Мақала
Бұйрықтар

№ 159 бұйрық (30.03.2011): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік және саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 05 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 03 мамырда № 6937 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 608 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 283 Бірлескен бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
159
Қабылданған күні
30.03.2011
Актіні өзгерту күні
03.09.2012
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
  2. Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
  3. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
  4. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруші ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
  5. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілеріне арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
  6. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілеріне арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы
  7. Дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.09.03 № 608 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.10.03 № 283 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен .

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Бейсен Н.Е.): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Экономикалық даму және министрі сауда министрі

____________ С. Қайырбекова ____________ Ж. Айтжанова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Құрастыру орны күні "__"_____20___ж

Мемлекет органның атауы _____________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________

Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________

Ұйым басшысы ________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

№ р/бТалаптарФакті бойынша көрсеткіштер
123
1Медициналық қызмет көрсету лицензиясының , лицензияға қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
2Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен бірліктермен толықтырылуы (қосымша қызмет коэффициенті) (%)
3Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы жалпы дәрігерлердің санына шаққанда %, жалпы орташа медициналық қызметкерлердің санына шаққанда %)
4Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)
5Соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы мамандардың куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы санына шаққанда%)
6Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арнаған дәрілік заттарды болуы
7Медициналық жабдықты тиімді пайдалану(%)
8Медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейінің белгіленген нормативтеріне сәйкестігі(%) Медициналық жабдықтардың тозуы(%)
9Тіркеу-есеп құжаттауды жүргізу сапасы, жұмыс үдерісін құжаттау
10Пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу іс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирустық гепатит
11Бекітілген тұрғындардың, оның ішінде жұмысқа жарамдылары арасындағы жалпы өлім саны көрсеткішінің өсуі немесе төмендеуі
12Бекітілген тұрғындардың арасындағы аналар өлім-жітімі оқиғаларының саны
13Бекітілген тұрғындардың арасындағы сәбилер өлім-жітімі оқиғаларының саны
14Аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудің жаңа әдістері мен құралдары
15Жүктіліктің белгілерін ерте анықтау (12 аптаға дейін) және жүктіліктің асқынулары профилактикасы мақсатында АМСК дер кезінде қадағалауға алу
16Физиологиялық және патологиялық жүктілік кезінде әйелдерді жүргізу
17Перзентханадан шыққан сәбилерді дер кезінде және толық патронажбен қамту
180 ден 5 жасқа дейінгі балалардың үйде өлуі оқиғаларының санының өсуі немесе төмендеуі
19Басымды болып табылатын медициналық көмек көрсетілетін аурулардан үйде өлген еңбекке жарамды тұлғалар санының өсуі немесе төмендеуі
20Басымды болып табылатын медициналық көмек көрсетілетін аурулар бойынша еңбекке жарамды тұлғалардың алғаш рет мүгедектікке шығу оқиғаларының санының өсуі немесе төмендеуі
21Профилактикалық егу жүргізу, жоспарлауды бағалау және профилактикалық егулердің күнтізбектік мерзімін сақтау
22Стационарды алмастыратын технологияларды енгізу (күндізгі стационар)
23Диагностиканың дер кезінде қойылмауы және асқынған қатерлі ісіктердің саны
24Ауру белгілілері алғаш анықталған науқастар арасындағы асқынған туберкулез формаларының саны
25Медициналық құжаттардың сараптамасы (амбулаториялық карталар)
26Ішкі бақылау қызметі (аудит)- жұмысының көрсеткіштері: 1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері; 2) ұйым бөлімшелері қызметі тиімділігін талдау; 3) медициналық қызмет сапасы кем тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу; 4) медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерді оқыту және әдістемелік көмек; 5) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережелерін сақтау; 6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау
27Іс-шаралардың тәртібін реттеуші нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау: 1) медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ; 3) ақылы қызметтерді көрсету ; 4) бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру; 5) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастырушы емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау; 6) қалпына келтіре емдеуді және медициналық оңалтуды көрсетуді , оның ішінде және балалар медициналық оңалтуды ұйымдастыру; 7) азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын медициналық ұйымдардың құжаттарын толтыру және беру ; 8) паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтімді көрсету ; 9) денсаулық сақтау ұйымдарында азаматтрарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсету ; 10) қан және оның компоненттерін дайындауды жүзеге асырушы медициналық ұйымдарда қан және оның компоненттерін беру (донация) алдында донорды медициналық зерттеп қараудан өткізу; 11) халықтың нысаналы топтарын жаппай профилактикалық медициналық тексеріп қараудан өткізу; 12) бастапқы медициналық – санитариялық көмек ұйымдары деңгейінде ерте жастағы балаларға медициналық көмек көрсету ; 13) денсаулық сақтау ұйымдарының туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратын, емдеуден бас тартқан немесе қашып жүрген науқастарды анықтау, есепке алу және мәжбүрлі емдеуге жіберу бойынша іс-шараларды жүргізуі, сондай-ақ мамандандырылған туберкулезге қарсы ұйымдарда болу режімі; 14) бастапқы медициналық–санитариялық көмек көрсету (бұдан әрі - БМСК), азаматтарды БМСК ұйымдарына бекіту; 15) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ; 16) денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын ауруларды емдеу; 17) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету ; 18) пациенттерді тегін және жеңілдікті рецептермен қамтамасыз ету; 19) декреттелген контингентке жыл сайынғы жоспарлы профилактикалық тексеріп қарау жүргізу, декреттелген контингентті профилактикалық тексеріп қараумен қамту

Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, АМСК – алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Құрастыру орны күні "__"_____20___ж

Мемлекет органның атауы ______________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы _______________________________

Субъектінің орналасқан мекенжайы _____________________________

Ұйым басшысы _________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

Р/с №ТалаптарФакті бойынша көрсеткіштер
12
1Медициналық қызмет көрсету лицензиясы , лицензияға қосымшаларының болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
2Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен бірліктермен толықтырылуы (қосымша қызмет коэффициенті) (%)
3Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрігерлердің санына шаққанда %, жалпы орташа медициналық қызметкерлердің санына шаққанда %)
4Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)
5Қызметкерлердің соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы санына шаққанда %)
6Тіркеу-есеп құжаттарын жүргізу сапасы, жұмыс үдерісін құжаттау
7Пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу іс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирустық гепатит
8Пациенттер мен медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау, АІЖ оқиғаларының болуы, АІЖ себептерін тексеру, болдырмау шаралары
9Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану(%)
10Негізсіз госпитальдау оқиғаларының бұдан бұрынғы мерзіммен салыстырғандағы саны (1-3 күнге жатқызу)
11Жоспарлы госпитальдау барысындағы өлім оқиғаларының саны
12Жоспарлы госпитальдау барысында операциядан кейінгі өлім-жітім оқиғалары
13Аналар өлім-жітімі оқиғаларының саны
14Сәбилер өлім-жітімі оқиғаларының саны
15Ауруханаішілік жұқпа көрсеткіштері
16Қайта түсу көрсеткіштері (бір айдың ішінде бір аурудың қайталануы)
17Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың сәйкес келмеуі оқиғалары
18Профилактиканың, диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану
19Медициналық көрсетімдер бойынша қан препараттары және компоненттерімен қамтамасыз ету
20Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіші: 1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері; 2) ұйым бөлімшелері қызметі тиімділігін талдау; 3) медициналық қызмет сапасы кем тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу; 4) медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерді оқыту және әдістемелік көмек; 5) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережелерін сақтау; 6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау;
21Іс-шаралардың тәртібін реттеуші нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау: 1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ; 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ; 3) ақылы қызметтерді көрсету ; 4) Бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру; 5) Халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастырушы емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау; 6) қалпына келтіре емдеуді және медициналық оңалтуды көрсетуді , оның ішінде және балалар медициналық оңалтуды ұйымдастыру; 7) азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын медициналық ұйымдардың құжаттарын толтыру және беру ; 8) паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтімді көрсету ; 9) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ; 10) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационарлар) денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуі ; 11) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан стационарды алмастыратын көмек көрсету ; 12) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ; 13) денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын ауруларды емдеу; 14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету .

Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы, АІЖ – ауруханішілік жұқпалар, ТМККК - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Құрастыру орны күні "__"_____________20___ж

Мемлекет органның атауы ___________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы ____________________________ Субъектінің орналасқан мекенжайы __________________________ Ұйым басшысы ______________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

Р/с №ТалаптарФакті бойынша көрсеткіштер
123
1Медициналық қызмет көрсету лицензиясы , лицензияға қосымшаларының болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
2Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлермен бірліктермен толықтырылуы (қосымша қызмет коэффициенті) (%)
3Медициналық қызметкерлерде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрігерлердің санына шаққанда %, жалпы орташа медициналық қызметкерлердің санына шаққанда %) %)
4Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)
5Қызметкерлердің соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы санына шаққанда %)
6Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану
7Медициналық құралдармен жабдықталу деңгейлерінің белгіленген нормативтеріне сәйкестік (%) Медициналық жабдықтың тозуы (%)
8Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арнаған дәрілік заттардың болуы
9Бір ауру түрі бойынша алғашқы шақырудан кейін бір тәулік ішінде бірнеше қайталап шақырудың салыстырмалы салмағы (нақты оқиғалар, талдау)
10Жедел көмек бригадасының уақытты асырып келуі шақыруларының есеп беру кезеңіндегі салыстырмалы салмағы (себептерді талдау)
11Шақырулар кезіндегі өлім оқиғаларының саны (бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім)
12Медициналық көрсетімдерсіз науқастарды госпитальдауға жеткізудің салыстырмалы салмағы
131 шақыруға жұмсалған уақыт
14АМСК ұйымдарына берілген активтердің салыстырмалы салмағы
15Госпитальданған науқасқа жедел медициналық көмек бригадасы мен стационарда қойылған диагноздардың қарама-қайшылығы
16Негізделген шағымдардың өткен жылдың осы уақытымен салыстырғандағы жалпы саны (шағымдардың себебі)
17Тіркеу-есеп құжаттарын жүргізу сапасы, жұмыс үдерісін құжаттау
18Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіші: 1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері; 2) ұйым бөлімшелері қызметі тиімділігін талдау; 3) медициналық қызмет сапасы кем тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу; 4) медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерді оқыту және әдістемелік көмек; 5) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережелерін сақтау; 6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау.
19Іс-шаралардың тәртібін реттеуші нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау: 1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ; 2) медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 3) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ; 4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету ; 5) бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру; 6) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастырушы емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау.

Ескерту: АМСК – алғашқы медико-санитариялық көмек көрсету.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруші ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Ұйымның атауы _________________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________ (№, күні) Субъектінің атауы _____________________________________________

