Мақала
Бұйрықтар

№ 609 бұйрық (03.09.2012): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 609 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 282 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8067 тіркелді Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 539 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 490 бірлескен бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
609
Қабылданған күні
03.09.2012
Актіні өзгерту күні
29.06.2015
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау критерийлері
  2. Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және олардың жеке кәсіпкерлік саласындағы бастапқы көрсеткіштері
  3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
  4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысының жеке меншік кәсіпкерлік саласындағы субъективті Критерийлер
  5. Тексеру мерзімділігін белгілеу үшін тексерілетін субъектінің тәуекел дәрежесін анықтау есебі ___________________________________________ нысанның атауы

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.06.2015 № 539 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.06.2015 № 490 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен .

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 , 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ : 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. «Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 158 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 88 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 26 сәуірде № 6913 тіркелген, 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 51 (1673); 2011 жылғы 14 маусымдағы № 82 (2072) «Заң газеті» газетінде жарияланған). 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Экономикалық даму және сауда министрі министрі __________С. Қайырбекова _____________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 609 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 282 бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Медициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау критерийлері

1. Осы медициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) медициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру субъектілерін тәуекел деңгейінің әртүрлі топтарына жатқызу үшін арналған. 2. Осы Критерийлерде мынандай ұғымдар пайдаланылады: 1) көрсетілетін медицина қызметтер саласындағы тәуекел – пациенттің денсаулығы немесе өмірі үшін оның салдарының ауыртпалығын ескере отырып сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінен туындайтын жағымсыз аяқталулардың мүмкіндігі; 2) тексерілетін субъектілер – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар; 3) көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бағалау индикаторлары – тиімділіктің, толықтықтың және денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет стандарттарына сәйкестіктің көрсеткіштері. 3. Тексерілетін субъектіні тәуекел деңгейінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңмен жүзеге асырылады. 4. Бірінші кезеңде тексерілетін субъектілері тәуекелдің жоғары, орта және болмашы тәуекел деңгейлері топтарына бөлінеді. 5. Медициналық көмек ұсынудың нысанына және денсаулық сақтау ұйымдарының түрлеріне байланысты тексерілетін субъектілер тәуекел деңгейі бойынша мынадай түрде бөлінеді: 1) тәуекелдің жоғары деңгейлі тобына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық бағыттары бойынша стационарлық, стационар алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары, санитариялық авиация ұйымдары және медициналық апаттар саласындағы денсаулық сақтау ұйымдары жатады; 2) тәуекелдің орта деңгейлі тобына – стратегиялық бағыттарды қоспағанда стационарлық, стационар алмастырушы және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жатады; 3) тәуекелдің болмашы деңгейлі тобына – қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативті көмек көрсету және мейіргерлік күтіп бағу ұйымдары; инвазивтік әдістерді қолдана отырып және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы пайдалана отырып косметологиялық көмек көрсететін ұйымдар жатады. 6. Екінші кезеңде тексерілетін субъектілерді тәуекел топтардың ішінде бөлу индикаторлық негізде есептелетін нәтижелік коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары және олардың Бастапқы мағыналары осы Критерийлерге Қосымшаға сәйкес айқындау. Нәтижелік коэффициенті баллдар бойынша, индикатор көрсеткіштерінің нақты орындалуы және нысаналы көрсеткішке коэффициент сәйкестігін (бұдан әрі – КС) анықтау бойынша баллдарды қосумен есептеледі. Есептеу әдісі. Критерийлердің маңыздылығына байланысты баллдардың жоспарлы саны белгіленеді. КС есептеу үшін формула бойынша баллдардың нақты санын (бұдан әрі – БНС) анықтау қажет: БНС = НҚ х БЖС /НК, бұл НК – белгіленген бірліктегі нақты көрсеткіш; БЖС – баллдардың жоспарлы саны; НК – нысаналы көрсеткіш. БНС алғаннан кейін формула бойынша КС есебі жүргізіледі: КС = БНС/БЖС НК–тің НК мәні асқан кезде есеп: БНС = БЖС х НК/НК формуласы бойынша жүргізіледі. Бұдан әрі нәтижелік коэффициенті бойынша (ықпалдастырылған бағалау коэффициенті) ұйым рейтингі шығарылады: НК = БНС/БЖС, бұл БНС – баллдардың нақты санының сомасы; БЖС – баллдардың жоспарлы санының сомасы. 7. Тексеру жүргізуді жоспарлау үшін нәтижелік коэффициентінің мәні пайдаланылады. 8. Тәуекелдің жоғары деңгейлі тобына жататын субъектілер санынан тексеру жүргізу жоспарына НК бар субъектілер енгізіледі: 0,6 және кем; 0,6-ден 0,7-ге дейін соңғы 3 жыл көлемінде. 9. Тәуекелдің орта және болмашы деңгейлерге жататын субъектілер санынан тексеру жүргізу жоспарына НК бар тексерілген субъектілер енгізіледі: 0,5 және кем; 0,5-ден 0,6-ге дейін соңғы 3 жыл көлемінде. 10. Бір топ ішіндегі субъектілерді тексеру жүргізу жоспарына қосудың басымдылығы үшін: 1) 18 айдан асатын соңғы тексеру жүргізу сәтінен кейінгі уақыт кезеңі; 2) алдыңғы тексеру жүргізу кезінде анықталған маңызды бұзылулардың болуы. 11. Маңызды бұзушылыққа: 1) көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің) лицензияға берілген қосымшаға сәйкес келмеуі; 2) азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген шеңберін алу құқығының бұзылуы; 3) тексерілетін субъектілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуді бұзуы; 4) медицина қызметкерлерінде маман сертификатының болмауы; 5) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарға сәйкессіздік жатады.

