Мақала
Бұйрықтар

№ 833 бұйрық (25.10.2010): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 25 қазандағы № 833 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6597 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
833
Қабылданған күні
25.10.2010
Актіні өзгерту күні
18.05.2012
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 ақпанда № 6048 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы наурызда № 3, 370-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесінде : 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. ББМДҰ-ның ойын алаңдарының көлемдері бір орынға кемінде 6 м 2 қабылданады.»; 9-тармақтағы «немесе көп пәтерлі тұрғын үйден кемінде 10 метр қашықтықта» деген сөздерден кейін «(жеке иеліктегі үйлер үшін кемінде 5 метр)» деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақтағы : екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «ББМДҰ-да көлемі кемінде 250 метр 2 дене шынықтыру алаңы жабдықталады.»; төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер алынып тасталсын; 16-тармақтың екінші бөлігіндегі «50» деген сан «30» деген санмен ауыстырылсын; 23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «23. ББМДҰ-да ауданы кемінде 80 м 2 болатын музыка және гимнастика сабақтарына арналған зал қарастырылады.»; 29 және 62-тармақ алынып тасталсын; 83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Жүзу бассейндерін жобалау, салу, реконструкциялау кезінде санитариялық ережелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 555 бұйрығымен регламенттеледі.»; 89-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын; 118-тармақтағы «Білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің типтік штатын және педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының және оларға теңестірілген адамдар тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын; 2-қосымшада : «Медициналық үй-жайлар» бөліміндегі:

«

изолятор: қабылдау бөлмесі22246

» деген жол мынадай мазмұндағы жолмен ауыстырылсын:

«

изолятор:-----

»; «Палата» жолындағы «12» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын; «Қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар» бөліміндегі:

«

шаруашылық меңгерушісінің кабинеті---66

» деген жол алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Б. Садықов

Іздеу атаулары: №833 бұйрық, 833-бұйрық, приказ 833, сегіз жүз отыз үшінші бұйрық, 833 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.