Мақала
Бұйрықтар

№ 530 бұйрық (12.08.2011): толық мәтін және скачать

Жаңа

2011/2012 оқу жылына арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы № 530 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 тамызда № 7143 тіркелді

Бұйрық нөмірі
530
Қабылданған күні
12.08.2011
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. 2011-2012 оқу жылына арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 2011/2012 оқу жылына арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды және білім беру ұйымдарын 2010/2011 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға жасалған шарттар негізінде республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Бесбалаев Қ.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы С.Мусинов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 тамыздағы № 530 бұйрығына қосымша

2011-2012 оқу жылына арналған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1. Резидентура
1.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті20Жалпы дәрігерлік практика4
Терапия2
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы3
Жалпы хирургия3
Балалар хирургиясы3
Неонатология3
Онкология-соның ішінде балалар онкологиясы2
2.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті120Жалпы дәрігерлік практика5
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы11
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы10
Нефрология, соның ішінде балалардың нефрологиясы5
Фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы1
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардың жұқпалы аурулары3
Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы16
Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы1
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы1
Психиатрия4
Сәулелік диагностика13
Клиникалық зертханалық диагностика2
Жалпы хирургия2
Бет-жақ хирургиясы, соның ішінде балалардың бет-жақ хирургиясы6
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы4
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы3
Неонатология4
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы27
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы2
3.Астана медицина университеті110Терапия5
Жалпы дәрігерлік практика4
Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы4
Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы3
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардың жұқпалы аурулары5
Невропатология, соның ішінде балалардың невропатологиясы6
Сәулелік диагностика9
Сәулелік терапия3
Клиникалық фармакология2
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы4
Жалпы хирургия8
Балалар хирургиясы4
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы5
Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы3
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы9
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы11
Педиатрия5
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы8
Сот-медициналық сараптама2
Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы2
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы3
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы3
Фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы1
Травматология соның ішінде балалар травматологиясы1
4.Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті24Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы3
Жалпы хирургия4
Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы1
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы2
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы1
Педиатрия1
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы8
Оториноларингология3
Балалар хирургиясы1
5.Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті57Терапия8
Жалпы дәрігерлік практика7
Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы3
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардың жұқпалы аурулары5
Сәулелік диагностика6
Клиникалық фармакология4
Жалпы хирургия4
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы9
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы-ортопедиясы4
Педиатрия7
6.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы34Кәсіби патологиясы4
Жалпы хирургия13
Педиатрия17
7.Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты160Терапия4
Жалпы дәрігерлік практика8
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы8
Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы5
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы8
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы3
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалардың жұқпалы аурулары3
Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы11
Психиатрия3
Медициналық реабилитология, соның ішінде балалар медициналық реабилитологиясы3
Сәулелік диагностикасы17
Функционалды диагностика2
Клиникалық фармакология3
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы11
Жалпы хирургия4
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы3
Ангиохирургия, соның ішінде балалар ангиохирургиясы3
Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы4
Балалар хирургиясы1
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы3
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы-ортопедиясы9
Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы4
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы12
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы12
Педиатрия2
Неонатология3
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы11
8.Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы8Балалар хирургиясы1
Педиатрия7
9.А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы21Сәулелік диагностика6
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы3
Жалпы хирургия4
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы8
10.Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы5Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы5
11.Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты3Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы-ортопедиясы3
12.Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты25Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы2
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы16
Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы1
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы6
13.Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты17Сәулелік диагностика2
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы15
14.Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы5Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы1
Медициналық генетика4
15.Ұлттық ғылыми медициналық орталық26Терапия6
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы5
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы2
Жалпы хирургия5
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы8
16.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті8Терапия3
Невропатология, соның ішінде балалар невропатологиясы2
Жалпы хирургия3
17.«Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты6Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы6
18.Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы3Кәсіби патология3
19.Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы19Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы5
Гематология, соның ішінде балалар гематологиясы1
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы5
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы-ортопедиясы4
Жалпы хирургия4
20.Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы5Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы5
21.Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы13Балалар хирургиясы1
Педиатрия2
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы10
22.Қазақстан-Ресей медицина университеті42Терапия2
Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы13
Сәулелік диагностика7
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы1
Жалпы хирургия4
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы3
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар акушериясы және гинекологиясы9
Урология және андрология3
23.Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының ғылыми-практикалық орталығы4Психиатрия4
2. Магистратура
24.Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi15Қоғамдық денсаулық сақтау15
25.Астана медицина университеті23Медицина10
Қоғамдық денсаулық сақтау5
Мейірбике ісі3
Медициналық-профилактикалық ісі5
26.С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті29Медицина9
Қоғамдық денсаулық сақтау5
Фармация5
Мейірбике ісі5
Медициналық-профилактикалық ісі5
27.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті18Медицина14
Медициналық-профилактикалық ісі4
28.Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті6Медицина3
Медициналық-профилактикалық ісі3
29.Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті16Медицина6
Қоғамдық денсаулық сақтау4
Медициналық-профилактикалық ісі4
Мейірбике ісі2
30.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы18Қоғамдық денсаулық сақтау5
Фармация5
Медицина8
31.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті10Медицина10
32.Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты15Медицина5
Қоғамдық денсаулық сақтау5
Медициналық-профилактикалық ісі5
3. PhD докторантура
33.Астана медицина университеті12Медицина6
Қоғамдық денсаулық сақтау6
34.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті6Қоғамдық денсаулық сақтау6
35.Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті5Қоғамдық денсаулық сақтау3
Медицина2
36.Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi5Қоғамдық денсаулық сақтау5
37.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті2Медицина2

Іздеу атаулары: №530 бұйрық, 530-бұйрық, приказ 530, бес жүз отызыншы бұйрық, 530 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.