Медициналық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы қауіп деңгейін бағалау критерийлеріне қосымша

Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және олардың жеке кәсіпкерлік саласындағы бастапқы көрсеткіштері

№ р/сИндикаторлардың атауыӨлшем бірлігіБастапқы мағына
1. Жеке кәсіпкерлік саласында стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық ұйымның аккредиттелуіМФҚБК Аккредиттеу туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілігі санаты бар МҚ саны*100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынған70%-дан жоғары ең төмен нормативке сәйкес - 20 ұпай
4.30 күннен артық жоспарлы емдеуге жатқызуды күткен пациенттер үлесіЕмдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ) порталынан алынған 30 күннен артық жоспарлы емдеуге жатқызуды күткен пациенттер саны *100/ еркін таңдау бойынша барлық сұраныстардың саны0,5%-ға дейін - 30 ұпай
5.Стационарды өз ерікті таңдау бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер саныСНЭТ-тан алынған Өз еркімен таңдау бойынша емдеуге жатқызылған саны *100/ барлық емдеуге жатқызылғандар саны70 % және одан жоғары - 30 ұпай
6.Бір аурумен бір ай ішінде жоспарсыз қайтадан түсу көрсеткішіСНЭТ-тан алынған Қайта емделуге жатқызылғандар ішінен стационардан шыққандар саны * 100/ стационардан шыққандардың жалпы саны0,1%-ға дейін - 30 ұпай
7.Негізсіз емдеуге жатқызу көрсеткішіСНЭТ-тан алынған Негізсіз емдеуге жатқызу жағдайларының саны * 100/ емдеуге жатқызу жағдайларының саны0% - 30 ұпай
8.Қызмет көрсетудің жалпы санындағы ЖММК үлесіСНЭТ-тан алынған ЖММК қызметтерінің саны *100/ қызметтердің жалпы саны10%-дан жоғары - 30 ұпай
9.Төсек айналымыСНЭТ-тан алынған Шыққан науқастар саны (шыққан+қайтыс болған) /орташа жылдық төсек саны24% және одан жоғары - 20 ұпай
10.Операциядан кейінгі асқынулар көрсеткішіСНЭТ-тан алынған Операциядан кейінгі асқынулар саны *100/ операциядан кейінгі науқастардың жалпы саны1%-дан - төмен – 30 ұпай
11.Жалпы өлімСНЭТ-тан алынған Қайтыс болғандар саны*100/ шыққандар саны2-%-ға дейін - 10 ұпай
12.Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі өлімСНЭТ-тан алынған Жоспарлы түскен науқастардың қайтыс болғандар саны *100/ жоспарлы түскен науқастардың жалпы саны1%-ға дейін - 30 ұпай
13.Алдын алынған ана өлімі жағдайларының орын алмауыТХТ-нен алынған Ана өлімі жағдайының сандары0 жағдай - 30 ұпай Әр жағдай сайын - 30 ұпай кемітіледі
14.Негізгі клиникалық және патологоанотомиялық диагноздар айырмашылығының көрсеткішіСНЭТ-тан алынған Диагноздар айырмашылығы жағдайларының саны *100/ сойылған қайтыс болғандар саны0% - 20 ұпай
15.Сапасыз медициналық көмек көрсету үшін ұсталған қаражаттар үлесіСНЭТ-тан алынған МҚАТК, МФҚБК сараптау деректері бойынша ұстау сомасы *100/ төлеуге ұсынылған сома2-%-ға дейін - 10 ұпай
16.Негізделген шағымдардың болмауыМФҚБКШағымдарның болмауы - 10 ұпай Әрбір шағымға - 1 ұпайдан алынады
17.Медициналық көмек сапасына пациенттердің қанағаттанушылық көрсеткішіПациенттерге сауалнама жүргізу80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 390 ұпай
2. Жеке кәсіпкерлік саласында медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық ұйымның аккредиттелуіМФҚБК Аккредиттеу туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай, 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілігі санаты бар МҚ саны*100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынған70%-дан жоғары ең төменгі нормативке сәйкес - 20 ұпай
4.Стационар алмастыратын деңгейде емдеуге болатындарды тәуліктік стационарға негізсіз емдеуге жатқызуМҚСБЖ-нен алынған Тәуліктік стационарға негізсіз емдеуге жатқызылған пациенттердің саны *100 /тәуліктік стационарларда емдеуге жатқызылған пациенттердің саны0,5%-дейін - 30 ұпай
5.Халықты скринингілік зерттеулермен қамтуСӨСҚО Скринингтік тексерулермен қамтылған халық саны *100 /тексеруге жататын халық саныТиісті халықтың 100 % қамту – 30 ұпай
6.Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес егумен қамтуМСЭҚКД Тіркелген халық арасында егуге жататындар санынан егумен қамтылғандар %97% және одан жоғары – 30 ұпай
7.Көзбен көрерлік жерде орналасқан қатерлі өспелерді (ҚӨ) кеш анықтау көрсеткіштеріЖБШНҚК–тан алынған Кеш анықталған ҚӨ жағдайларының саны * 100/ ҚӨ бар, алғаш анықталған науқастарӨткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға және одан әрі төмендеуі – 30 ұпай
8.5 жыл және одан көп өмір сүретін, қатерлі өспелері (ҚӨ) бар науқастар санының көрсеткіштеріТХТ-дан алынған 5 жыл және одан көп өмір сүретін, қатерлі өспелері бар науқастар саны * 100/ есепте тұрған, ҚӨ бар науқастардың жалпы саныӨз көрсеткіштерін 1% және одан жоғары арттыру – 30 ұпай
9.Өкпе туберкулезін кеш диагностикалау көрсеткішіЖБШНҚК–тан алынған Өкпе туберкулезін кеш диагностикалау саны* 100/ алғаш анықталған туберкулез жағдайларының саны (Ағымдағы көрсеткіш – өткен жылдың көрсеткіші)*100/ өткен жылдың көрсеткішіӨткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға және одан әрі төмендеуі – 30 ұпай
10.Міндетті контингентті флюорографиялық тексерумен қамту көрсеткішіМСЭКД Міндетті контингенттің флюорографиялық тексерумен қамтылғандар саны * 100/ міндетті контингенттің арасында тексеруге жататындар саны100% қамту – 30 ұпай
11.Тіркелген халық арасында босануға қатысты түсіктер деңгейін төмендетуСНЭТ-тан алынған алынған (жеке ұйымдардың деректерді енгізу мәселесі шешілсін) Босан улар саны / аборттар саны (Ағымдағы көрсеткіш – өткен жылдың көрсеткіші)*10 0/ өткен жылдың көрсеткішіӨткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға және одан әрі төмендеуі – 30 ұпай