Объектінің орналасқан мекенжайы _______________________________

Ұйымның басшысы _______________________________________________

Р/с №Талаптар
12
1Фармацевтикалық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның , қызметтің кіші түрлеріне лицензияға қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні).Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
2Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензияның болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
3Объект жайлары мен жабдықтары құрамының, көлемінің біліктілік талаптарына сәйкестігі
4Өндірілген және әкелінген дәрілік заттардың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосымша заттар болмауы
5Дәрілік заттарды өндіру үшін қажетті дәрілік субстанциялар мен жартылай өнімдерді тек қана дәрілік заттарды өндіруге немесе дәрілік заттарды көтерме сатуға құқығын куәландыратын құжаты бар тұлғалардан сатып алу
6Тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік субстанцияларды немесе жартылай өнімдерді пайдалану
7Ұйымның өнім стандартында көрсетілген стандарттау бойынша нормативтік құжатқа сәйкес өндіру үдерісінде қосымша заттарын шығыс және буып- түю материалдарын пайдалану
8Шығарылатын дайын өнімдерді медициналық немесе фармацевтикалық қызмет түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тұлғаларға сату
9Белгіленген сапа талаптарына сәйкес болмауы анықталғанда немесе болжанғанда өндірілген және сатылған дайын өнімнің кез-келген сериясын қайтарып алу жүйесінің болуы
10Дәрілік заттардың тұрақтылығына сынау жүргізу
11Технологиялық үдерісті, қажетті құралдар мен жабдықтарды қолдана отырып өндіруші ұйымның технологиялық регламентіне сәйкес осы мақсатқа тағайындалған орындарда білікті мамандар іске асыруы және бақылауы
12Бекітілген технологиялық регламенттің сақталуы
13Шикізат сынамаларын сұрыптау бойынша нұсқаулықтың болуы
14Кіріс шикізатының нәтижелерін тіркеу журналының болуы
15Бекітілген өндірістік нұсқаулардың, технологиялық нұсқаулардың болуы
16Зарарсыздандыру үдерісіне және оның тиімділігіне бақылау жүргізу
17Біріншілік және екіншілік буып-түю материалдарын қолдану жөнінде нұсқаулықтың болуы
18Буып-түю материалдарының заттардың химиялық құрамына сәйкестігі
19Таңбалау кезінде қабылдау тәртібі мен таңбалау материалдарын идентификациялауын айқындайтын нұсқаулықтың болуы
20Буып-түю және таңбалау материалдарының сақтау шарттары мен сақталуын қамтамсыз етуді жүзеге асыру
21Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбір өндірістік сериясына сериялары хаттамаларының болуы
22Дәрілік заттардың және сертификаттық сынақтар жүргізуге аккредиттелген зертханалар шарттарының сәйкестік сертификатының болуы
23Өндірістің барлық үдерістері және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруде пайдаланылатын материалдарды толық регламенттеуді қамтамасыз ету
24Валидацияны қамтамсыз ету – жабдықтың, өндіріс шарттарының, технологиялық үдерістің, жартылай өнім мен дайын өнім сапасының қолданыстағы регламенттерге және/немесе нормативтік құжаттау талаптарына сәйкестігін құжаттамалық растау
25Өнімнің әрбір сериясын (партиясын) өндіру тарихын қадағалауды қамтамасыз ету
26Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру үдерістерін көрсетуші құжаттарды н бір жыл мерзімінде сақтауды қамтамсыз ету
27Құжаттауды және өндірістің өзгеру үдерістерін бақылауды қамтамсыз ету
28Мұрағаттағы материалдарды және құжаттарды мерзіміне қарай сақтауды қамтамсыз ету
29Құжаттарда көрсетілген талаптарды дұрыс түсіндіру және өз уақытында қаралатын ұйым құжаттауларын қайта қарауды қамтамасыз ету
30Қажетті нормативтік құжаттаудың болуы
31Сапаға бақылау жүргізу
32Бақылау қызметін жүргізу
33Дәрілік заттарды сақтау және қайта бақылау мерзімін белгілеу және тұрақтылығына сынақтар жүргізу
34Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесінің сақталуы
35Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тіркеу құжатына өзгерістер енгізу тәртібінің сақталуы
36Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртібінің сақталуы
37Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету тәртібінің сақталуы
38Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы
39Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)
40Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткішін тіркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткіштерінің тіркелуі
41Мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігі: білімі, жұмыс өтілі. Мамандардың лауазымдық нұсқауларының болуы
42Біліктілікті және біліктілікті арттыру курсынан өткенін растаушы құжаттардың болуы
43Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарамдылығы мерзімін сақтау
44Қазақстан Республикасында тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, саудада өткізу
45Сертификаттаудан өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, қолдану, сақтау, жарнамалау, саудада өткізу
46Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, қолдану, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, саудада өткізу
47Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу
48Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою тәртібінің сақталуы
49Құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға алынған есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды ораудың, әкелу мен әкетудің, тасымалдаудың, жөнелтудің, сақтаудың белгіленген квоталарының сақталуы
50Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу, босату, тексеру, жою, сақтау және есепке алу талаптарының сақталуы
51Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтауды және қамтамасыз ететін қызметтердің болуы
52Аумақтық есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргізетін ішкі істер органының нысанды және бөлмелерді есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы
53Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат берілген тұлғалардың ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген тізімі
54Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жөнелтулерді қабылдау, тасымалдау және жеткізу шарттары көрсетілген жөнелтулерді жіберуді, тасымалдауды жүзеге асырушы ұйымның және заңды тұлғаның (жеткізушінің) шартының болуы
55Баллдардың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілеріне арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Ұйымның атауы _______________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________ (№, күні) Субъектінің атауы ___________________________________________

