Мақала
Бұйрықтар

№ 451 бұйрық (16.06.2010): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 16 маусымдағы N 451 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6329 болып енгізілді

Бұйрық нөмірі
451
Қабылданған күні
16.06.2010
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 7 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада : туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдерінде: «Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны» бағанында «168 202», «73 946», «169 790» және «1 982 255» деген сандар тиісінше «168 402», «78 946», «171 439», «1 989 104» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Ж. Досқалиев

Іздеу атаулары: №451 бұйрық, 451-бұйрық, приказ 451, төрт жүз елу бірінші бұйрық, 451 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.