12.Жүрек-қан тамырлары ауруларының (ЖТА) асқынулары бар тіркелген халық ішінен емдеуге жатқызылған науқастар саныДеректер СНЭТ алынған ЖҚТА асқынулары бар емдеуге жатқызылған науқастар саны * 100/ жоспарлы тәртіпте түскендер саны (Ағымдағы көрсеткіш – өткен жылдың көрсеткіші)*100/ өткен жылдың көрсеткіші10 %-ға өткен кезеңмен салыстырғанда есептілік кезеңнің көрсеткіштер мағынасының кемуі – 30 ұпай
13.САТ-қа емдеуге жатқызызылғандар санының көрсеткішіЕмдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ) порталы деректерінен алынған САТ-қа емдеуге жатқызызылғандар саны* 100/барлық емдеуге жатқызылғандар саныКөрсеткіштің 5%-ға өсуі - 30 ұпай
14.Стационарға шұғыл емдеуге жатқызу деңгейінің динамикасыДеректер СНЭТ алынған Шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылғандар саны * 100/ стационарға түскендердің жалпы саны (Ағымдағы көрсеткіш – өткен жылдың көрсеткіші)*100/ өткен жылдың көрсеткішіөткен кезеңмен салыстырғанда есептілік кезеңнің көрсеткіштер мағынасының кемуі 10 % – 30 ұпай
15.Жұмысқа қабілетті жастағы тұлғалардың мүгедектікке алғашқы шығу көрсеткішіБақылау және әлеуметтік қорғау департаменті. Осы жылы алғаш рет мүгедектер деп танылған тұлғалар саны *1000/диспансерлік есепте тұратын тұлғалар саны Ағымдағы көрсеткіш – өткен жылдың көрсеткіші)*100/ өткен жылдың көрсеткішіөткен кезеңмен салыстырғанда есептілік кезеңнің көрсеткіштер мағынасының кемуі 1% – 20 ұпай
16.Қанайналым жүйесі ауруларынан өлім көрсеткішіДеректер ТХТ алынған 100 000 тұрғындарға есеп көрсеткішіКөрсеткіштер ҚР немесе төмен деңгейде – 30 ұпай
17.Басқарылатын себептерден тіркелген халық арасындағы нәресте өлімінің көрсеткіштеріДеректер ТХТ алынған Есеп көрсеткіші 1 000 тірі туғанғаНәресте өлімінің жоқтығы – 30 ұпай, әр жағдай – 30 ұпай кемиді
18.МСАК деңгейінде алдын алуға болатын (УІИ, УРИ), 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткіш динамикасыЖБШНҚК–тан алынған 7 күннен 5 жасқа дейінгі қайтыс болған балалар саны * 1000 /балалардың орташа жылдық саны Ағымдағы көрсеткіш – өткен жылдың көрсеткіші)*100/ өткен жылдың көрсеткішіӨткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға төмендеуі – 30 ұпай
19.МСАК деңгейінде алдын алуға болатын ана өліміДеректер ТХТ алынған Сараптамамен расталған, алдын алуға болатын тіркелген халық арасындағы ана өлімінің саны / фертильді жастағы тіркелген әйелдердің саныАна өлімінің жоқтығы – 30 ұпай Болуы – 0 ұпай
20.Негізделген шағымдардың болмауыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағымға - 1 ұпайдан кеміту
21.Медициналық көмектің сапасымен пациенттердің қанағаттанушылық көрсеткішіПациенттерге сауалнама жүргізу80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 560 ұпай
3. Жеке кәсіпкерлік саласында жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық ұйымның аккредиттелуіМФҚБК Аккредиттеу туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай, 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілігі санаты бар МҚ саны*100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Құрал-жабдықтармен және санитарлық транспортпен жабдықталуТЭК-тан алынған70%-дан жоғары ең төмен нормативке сәйкес - 20 ұпай
4.Бірінші шақырудан кейін бір тәулік ішінде қайталап шақыру жағдайларымедициналық қызметтер ЖМЖ бригадасының бірінші келуінен кейін 204 сағат ішінде бір науқасқа қайта шақырулар саны х 100/ тәулік ішіндегі шақырулар саны1%-ға дейін - 20 ұпай
5.Жеткізілгендердің санынан емдеуге жатқызылғандар санының көрсеткішіЕмдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ) порталы деректерінен алынған ЖМЖ жеткізген науқастардың жалпы санына емделуге жатқызылғандар саны70%-дан артық - 30 ұпай
6.Жедел медициналық жәрдем және стационар бригадасы емдеуге жатқызған науқастар диагнозының айырмашылығыЕмдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ) порталы деректерінен алынған Диагноздар айырмашылығының саны х 100/ жедел медициналық жәрдеммен емдеуге жатқызғандар саны5% -дан кем - 30 ұпай
7.Науқасқа жету уақытын орташа қалыптасқан уақыттан асырумедициналық қызметтер 1000 шақыруларға есептік көрсеткіштерХалық саны 200 мыңнан артатын елді мекендерде 15%-ға дейін, халық саны 200 мыңнан кем елді мекендерде 2%-ға дейін
8.Жүрегі тоқтаған пациенттерді сәтті реанимациялау көрсеткішіМедициналық қызметтер Реанимациялық іс-шараларды қолданғаннан кейін жүрек қызметін қалпына келтіру жағдайларының саны * 100/ жүрек қызметі тоқтаған пациенттер саны5%-дан 8%-ға дейін – 30 ұпай
9.Негізделген шағымдардың болмауыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағымға - 1 ұпайдан кеміту
10.Медициналық көмектің сапасымен пациенттердің қанағаттанушылық көрсеткішіПациенттерге сауалнама жүргізу80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 230 ұпай
4. Стоматологиялық көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық ұйымның аккредиттелуіМФҚБК Аккредиттеу туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай, 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілігі санаты бар МҚ саны*100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынған70%-дан жоғары ең төмен нормативке сәйкес - 20 ұпай
4.Бір тіс ауруы себебінен 1 ай ішінде қайта қаралудың үлес салмағымедициналық қызметтер Бір тіс ауруы себебінен 1 ай ішінде қайта қаралулар саны х 100 /шағымдар саны5% кем - 30 ұпай
5.Өлім жағдайларының жоқтығыТХТ-дан алынған Қаралған пациеттердің ішінен өлім жағдайларының саныЖағдайлардың жоқтығы – 30 ұпай Жағдайлардың болуы – 0 ұпай
6.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
8.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
