінгі жағындыдан тазартылуы керек. Бала өлшемдерді жүргізген кезде бастың ыңғайлы орналасуын қамтамасыз ететіндей жатуға тиіс. Өлшемдердің ең жақсы нәтижесін алу үшін бала тыныш жағдайда қимылсыз жатуға тиіс, тест өткізу кезінде жыламауы немесе айқайламауы керек. 2. Аспапты жұмысқа дайындау. Тестік салымша баланың сыртқы есту жолының өлшеміне қарай іріктеліп алынуы тиіс. Тестік салымша сынаманың ұшына нығыздап кигізіледі. 3. Тексеруді жүргізу. Тесті жүргізу кезінде аспап дәрігердің қолында болуы керек. Аспапты оның беткі тақтасының төменгі пернесін басып іске қосуға болады. Сосын сынама сыртқы есту жолына абайлап енгізіледі. Сынама баланың сыртқы есту жолында нығыз және ыңғайлы орналастырылуы керек. Тестіленетін құлақты таңдау сол жақ L пернесін (сол құлағы тестіленеді) немесе оң жақ R пернесін (оң құлағы тестіленеді) басқан кезде жүреді. Прибор автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Тест өткізілетін үй-жайда тып-тыныш болуы керек. 4. Тексеру нәтижелерін түсіндіру. Тест дұрыс аяқталғанда аспаптың экранында "ӨТТІ" деп жазылады. Бұл жағдайда пациенттің есту функциясының жай-күйі сақталған. Егер экранда "ӨТПЕДІ" деген жазу шықса, бұл отоакустикалық эмиссия тіркелмегенін білдіреді, онда пациент қауіп тобына жақызылып, тереңдетілген аудиологиялық тексеруге жіберілуі керек.

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне 3-қосымша

Сауалнама-сұрақтар

NБайқау реакциясыжасыиәжоқ
1Бала қатты дыбысқа селк ете ме?2-3 апта
2Дауыстың дыбысы шыққан кезде бала қалт тұрып қала ма?2-3 апта
3Бала артынан шыққан дауыстың дыбысына бұрылып қарай ма?1 ай
4Ұйқтап жатқан бала қатты шыққан дыбыс пен дауыстан мазасыздана ма?3 ай
5Дыбыс шығаратын ойыншыққа немесе дауысқа басын бұра ма?4 ай
6Бала анасын көрмей тұрып, оның даусына қимылдап кете ме?1-3 ай
7Бала кенет шыққан қатты дыбысқа айқайлап немесе көзін кең ашып әсерін көрсете ме?1,5 - 6 ай
8Бала уілдеп дыбыс шығара ала ма? Осы дыбыстар біркелкі ме, әлде эмоциялық реңді ме?2-4 ай
9Уілдеу былдырлауға ауыса ма ( ба, па, ма буындарының пайда болуы және олардың бірізділігі)?4-6 ай
10Ата-анасының келгеніне эмоциялық былдыры пайда бола ма?5-6 ай
11Балада жаңа буындар пайда бола ма?8-10 ай
12Бала өзінің атына бұрылып қарай ма?6-7 айдан үлкен
13Бала оңай өтініштерді ("Мама қайда?", "Допты бер" және т.с.с.) түсіне ме (орындай ма)?8-10 ай
14Балада жаңа сөздер пайда бола ма (қандай)?1 жас
15Балада екі сөзден тұратын сөйлемдер пайда бола ма?1,5–2 жас
16Балаға таныс заттардың атын атаған кезіңізде, оларды көрсете ме, сөздер мен сөйлемдерді қайталай ма?1,5–2 жас
17Бала қатынас жасаған кезде ым мен ишараны пайдалана ма?2 жас
18Әр түрлі шуларға назар аудара ма?2 жас
19Қарапайым сөйлемдерді құрай ма?2-3 жас
20Қатынас жасау кезінде бала онымен сөйлескен адамның бетіне қарауға тырыса ма?2 жастан үлкен

Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесіне 4-қосымша

Туғаннан үш жасқа дейінгі балаларда есту және сөйлеу қабілеттерінің даму бұзылуларының белгілері

ЖасыБаланы тексеріп қараған кезде айқындалатын бұзылулардың диагностикалық белгілеріҰсыныстар
123
1 айЕстуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе бұршақ салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы. Сөйлеуі: жұтуы мен емуінің бұзылуларыЕсту қабілетін зерттеудің объективті әдістерін пайдалана отырып, сурдологиялық кабинетте/орталықта, ПМПК-де тексеру. Невропатологтың байқауында болу.
3 айЕстуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе бұршақ салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы. Сөйлеуі: уілдемеуі, үнін өзгертпей уілдеуі, жұтуы мен емуінің бұзылулары (ата-анасынан сұрау).Есту қабілетін зерттеудің объективті әдістерін пайдалана отырып, сурдологиялық кабинетте/орталықта, ПМПК-де тексеру. ПМПК-де консультация беру, сөйлеуі дамуының тежелу себебі жөнінде невропатологтың байқауында болу.
6 айЕстуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы. Сөйлеуі: былдырлаудың және өз атына реакцияның болмауы, дыбыс қаттылығы мен реңін өзгертпей былдырлау, жұтудың бұзылуы, қатты тамаққа көшкен кездегі қиындықтар. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай
9 айЕстуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы. Сөйлеуі: Оңай сөздерді түсінбеуі ("Мама қайда?", "Папа қайда?"), шайнауда, жұтуда проблемалары. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай
1 жасЕстуі: қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу кезінде немесе ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы. Сөйлеуі: 2-5 оңай сөзді айтпайды (бер, ал, мама, қара, пи, ав-ав...), қарапайым нұсқауларды орындай алмайды ("Қасықты бер", "Қолыңды бұлға"). Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай
1,5 жасЕстуі: ботқа салынған банканың дыбысына реакциясының болмауы. Сөйлеуі: 10-30 сөз айтпайды (сөздігі ұлғаймайды), екі сөзден тұратын сөйлемді қолданбайды және қарапайым нұсқауларды орындай алмайды ("Кітапты әкел", "Есікті жап"). Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай
2 жасЕстуі: ботқа салынған банканың дыбысына немесе 3 м қашықтықтан сыбырлап айтылған өз атына реакциясының болмауы (бала арқасымен тұрады). Сөйлеуі: 50-ден аз сөз айтады (сөздігі ұлғаймайды), үш сөзден тұратын сөйлемді айтпайды, екі сатылы нұсқауларды орындай алмайды ("Шкафты аш, қуыршақты ал"). Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай
2,5 жасЕстуі: ботқа салынған банканың дыбысына немесе 3 м қашықтықтан сыбырлап айтылған өз атына реакциясының болмауы (бала арқасымен тұрады). Сөйлеуі: үш және одан көп сөзден тұратын сөйлемді айтпайды, үш сатылы нұсқауларды орындай алмайды ("Мында кел, қаламды ал, маған бер"), буындар мен сөздерді мүдіріп, қайталай береді. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай
3 жасЕстуі: ботқа салынған банканың дыбысына немесе 3 м қашықтықтан сыбырлап айтылған өз атына реакциясының болмауы (бала арқасымен тұрады). Сөйлеуі: үш және одан көп сөзден тұратын сөйлемді айтпайды, буындар мен сөздерді мүдіріп, қайталай береді, артикуляцияда көрініп тұратын қиындықтары бар, сөйлемдердің аяғын дұрыс қолданбайды. Ата-анасынан сұрау, мүмкін болса – байқап қарау кезінде тексеру.Бұл да солай

Іздеу атаулары: №478 бұйрық, 478-бұйрық, приказ 478, төрт жүз жетпіс сегізінші бұйрық, 478 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.