Мақала
Бұйрықтар

№ 48 бұйрық (25.08.2014): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 48 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 3 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 қыркүйекте № 9755 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
48
Қабылданған күні
25.08.2014
Актіні өзгерту күні
30.11.2015
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Бақылау субъектісіне бару критерийлері

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.11.2015 № 905 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.12.2015 № 763 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 328-бабының 6-тармағына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған бақылау субъектісіне бару критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін, 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Б. ДүйсеноваҚазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.А. Досаев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 28 тамыздағы №3 және Қазақстан Республикасының лттық экономика министрінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №48 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Бақылау субъектісіне бару критерийлері

1. Қызметін экономиканың мынадай жарақаттану қаупі бар экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бару субъектілері болып табылады: 1) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру; 2) құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда); 3) электр энергиясын өндіру, жіберу және тарату; 4) сумен жабдықтау, кәріз жүйесі (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды, қалдықтарды өңдеуді, рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда); 5) ауыл, орман-және балық шаруашылығы; 6) өңдеу өнеркәсібі (кеме және жүзу құрылымдарын жасауды, жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда); 7) көлік және қоймаға жинау (теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, почта және курьер қызметін қоспағанда). 2. Қызметкерлерінің санына байланысты бақылау субъектілері үш топқа бөлінеді: қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан артық субъектіге бару - жылына бір реттен аспайды; қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан артық субъектіге бару - екі жылда бір реттен аспайды; қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамға дейінгі субъектіге бару - үш жылда бір реттен аспайды.

Іздеу атаулары: №48 бұйрық, 48-бұйрық, приказ 48, қырық сегізінші бұйрық, 48 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.