9.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКДБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
11.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 230 ұпай
5. Акушериялық–гинекологиялық көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық ұйымның аккредиттелуіМФҚБК Аккредиттеу туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілігі санаты бар МҚ саны*100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынған70%-дан жоғары ең төмен нормативке сәйкес - 20 ұпай
4.Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайларында операциядан кейінгі өлім саныТХТ-дан алынған Стационарда жоспарлы операциядан кейін қайтыс болғандар саны *100/Жоспарлы түрде операция жасалған науқастардың жалпы саныЖағдайлар жоқ – 30 ұпай Жағдайлар бар – 0 ұпай
5.Басқарылатын себептер бойынша босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде қайтыс болған әйелдердің үлес салмағыТХТ-дан алынған Босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде қайтыс әйелдер саны *100/Босанып, шығып кеткен әйелдердің жалпы саны (шығарылғандар саны +қайтыс болғандар саны)Жағдайлар жоқ – 30 ұпай Жағдайлар бар – 0 ұпай
6.1000 тірі және өлі туғандарға интранаталдық өлім көрсеткішіТХТ-дан алынған Ұрықтың интранаталдық өлімі жағдайының саны х 1000/ тірі және өлі туғандар саныЖағдайлар жоқ – 30 ұпай Жағдайлар бар – 0 ұпай
7.Жоспарланбаған қайталап түсу саны (бір айдың ішінде бір ауруы бойынша қайта түсу)Емдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ) порталы есептілік кезінде қайта түсу саны *100/барлық түскендер саны0% - 30 ұпай Болуы – 0 ұпай
8.Негізгі клиникалық және патологоанатомиялық диагноздар айырмашылығының көрсеткішіСНЭТ-тан алынған Диагноздар айырмашылығы жағдайларының саны *100/ сойылған қайтыс болғандар саны0 % – 20 ұпай Болуы – 0 ұпай
9.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
11.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
12.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКДБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
13.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
14.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 310 ұпай
6. Оториноларингологиялық көмек көрсететін жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық ұйымның аккредиттелуіМФҚБК Аккредиттеу туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілігі санаты бар МҚ саны*100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынған70%-дан жоғары ең төмен нормативке сәйкес - 20 ұпай
4.Жоспарланбаған қайталап түсу саны (бір айдың ішінде бір ауруы бойынша қайта түсу)медициналық қызметтер есептілік кезінде қайта түсу саны *100/барлық түскендер саны0% - 30 ұпай Болуы – 0 ұпай
5.Өлім жағдайының болмауыТХТ-дан алынған Қаралған пациенттердің ішінен өлім жағдайларының саныЖағдайлардың болмауы – 30 ұпай Жағдайлардың болуы – 0 ұпай
6.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
8.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
9.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКД актісіБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
11.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 230 ұпай
7. Офтальмологиялық көмекті көрсететін жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық мекемеде аккредитацияның болуыМФҚБК Аккредитация туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілік санаты бар МҚ саны *100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Құралдармен жабдықталуТЭК-тан алынғанЕң төмен нормативтерге 70%-дан жоғары сәйкес келеді - 20 ұпай
4.Бір ай ішінде бір ауру бойынша қайтадан хабарласу көрсеткішіЕсеп беру кезеңіндегі бір ауру бойынша қайтадан хабарласудың саны* 100/ Есеп беру кезеңіндегі хабарласудың саны0% - 30 ұпай Бар болу – 0 ұпай
5.Өлім және асқыну жағдайларының жоқ болуыТХТ-дан алынған Хабарласқан пациенттердің санынан өлім және асқыну жағдайларының саныЖағдайлардың жоқ болуы – 30 ұпай Жағдайлардың бар болуы – 0 ұпай
6.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
8.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
9.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКДБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
11.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 230 ұпай
8. Дерматокосметология саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық мекемеде аккредитацияның болуыМФҚБК Аккредитация туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілік санаты бар МҚ саны *100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынғанЕң төмен нормативтерге 70%-дан жоғары сәйкес келеді - 20 ұпай
4.ЖЖБА науқастармен байланыста болатын тұлғаларды тексерумен және емдеумен қамту көрсеткішіБайланыстан тексеріспен қамтылғандардың саны * 100/ байланыстан тексеруге жататындардың саныҚамту – 100% - 30 ұпай
5.ЖЖБА тексеруге жататын контингенттердің тізбесіне сәйкес ЖЖБА-ға тұлғаларды тексеру пайызыБайланыстан тексеріспен қамтылғандардың саны * 100/ байланыстан тексеруге жататындардың саныҚамту – 100% - 30 ұпай
6.Жоспарланбаған қайтадан түсу немесе хабарласу көрсеткіші (бір ай ішінде бір ауру бойынша)Есеп беру кезеңіндегі қайтадан түсудің (хабарласудың) саны* 100/ Есеп беру кезеңіндегі барлық түсудің (хабарласудың) саны0% - 30 ұпай Бар болу – 0 ұпай
7.Өлім және асқыну жағдайларының жоқ болуыТХТ-дан алынған Хабарласқан пациенттердің санынан өлім және асқыну жағдайларының саныЖағдайлардың жоқ болуы – 30 ұпай Жағдайлардың бар болуы – 0 ұпай
8.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
9.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
