Мақала
Бұйрықтар

№ 235 бұйрық (17.04.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектіcі іске асыратын көрсетілетін қызметтерге бағаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11073 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
235
Қабылданған күні
17.04.2015
Актіні өзгерту күні
01.03.2016
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы
  2. Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 № 67 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағалары бекітілсін. 2. Мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов _______________ 2015 жылғы 17 сәуір

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығына 1-қосымша

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы

Р/с №Көрсетілетін қызметтің атауыӨлшем бірлігіҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен
1234
1Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем алушылардың макеттерді қалыптастыру1 макет2 642,83
2Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан әлеуметтік төлем сомаларын алушылардың шоттарына аудару1 төлем256,30
3Міндетті әлеуметтік аударымдарды және (немесе) олар бойынша өсімпұлды төлеушілерден Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару1 төлем тапсырмасы7,84
4Жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар сомаларын қайтару1 төлем тапсырмасы594,80

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 235 бұйрығына 2-қосымша

Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтердің бағасы

Р/с №Көрсетілетін қызметтің атауыӨлшем бірлігіҚҚС қоспағанда, бағасы, теңгемен
1234
1Республикалық бюджеттен зейнетақы алушылардың, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың макеттерді қалыптастыру1 макет2 908,34
2Республикалық бюджеттен жәрдемақы алушылар үшін макеттерді қалыптастыру1 макет2 642,83
3Республикалық бюджет есебінен төленетін зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдер сомаларын алушылардың шоттарына аудару1 төлем256,30
4Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және баланың бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын аудару1 төлем тапсырмасы24,13
5Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке оның өтініші бойынша қайтару1 төлем тапсырмасы484,61
6Орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру - Әлеуметтік қамсыздандырудың бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіруайына 1 қызмет7 281 379,70
7Орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру - «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйесін әкімшілендіруайына 1 қызмет1 819 666,67
8Заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық көрсетілетін қызмет ұсыну1 ақпарат588,79
9Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері туралы ақпарат беру1 ақпарат186,77
10Белгілі бір кезеңге міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының саны және орташа сомасы туралы ақпарат ұсыну1 ақпарат197,13
11Зейнетақы төлемдерінің саны және орташа сомасы туралы ақпарат беру1 ақпарат197,13
12Міндетті зейнетақы жарналарының 3 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде1 ақпарат189,73
13Міндетті зейнетақы жарналарының 6 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде1 ақпарат207,01
14Міндетті зейнетақы жарналарының 12 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде1 ақпарат334,01
15Міндетті зейнетақы жарналарының 36 айдағы аударымдарының саны мен сомасы туралы ақпарат, айлар бөлінісінде1 ақпарат461,30
16Салымшылардың саны және олардың аударымдарының мөлшері туралы ақпаратты БСН/СТН бөлінісінде салымшылардың тізімдерімен қоса ұсыну1 ақпарат219,89
17Салымшының міндетті зейнетақы жарналарының аударылған сомасы туралы агенттерге растау1 ақпарат219,89

Іздеу атаулары: №235 бұйрық, 235-бұйрық, приказ 235, екі жүз отыз бесінші бұйрық, 235 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.