Объектінің орналасқан мекенжайы _____________________________

№ р/сТалаптар
12
1Фармацевтикалық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның , қызметтің кіші түрлеріне қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні). Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
2Денсаулық сақтау саласындағы есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензияның болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні). Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
3Мемлекеттік және орыс тілдерінде фармацевтикалық қызмет субъектісінің атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны және жұмыс тәртібі көрсетілген маңдайшаның болуы
4Көрнекті жерде фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған тиісті қосымшаның көшірмелерінің болуы
5Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау-қадағалау органының аумақтық бөлімшелерінің телефондары және мекенжайлары туралы ақпараттың болуы
6Пікірлер мен ұсыныстар кітабының болуы
7Фармацевтикалық анықтама қызметінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың болуы
8Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, анықтамалық әдебиеттердің болуы
9Объекті жайлары құрамының, көлемінің, жабдықтарының біліктілік талаптарына сәйкестігі
10Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)
11Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткішін тіркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткіштерінің тіркелуі
12Мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігі: білімі, жұмыс өтілі, лауазымдық нұсқаулықтың болуы
13Біліктілікті арттыру курсынан өту
14Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау және өткізу кезінде сапасын бақылаудың жүзеге асырылуы
15Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және/немесе бөлшектік саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерге, сондай-ақ медициналық қызметке лицензиясы бар ұйымдарға өткізу
16Дәрілік заттардың субстанцияларын дәріханалар мен дәрілік заттарды әзірлеуге және/немесе өндіруге лицензиясы бар дәрілік заттарды өндіруші ұйымдарға көтерме саудада өткізу
17Ілеспе құжаттарын толтыру тәртібінің сақталуы
18Сәйкестік сертификатының немесе оның көшірмесінің болуы, сәйкестік сертификатының қолданыс мерзімін есепке алуды жүргізу
19Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сериялық есепке алуды жүргізу, оның ішінде жарамдылық мерзімін есепке алуды жүргізу
20Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге немесе көтерме саудада өткізуге құқығы бар субъектілерден сатып алу
21Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткізу фактілерінің болуы
22Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткізу фактілерінің болуы
23Сертификаттаудан өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау өткізу фактілерінің болуы
24Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау өткізу фактілерінің болуы
25Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау шарттарының орындалуы
26Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау шарттарының орындалуы, соның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қасиеттері, сапасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз етуші жағдайларда тасымалдау шарттарын сақтауды растау
27Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртібін сақтау
28Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету тәртібін сақтау
29Д әрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою тәртібін сақтау
30Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың сақтау, босату, тексеру және жою талаптарының сақталуы
31Сейфтің, шкафтың есігінің ішкі бетінде сақталынып отырған дәрілік заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшері көрсетілген тізімінің болуы
32Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етуші қызметтің (жауапты тұлғаның) болуы
33Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жүргізетін аумақтық ішкі істер органының объектіні және жайларды есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы
34Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат берілген тұлғалардың ұйым басшысы бекіткен тізімі
35Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жөнелтулерді қабылдау, тасымалдау және жеткізу шарттары көрсетілген жөнелтулерді жіберуді, тасымалдауды жүзеге асырушы ұйымның және заңды тұлғаның (жеткізушінің) шартының болуы
36Талаптарға сәйкес заттық-сандық есепке алуға жатқызылатын құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу журналын жүргізу
37Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың нақтылығын кітап қалдығымен салыстыра тексеру (ай сайынғы салыстыра тексеру актілерінің болуы)
38Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі және шығысы бойынша барлық құжаттарды сақтау және жою бойынша талаптардың сақталуы
39Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалауы бойынша талаптардың сақталуы және дәрілік заттарды қолдану бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың, жаднаманың (қағаз-қосымшаның) болуы
40Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу
41Баллдардың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілеріне арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Ұйымның атауы ___________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________ (№, күні) Субъектінің атауы _______________________________________