11.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКДБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
12.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
13.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 290 ұпай
9. Пластикалық хирургия саласында қызметін жүзеге асыратын жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық мекемедегі аккредитацияның болуыМФҚБК Аккредитация туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілік санаты бар МҚ саны *100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынғанЕң төмен нормативтерге 70%-дан жоғары сәйкес келеді - 20 ұпай
4.Бір ай ішінде бір ауру бойынша қайтадан хабарласу көрсеткішіЕсеп беру кезеңіндегі бір ауру бойынша қайтадан хабарласудың саны* 100/ Есеп беру кезеңіндегі хабарласудың саны0% - 30 ұпай Бар болу – 0 ұпай
5.Өлім және асқыну жағдайларының жоқ болуыТХТ-дан алынған Хабарласқан пациенттердің санынан өлім және асқыну жағдайларының саныЖағдайлардың жоқ болуы – 30 ұпай Жағдайлардың бар болуы – 0 ұпай
6.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
8.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
9.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКД актісіБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
11.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 230 ұпай
10. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық мекемедегі аккредитацияның болуыМФҚБК Аккредитация туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілік санаты бар МҚ саны *100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынғанЕң төмен нормативтерге 70%-дан жоғары сәйкес келеді - 20 ұпай
4.1 дәрігер-лаборант лауазымына диагностикалық процедуралардың орташа саныдиагностикалық процедуралардың саны / есеп беру кезеңіндегі дәрігерлердің жалпы саныНормативтен аспайды – 20 ұпай
5.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКД актісіТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
6.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКД актісіТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
8.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКД актісіБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
9.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
10.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 190 ұпай
11. Аспаптық диагностиканы (УДТ, ЭФГДС және басқалар) жүзеге асыратын жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1.Медициналық мекемедегі аккредитацияның болуыМФҚБК Аккредитация туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2.Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілік санаты бар МҚ саны *100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3.Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынғанЕң төмен нормативтерге 70%-дан жоғары сәйкес келеді - 20 ұпай
4.1 дәрігер-маман лауазымына диагностикалық процедуралардың орташа саныСтационарда орындалған диагностикалық процедуралардың саны/стационардағы бос емес дәрігер-маман лауазымдарының орташа жылдық саныНормативтен аспайды – 20 ұпай Нормативтен жоғары немесе төмен – 0 ұпай
5.Өлім және асқыну жағдайларының жоқ болуыХабарласқан пациенттердің санынан өлім және асқыну жағдайларының саныЖағдайлардың жоқ болуы – 30 ұпай Жағдайлардың бар болуы – 0 ұпай
6.Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКД актісіТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7.Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКД актісіТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
8.ҚР ДСМ МФҚБК жағынан айыппұл санкцияларыМедициналық көмекті көрсетудің кемістігі бар жағдайлардың саныКемістіктердің жоқ болуы – 20 ұпай Кемістіктердің бар болуы – 0 ұпай
9.МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКД актісіБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
10.Негізделген шағымдардың жоқ болуыМФҚБКШағымның болмауы - 10 ұпай Әр бір шағым үшін - 1 ұпайдан төмендету
11.Науқастардың медициналық көмектің сапасымен қанағаттану көрсеткішіНауқастар арасындағы сауалнама80%-дан - 100 %-ға дейін – 10 ұпай
Жиыны: 220 ұпай
12. Қан қызметінде қызметін жүзеге асыратын жеке медициналық ұйымдарға арналған медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары
1Медициналық мекемедегі аккредитацияның болуыМФҚБК Аккредитация туралы куәлікХалықаралық стандарттар бойынша сертификаттау - 30 ұпай 4 жылдық аккредитация - 20 ұпай
2Біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің (МҚ) үлесіРБЖ-дан алынған Біліктілік санаты бар МҚ саны *100/МҚ саны70%-дан жоғары - 30 ұпай
3Жабдықтармен жарақтандыруТЭК-тан алынғанЕң төмен нормативтерге 70%-дан жоғары сәйкес келеді - 20 ұпай
4Дотацияның абсолютті ақауы құрылымындағы инфекциялардың (АИТВ, гепатит В, С, мерез) үлесі39 Н (жылдық) Дотация ақауларының арасында инфекциялардың саны * 100/ дотация ақауларының саны100% - 30 ұпай
5Препараттарды өндіру үшін есептен шығарылған өнімді есепке алмай есептен шығарылған қан препараттарының үлесі39 Н (жылдық) Басқа себептер бойынша есептен шығарылған өнімнің саны*100/ өндірілген өнімнің саны0% - 30 ұпай
6Жайлар құрамының, алаңының және құралдардың біліктілік талаптарына сәйкес келуіМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
7Сертификатталмаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу, сақтау, жүзеге асыру, қолдануМСЭҚКДТалаптарға сәйкес келу – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
8МСЭҚКД тексерістерінің нәтижелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзушылықтарыМСЭҚКДБұзушылықтардың жоқ болуы – 20 ұпай Бұзушылықтардың бар болуы – 0 ұпай
Жиыны: 190 ұпай