Объектінің орналасқан мекенжайы _________________________

Ұйымның басшысы _________________________________________

Р/с №Талаптар
12
1Фармацевтикалық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның , қызметтің кіші түрлеріне қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні). Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
2Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензияның болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні). Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
3Мемлекеттік және орыс тілдерінде фармацевтикалық қызмет субъектісінің атауы, оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны және жұмыс тәртібі көрсетілген маңдайшаның болуы
4Көрнекті жерде фармацевтикалық қызметке берілген лицензияның және оған қосымшаның көшірмелерінің ілінуі
5Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау-қадағалау органының аумақтық бөлімшелерінің телефондары және мекенжайлары туралы ақпараттың болуы
6Пікірлер мен ұсыныстар кітабының болуы
7«Дәрілік заттар балаларға босатылмайды» деген ақпараттың болуы
8«Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айырбасталмайды және қайтып алынбайды» деген маңдайша жазудың болуы
9«Дәрігердің рецепті бойынша босатылуға арналған дәрілік заттарды рецептурасыз өткізуге тыйым салынады» деген ақпараттың болуы
10Фармацевтикалық анықтама қызметінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың болуы
11Белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен мамандандырылған тағам өнімдерінің тізбесі және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін және олар арқылы амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдардың мекенжайлары туралы ақпараттың болуы ( дәрілік заттар мен арнайы дәрілік өнімдерді тегін және (немесе) жеңілдікпен босататын дәріханалар үшін)
12Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысын регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, анықтамалық әдебиеттердің болуы
13Объекті жайлары құрамының, көлемінің, жабдықтарының біліктілік талаптарына сәйкестігі
14Сөрелерге дәрілерді орналастыру (соның ішінде рецептімен босатылатын дәрілік заттардың қойылуы), ақпараттық стендтердің, жарнамалық ақпараттың болуы (профилактикалық сипаттағы қағаздар, буклеттер)
15Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы). Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткішін тіркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткіштерінің тіркелуі
16Мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігі; білімі, жұмыс өтілі. Лауазымдық нұсқауларының болуы
17Біліктілікті арттыру курстарынан өту
18Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау кезінде бақылау жүргізу
19Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы саудада өткізу кезінде бақылау жүргізу
20Сәйкестік сертификатының қолданыс мерзімін есепке алуды жүргізу
21Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарамдылық мерзімдерінің сақталуы Жарамдылық мерзімін есепке алуды жүргізу нысаны (жазбаша, электрондық)
22Дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерден дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу
23Қазақстан Республикасында тіркеуден өтпеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, саудада өткізу
24Жалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, саудада өткізу
25Сертификатталмаған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, сақтау, жарнамалау, саудада өткізу
26Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, саудада өткізу
27Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы
28Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу
29Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою ережесінің сақталуы