Ескертпе: МФҚБК - Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті РБЖ - Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің ресурстарын басқару жүйесі ТЭК - техникалық-экономикалық көрсеткіштер СНЭТ - стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі ТХТ - тіркелген халық тіркелімі МҚСБЖ - медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі ЖММК – жоғары мамандандырылған медициналық көмек МСЭККД - Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Департаменті ЖБШНСК – жан басына шаққандағы нормативтің сараланған компоненті САТ - стационар алмастырушы технологиялар МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ЖЖБА - жыныстық жолмен берілетін аурулар УДТ - ультрадыбыстық тексеру ЭФГДС - эндофиброгастродуоденоскопия

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 609 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 282 бірлескен бұйрығына 2-қосымша

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1. Осы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша әр түрлі топтарға жатқызу үшін әзірленді. 2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салынады. 3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы тексерілетін субъектілер - жеке кәсіпкерлік саласындағы денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - тексерілетін субъектілері). 4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекел - Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, сырттан әкелу, саудада өткізу, қолдану (пайдалану) нәтижесінде зардаптарының күрделілік дәрежесін есепке ала отырып, адам денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы. 5. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына жатқызу алғашқы және кейінгі бөлулер арқылы жүзеге асырылады. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына алғашқы жатқызу объективті критерийлер ескеріле отырып жүргізіледі. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына кейінгі жатқызу субъективті критерийлерді ескере отырып жүргізіледі. 6. Объективті критерийлер бойынша: 1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар; құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет; стационарлық көмекпен, жедел медициналық көмекпен және санитариялық авиациямен байланысты медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы тәуекелдердің орташа дәрежелі тобына: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндірумен байланысты фармацевтикалық қызметпен; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызметпен; амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге байланысты медициналық қызметпен; қалпына келтіру емі және медициналық оңалтуды ұйымдастырумен байланысты медициналық қызметпен; адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)/жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) профилактикасы саласындағы қызметпен айналысатын ұйымдар жатады; 3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы тәуекелдердің болмашы дәрежелі тобына: дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы тиісті практиканың мемлекеттік стандарттарын енгізген фармацевтикалық қызметпен; дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызметпен; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметпен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары жатады. 7. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес анықталады. Субъективті критерийлер баллдық жүйемен үш түрге бөлінген: 1) өрескел бұзушылықтар - 40 балл және одан жоғары; 2) орташа бұзушылықтар - 5 баллдан 40 баллға дейін; 3) болмашы бұзушылықтар - 1 баллдан 5 баллға дейін. 8. Тексерілетін субъектілер: 1) 40 (қоса алғанда) және одан жоғары балл жинағанда тәуекелдердің жоғары дәрежелі тобына жатқызылады; 2) 5-тен (қоса алғанда) бастап 40 баллға дейін жинағанда тәуекелдердің орташа дәрежелі тобына жатқызылады; 3) 1-ден (қоса алғанда) 5 баллға дейін жинағанда тәуекелдердің болмашы дәрежелі тобына жатқызылады. 9. Тәуекелдің бір тобының ішінде тексерілетін субъектілерді тексеруді басымдылықпен жоспарлауға негіз болып табылады: 1) берілген баллдың жоғары саны; 2) ең үлкен тексерілмеген мерзім, соның ішінде фармацевтикалық қызмет түрін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған уақыттан бері тексерудің жүргізілмеуі. 10. Тексеру мерзімділігін белгілеу үшін тексерілетін субъектінің тәуекел дәрежесін анықтау есебін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік органның маманы жүргізеді және Алматы, Астана қалаларының, облыстың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы осы Критерийлерге 2-қосымшадағы нысанға сәйкес бекітеді.

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысының жеке меншік кәсіпкерлік саласындағы тәуекел деңгейін бағалау Критерийлерріне 1-қосымша

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысының жеке меншік кәсіпкерлік саласындағы субъективті Критерийлер

р/с №Өлшемдердің атауыБаллдар
1. Өрескел бұзушылықтар
1Медициналық қызметке және қызметтің кіші түрлеріне лицензияның (нөмірі, сериясы, берілген күні) болмауы және (немесе) фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензияның және қызметтің кіші түрлеріне қосымшалардың және (немесе) қызметтің жүзеге асырылуының басталуы немесе аяқталуы туралы хабарламаны алуы туралы талонның, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарлама көшірмесінің электрондық құжат нысанындағы талонның болуы. Оларды қайта ресімдеуге байланысты шарттарды сақтау.40
2Есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түріне мемлекеттік лицензияның және қызмет түрлеріне қосымшалардың болмауы. Оларды қайта ресімдеуге байланысты шарттарды сақтау.40
3Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың көтерме саудасын жүзеге асыратын фармацевтикалық объектілер үшін фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкессіздік40
4Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бөлшектік саудасын жүзеге асыратын фармацевтикалық объектілер үшін фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкессіздік40
5Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дайындауды жүзеге асыратын фармацевтикалық объектілер үшін фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкессіздік40
6Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдарға фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкессіздік40
7Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бекітілген біліктілік талаптарына сәйкессіздік40
8Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дәрілік заттардың және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың көтерме саудасына лицензиясы бар субъектілерден сатып алу40
9Көтерме және/немесе бөлшектік саудасына лицензиясы жоқ субъектілерге, сондай-ақ медициналық қызметке лицензиясы жоқ ұйымдарға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың көтерме саудасы жүзеге асыру40
10Дәрілік заттардың субстанциялары тиісінше дәріханаларға және дәрілік заттарды дайындауға және өндіруге лицензиясы жоқ өндіруші ұйымдарға көтерме саудада босатуды жүзеге асыру.40
11Сапасыз дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың келіп түсуінің алдын алу және сақтау мен өткізу кезінде олардың сапасының төмендеуін болдырмауын ескерту бойынша іс-шараларды өткізбеу40
12Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауды жүзеге асыратын үй-жайлар жылытқыш аспаптардан алыс, үй-жайлардың аспаптармен (термометрлер, гигрометрлер) қамтамасыз етпеу40
13Температураның параметрлері мен ауаның ылғалдылығын бақылау белгіленген тіркеу журналының және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың сапасының сақталуын қамтамасыз етуге жауапты тұлғаның болмауы40
14Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы саны мен сапасы бойынша қабылдау кезінде бақылаудың болмауы40
15Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарамдылық мерзімдерін сақталмауы және есепке алынбауы40
16Ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтін, жарамдылық мерзімі біткен, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден және қауіпсіздігі мен сапасына бағалау өтпеген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау жөніндегі талаптардың сақталмауы40
17Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау, тасымалдау, қолдану, қамтамасыз ету, таңбалау және сату фактілерінің болуы40
18Фальсификат емес дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау, тасымалдау, қолдану, қамтамасыз ету, таңбалау және сату фактілерінің болуы40
19Қауіпсіздігі мен сапасына бағалау өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау, тасымалдау, қолдану, қамтамасыз ету, таңбалау және сату фактілерінің болуы40
20Жарамдылық мерзiмi өтiп кеткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу, сақтау, тасымалдау, қолдану, қамтамасыз ету, таңбалау және сату фактілерінің болуы40
21Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау шартын сақтамау40
22Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тасымалдау тәртібін сақтау40
23Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды сақтау, тасымалдау және есепке алу тәртібін сақтамау40
24Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу тәртібін сақтамау40
25Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалау туралы дәрілік заттардың айналысы саласындағы талаптарды бұзу40
26Халыққа есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды бөлшектік сатудың, қағидасын (рецептің дұрыс жазылуын, және есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттардың босату) бұзу40
27Халыққа дәрілік заттарды дәрігердің рецептісі бойынша бөлшектік сатудың, оның ішінде науқастардың жекелеген санаттарына арналған тегін немесе жеңілдік жағдайында босатудың қағидасын (рецептің дұрыс жазылуын, оның жарамдылық мерзімін, жазып берген дәрілік заттардың үйлесімділігін тексеру) бұзу40
28Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы және есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды (оның ішінде субстанцияларды), жою қағидасын бұзу40
29Дәріхана, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені және оптика дүкені жағдайында дайындалатын дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау технологиясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының жалпы баптарының, жеке фармакопеялық баптарының, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады деп танылған шетелдік фармакопеялардың, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру40
30Дәрілік препараттарды дайындау тәртібін бұзу40
31Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібін сақтау40
32Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау тәртібін сақтау40
33Дәріханада дайындалатын дәрілік препараттардың сапасын бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ дәрілік препараттарды дайындау кезінде қателік жіберу қаупін төмендетуге жауапты провизор-талдаушының болмауы және оның жұмыс орынын қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеу40
34Дәріханаішілік бақылау жүргізу жөніндегі талаптарды бұзу40
35Сақтандыру іс-шаралары бойынша талаптарды бұзу40
36Қабылдау бақылауын жүргізу жөніндегі талаптарды бұзу40
37Жазбаша бақылау жүргізу жөніндегі талаптарды бұзу40
38Сұрау бақылауы бойынша талаптарды бұзу40
39Органолептикалық бақылау бойынша талаптарды бұзу40
40Физикалық бақылау бойынша талаптарды бұзу40
41Химиялық бақылау бойынша талаптарды бұзу40
42Босату кезіндегі бақылау бойынша талаптарды бұзу40
43Дәріханаға бақылау-талдау қызметін көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша талаптарды бұзу40
44Өндірілген дәрілік заттардың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттар болуы.40
45Дәрілік заттарды шығару үшін қажетті дәрілік субстанциялар мен жартылай өнімдерді дәрілік заттарды шығаруға немесе дәрілік заттарды көтерме саудада өткізуге құқығын куәландыратын құжаты бар тұлғалардан ғана сатып алу40
46Тиісті өндірістік практика жағдайында өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік субстанциялар немесе жартылай өнімдер пайдалану40
47Шығару үдерісінде өнімді ұйымдастыру стандартында көрсетілген стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес келмейтін қосалқы заттар, шығыс және қаптама материалдары пайдалану40
48Шығарылатын дайын фармацевтикалық өнімдер фармацевтикалық немесе медициналық қызметтің тиісті түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тұлғаларға өткізу40
49Сапаның белгіленген талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған немесе болжанған, шығарылған және өткізілген дайын өнімнің кез-келген сериясын қайтарып (шақыртып) алуының болуы40
50Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығару сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін дайын фармацевтикалық өнім шығаруды қамтамасыз ету мақсатында өндірістің технологиялық регламентіне сәйкес жүзеге асыру40
51Технологиялық үдерісті өндіруші ұйымның технологиялық регламентіне сәйкес қажетті жабдықтар мен аспаптарды пайдалана отырып, осы мақсатқа арналған үй-жайларда білікті қызметкерлер орындалмауы және бақылаудың жоқтығы40
52Өндіруші – ұйым белгілеген дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың әрбір өндірістік сериясына дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника серияларының хаттамаларының болмауы40
53Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техника серияларының хаттамасында технологиялық үдеріс барысында қабылданған әрбір әрекет белгіленеді, күні жазылады және әрбір технологиялық операцияға жауапты тұлғаның қолының жоқтығы.40
54Өндірістік үдерістегі дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканың әрбір сериясының хаттамаларында өткізуді, сондай-ақ дайын өнімнің сапасына қатысы бар барлық факторларды қоса алғанда, дайын фармацевтикалық өнімнің нақты сериясын шығару барысының қадағалануын қамтамасыз ететін ақпараттың толық көлемінің болмауы40
55Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығару үдерісін көрсететін ұйымның (өндірушінің) құжатын осы серияның жарамдылық мерзімі асқаннан кейін кемінде бір жыл ішінде ресімдеу, тіркеу және сақтауды бұзу40
56«Ұйымның (өндірістің) сапаны бақылау қызметінің өндіру үдерісінің сапасын бақылауды бұзу40
57Тұрақтылық сынақтарын жүргізу және дәрілік заттарды сақтау мен қайта бақылау мерзімін белгілеу тәртібін бұзу40
58Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуге және әкетуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сақтауға белгіленген квотаны сақтау40
59Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды (оның ішінде субстанцияларды) есепке алу, босату, салыстыру, жою, сақтау бойынша талаптарды сақтау40