30Дәрігерлердің рецепті бойынша дәрілік заттарды халыққа бөлшек саудада өткізу, соның ішінде дәрілік заттарды тегін және жеңілдікті шарттарда науқастардың жекелеген санаттары үшін босату (берілген рецептердің дұрыстығын, оның қолданыс мерзімін, берілген дәрілік заттардың сыйысушылығын тексеру)
31Түпнұсқалық зауыттық орауы бұзылған дәрілік заттарды саудада өткізу
32Рецептерді белгіленбеген үлгідегі бланкілерде жазу
33Дәрілік заттарды босатудың жоғары бір реттік және тәуліктік нормаларының сақталуы
34«Рецепт жарамсыз» деген мөрдің болуы
35Тегін және жеңілдікті дәрілік заттарды алуға арналған рецептіге қол қою құқығы бар дәрігерлердің қол қою үлгілерінің болуы
36Дұрыс жазылмаған рецептерді тіркеу журналының болуы
37Дұрыс жазылмаған рецептердің фактілері бойынша қолданылған шаралар
38Рецептілердің сақталу мерзімі мен жойылуы
39Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың сақтау бойынша талаптардың сақталуы
40Сейфтің, шкафтың есігінің ішкі бетінде сақталынып отырған дәрілік заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшері көрсетілген тізімінің болуы
41Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарды алуды, сақтауды, босатуды, есепке алуды және жоюды қамтамасыз етуші қызметтің (жауапты тұлғаның) болуы
42Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жүргізетін аумақтық ішкі істер органының объектіні және жайларды есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы
43Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат берілген тұлғалардың ұйым басшысы бекіткен тізімі
44Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар жөнелтулерді қабылдау, тасымалдау және жеткізу шарттары көрсетілген жөнелтулерді жіберуді, тасымалдауды жүзеге асырушы ұйымның және заңды тұлғаның (жеткізушінің) шартының болуы
45Талаптарға сәйкес заттық-сандық есепке алуға жатқызылатын құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды есепке алу журналын жүргізу
46Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың нақтылығын кітап қалдығымен салыстыра тексеру (ай сайынғы салыстыра тексеру актілерінің болуы)
47Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі және шығысы бойынша барлық құжаттарды сақтау және жою бойынша талаптардың сақталуы
48Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды алуға арналған рецептіге қол қою құқығы бар дәрігерлердің қол қою үлгілерінің және жеке мөрлерінің болуы
49Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жеке саудада өткізу кезінде пациентке ақпарат беру
50Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың таңбалауы бойынша талаптардың сақталуы және дәрілік заттарды қолдану бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың, жаднаманың (қағаз-қосымшаның) болуы
51Өндірістік-рецептуралық бөлімнің жұмысын ұйымдастыру (тиісті жайлардың, жабдықтың, қызметкерлердің болуы)
52Тазартылған суды алу, тасымалдау, сақтау талаптарының орындалуы
53Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау технологияларының сақталуы
54Дәрілік препараттарды асептикалық жағдайда дайындауға қойылатын талаптардың сақталуы
55Дәрілік заттарды, қосалқы материалдарды, дәріханалық ыдыстар мен тығындау заттарын зарасыздандыру режимінің сақталуы
56Дайындалған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тиісті таңбалау және ораумен қамтамасыз ету
57Дайындалған дәрілік препараттарға, дәрілік субстанцияларға дәріханаішілік бақылау жүргізу тәртібінің сақталуы, сондай-ақ дайындалған дәріханаішілік дәрілік заттар мен тазартылған суды тоқсан сайын тексеру бойынша аккредиттелген зертханамен шарттың болуы
58Дәріханада дайындалған дәрілік препараттардың сақталу мерзімі туралы ақпараттың болуы
59Баллдардың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 159 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 05 сәуірдегі № 89 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Нысан

Дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға арналған жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

Ұйымның атауы ____________________________________________

Тексеруді тағайындау туралы акт __________________________ (№, күні) Субъектінің атауы ________________________________________

Нысанның орналасқан мекен-жайы ___________________________

Ұйымның басшысы __________________________________________

№Талаптар
12
1Медициналық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні). Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
2Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет түрлерімен айналысуға арналған мемлекеттік лицензияның болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні). Оны рәсімдеуге байланысты шарттардың сақталуы
3Медициналық ұйымның дәрілік заттарға қажеттілігін анықтау
4Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу
5Дәрілік заттарды жеткізу, бөлу (қайта бөлу), сақтау және есепке алу
6Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде дәрілік заттарды пайдалану (тағайындау)
7Дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы есептілікті ұсыну
8ТМККК-де көзделген дәрілік заттарды сатып алу
9Медицина ұйымының формулярлық комиссиясының болуы
10Медициналық ұйымының бекітілген дәрілік формулярының болуы
11Дәрілік заттардың пайдалануына (тағайындауына) талдау жүргізілуі
12Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелерін реттеуге талдау жүргізілуі
13ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды есепке алу (медициналық құжаттауда сомалық және сандық мәнде және дәрілік заттарды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасында)
14ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың сақталуы мен есебінің қамтамасыз етілуі
15Ақылы қызметтер көрсету үшін медицина ұйымының қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттардың бөлек сақталуы және есепке алынуы
16ТМККК шеңберінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін түскен дәрілік заттардың медицина ұйымының арнайы мөртаңбасымен белгіленеуі
17Медицина ұйымдарында сақталатын дәрілік заттарға инвентаризацияның жүргізілуі
18Ж едел жәрдем көрсету кезінде көрсетілген жедел жәрдем туралы пайдаланылған дәрілік заттардың атаулары мен көлемдері көрсетілген ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттауда көрсетілуі
19Медициналық рәсімдерді, стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін медицина ұйымдарында медициналық емдеу шараларын жүзеге асыру, үшін қажетті д әрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен азаматтарды қамтамасыз етуді бақылау
20Тағайындау парағының жүргізілуі
21ТМККК шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету
22Амбулаториялық деңгейде белгілі аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен мамандандырылған тағам өнімдерінің тізбесі және ТМККК шеңберінде фармацевтикалық қызметті жүзеге асырушы дәрілік заттардың айналысы саласындағы объектілердің мекенжайлары туралы ақпараттың болуы
23Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін сатып алынған барлық дәрілік заттар сомалық және сандық түрде дәрілік заттарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасында есепке алынуы
24Рецептердің жазылуға қойылатын талаптары сақтала отырып белгіленген үлгідегі бланктерде толтырылуы
25Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын сақтау жайлары
26Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болуы (гигрометрлер, термометрлер және олардың дұрыс орнатылуы)
27Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткішін тіркеу журналының болуы, оған ауа көрсеткіштерінің тіркелуі
28Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мерзімдерінің қадағалануы (журналдың, картотеканың немесе басқа тәсілдің болуы)
29Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сақтау және тасымалдау шарттарының сақталуы
30Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, тасымалдау, сақтау, жарнамалау, қолдану бойынша тексеру
31Серификаттаудан өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, тасымалдау, сақтау, қолдану бойынша тексеру
32Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, тасымалдау, сақтау, жарнамалау, қолдану бойынша тексеру
33Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау, қолдану бойынша тексеру
34Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу
35Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын жою тәртібінің сақталуы
36Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды сақтау тәртібі
37Сейфтің, шкафтың есігінің ішкі бетінде сақталынып отырған дәрілік заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшері көрсетілген тізімінің болуы
38Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың сақталуын және есебін қамтамасыз ететін қызметтердің болуы
39Аумақтық есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысымен күрес жүргізетін ішкі істер органының нысанды және бөлмелерді наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналысы саласында қолдануға берген рұқсатының болуы
40Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалардың тізімі
41Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар заттарды жөнелтуді, жіберулерді тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғада (жеткізушіде) жіберулерді қабылдау, тасымалдау және жеткізу шарттары көрсетілген келісім-шартының болуы
42Жүргізу талаптарына сәйкестікке заттық-сандық есепке алуға жатқызылатын есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорларды есепке алу журналының жүргізілуі
43Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттардың нақтылығын кітаптағы қалдықпен салыстыру және ай сайынғы салыстыру актілерінің болуы
44Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттардың кірісі және шығысы бойынша барлық құжаттарды сақтау және жою бойынша талаптардың сақталуы
45Амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды тағайындау талаптарының сақталуы
46Арнайы рецептуралық бланкілер мен талаптарды жазу, сақтау, бөлу, босату, есепке алу және жою бойынша талаптардың сақталуы
47Медициналық қолдануға рұқсат берілген және қатаң бақылаудағы Есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімінің ІІ-кестесінің құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар бар дәрілік заттардан босаған ампулаларды және ішіндегісі жартылай пайдаланылған ампулаларды жинау және жою талаптарының сақталуы
48Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау талаптарының сақталуы және дәрілік заттарды қолдану бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жаднаманың (қағаз қосымшаның) болуы
49Этил спиртін сақтау, есепке алу және ұтымды пайдалану талаптарының сақталуы
50Медициналық техниканы тиімді пайдалану бойынша тексеру
51Баллдардың қорытындысы

Іздеу атаулары: №159 бұйрық, 159-бұйрық, приказ 159, жүз елу тоғызыншы бұйрық, 159 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.