60Арнайы рецептілік бланкілерді сақтау, бөлу, босату, есепке алу және жою талаптарын сақтамау40
61Дәріханада дайындалатын (дайындау құқығы бар дәріханалар үшін) дәрілік препараттарды сақтау мерзімдерін сақтамау40
62Дәрілік затты таңбалау қағидасының талаптарын бұзу40
63Этил спиртін сақтау, тасымалдау және сату (жөнелту, қабылдау) қағидасын сақтау40
64Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел, стационарлық және стационар алмастырушы көмек көрсету кезінде медицина ұйымдарындағы дәрілік заттарға қажеттілікті айқындау және қамтамасыз етуді бұзу40
65Бекітілген Тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде медицина ұйымдарындағы дәрілік заттарға қажеттілікті айқындау және қамтамасыз етуді бұзу40
66Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге бағытталған дәрілік заттарды сатып алу қағидатын сақтай отырып қамтамасыз ету ұйымдастыру, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уәкілетті орган бекіткен бағалардан аспайтын бағалар бойынша сатып алуды бұзу40
67Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу тәсілдерін сақталмауы40
68Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, сондай-ақ есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды (тағайындау) пайдалануды бұзу40
69Медицина ұйымдарында дәрілік заттардың пайдаланылуын (тағайындалуын), жанама әсерлерінің мониторингі нәтижелерін талдау және дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелерін реттеу тұрақты жүзеге асырылуының болмауы.40
70Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар медицина ұйымдарында медициналық құжаттамада сомалық және сандық мәнде және дәрілік заттарды пайдалануды есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасында есепке алынбауы40
71Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар және ақылы қызметтер көрсету үшін медицина ұйымының қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттар бөлек сақталуы және есепке алынуының болмауы40
72Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медицина ұйымдарының және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыратын дәрілік заттардың айналысы саласындағы объектілердің көрнекі ақпарат ілінетін орындарында пациенттерге арналған ақпаратты орналастырмауы40
73Дәрілік заттарды, оның ішінде құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде фармацевтикалық қызметтерді жүзеге асыратын дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, айналысы саласындағы объектілер арқылы босатуды бұзу40
74Туберкулезден зардап шегетін азаматтар амбулаториялық емдеу кезінде туберкулезге қарсы дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етпеу40
75Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету кезінде амбулаториялық дәрі-дәрмектердің пайдаланылуын автоматтандырылған бағдарламада сомалық және көлемдік көрсетілімін есепке алынбауы40
76Ай сайын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші медицина ұйымдары-амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жазылған рецептілер тізілімін және фармацевтикалық қызметтерді көрсетушілер - дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату жүзеге асыру бойынша рецептілер тізілімін ұсынбауы40
77Рецептілерін жазып беруін және Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерінің босатылатын дәрілік заттардың ресімдеуін бұзу40
78Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды есепке алуды, босатуды, салыстыруды, жоюды, дәрілік заттарды сақтауды (оның ішінде субстанцияларды) бұзу40
79Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды медициналық мақсатта пайдалану қағидасын бұзу40
80Рецептілерді жазу және Есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарды босату қағидасын бұзу40
81Арнайы рецептілік бланкілерді сақтау, бөлу, босату, есепке алу, жою және жазып берілетін есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлары бар дәрілік заттарға қойылатын талаптарды бұзу40
82Этил спиртін сақтау, тасымалдау және сату (жөнелту, қабылдау) қағидасын сақтау40
83Халықты медициналық рәсімдерді жүзеге асыруға қажетті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етудің, сондай-ақ стационарлық, стационарды алмастырушы медициналық көмекті, амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін медициналық ұйымдарында дәрілік заттарды жүргізу және жүргізуді бақылауға арналған талдаудың жоқтығы40
2. Орта бұзушылықтар
84Мамандардың бес жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттыру курстарынан өтпеуі5
85Мемлекеттік және орыс тілдерінде фармацевтикалық қызмет субъектісінің атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны және жұмыс режимі көрсетілген маңдайша жазуының болмауы5
86Фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған тиісті қосымшаның көшірмелерін танысуға ыңғайлы орындарда орналастырылмауы5
87Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің телефондары және мекенжайлары туралы ақпаратты танысуға ыңғайлы орындарда орналастырылмауы5
88Маман дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу кезінде пациентке ақпарат бермеу5
89Дәріханада дайындалатын (дайындау құқығы бар дәріханалар үшін) дәрілік препараттарды сақтау мерзімдері туралы ақпараттың болмауы5
90Белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың, бейімделген емдік өнімдердің тізбесі туралы ақпарат танысуға ыңғайлы орындарда орналастырылмауы5
91Халыққа қызмет көрсету залында сөрелер, ақпараттық стенділер ресімделеді, жарнамалық ақпарат (профилактикалық сипаттағы парақтар, буклеттер) дұрыс орналастырылмауы5
92Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен тиісті шарттары бар, бөлшек саудада өткізу объектілерінде тиісті денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен тегін және (немесе) жеңілдікті берілетін дәрілік заттар рецептілеріне қол қоюға құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізімдері және қол қою үлгілері орналастырылмауы5
93Дұрыс жазып берілмеген рецептілер туралы ақпаратты ұсынбау5
94Рецептілерді сақтау мерзімдерін сақтау және оларды жою рәсімдерін сақтамау5
95Дәрiлiк заттардың жанама әсерлерiнiң мониторингiсін жүргізбеу5
96Дәрілік препараттарды медициналық ұйымдарға босату кезінде шарттарды сақтамау5
97Дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналының болмауы5
98Медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға қажеттілігін айқындау5
99Кіріске алынбаған және ресімделген құжаттары жоқ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізуді жүзеге асыру.5
100Бекітілген нысанға сәйкес дәрілік препараттардың сапасын бақылау жөніндегі жұмыс туралы жыл сайынғы есебін ұсынбау5
101«Рецепт жарамсыз» деген мөр қойылған жарамсыз рецептілер бойынша шара қабылдамау5
102Дәрілік препараттардың сапасын бақылау жөніндегі жұмыс туралы жыл сайынғы есебін ұсыну5
103Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жедел, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін түскен дәрілік заттар медицина ұйымының атауы, оның мекен-жайы көрсетіле отырып, медицина ұйымының арнайы мөртаңбасымен және «Тегін» деген белгі жоқ5
104Қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет медицина ұйымдарында сақталатын дәрілік заттарды түгендеу жүргізбеу5
105Жедел жәрдем көрсету кезінде көрсетілген жедел жәрдем туралы пайдаланылған дәрілік заттардың атаулары мен көлемдері көрсетілген ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттамада көрсетіледі. Жедел жәрдем ұйымы ақпаратты науқастың тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медицина ұйымына бермеуі5
106Ай сайын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарына амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші медицина ұйымдары-амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жазылған рецептілер тізілімін және фармацевтикалық қызметтерді көрсетушілер - дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату жүзеге асыру бойынша рецептілер тізілімін ұсынбау.5
3. Болмашы бұзушылықтар
107Пікірлер мен ұсыныстар кітабын танысуға ыңғайлы орындарда болмауы1
108Фармацевтикалық анықтама қызметінің телефон нөмірлері туралы ақпаратты танысуға ыңғайлы орындарда болмауы1
109«Дәрілік заттар балаларға босатылмайды» ақпаратының болмауы1
110«Дәрігердің рецептісі бойынша босатылуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуге тыйым салынады» ақпаратының болмауы1
111«Дәрілік заттар қайтарылмайды және ауыстырылмайды» ақпаратының болмауы1

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы айналысы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне 2-қосымша

нысан Бекітемін _________________________________ (облысының, Алматы, Астана қ.қ.) Бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы ______________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы) _____жылғы «____» ____________

Тексеру мерзімділігін белгілеу үшін тексерілетін субъектінің тәуекел дәрежесін анықтау есебі ___________________________________________ нысанның атауы

Р/с №Объективті критерий бойынша тәуекел тобыЖиналған баллдар саныСубъективті критерий бойынша баллдар диапазоныЖеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесіТексерудің мерзімділігі
123456

Қорытынды _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (объектінің атауы, оның тәуекел дәрежесі мен тексеру еселігі жазбаша көрсетіледі) _____________________________________________________________________ Есепті жүргізген маманның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы

Іздеу атаулары: №609 бұйрық, 609-бұйрық, приказ 609, алты жүз тоғызыншы бұйрық, 609 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.