Мақала
Бұйрықтар

№ 380 бұйрық (22.05.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11421 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
380
Қабылданған күні
22.05.2015
Актіні өзгерту күні
08.10.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.10.2020 № ҚР ДСМ-118/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері:

1) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;

2) медициналық ұйымдардың мамандарын, оның ішінде медициналық емес білімі бар мамандарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрТ.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығына қосымша

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

№АтауыСаны
1.Зарарсыздандырылған бинт2 дана
2.Зарарсыздандырылмаған бинт2 дана
3.Мақта1 қаптама
4.Зарарсыздандырылған қолғап № 7-86 дана
5.Лейкопластырь1 қаптама
6.Жгут1 дана
7.Этил спирті 70%1 құты
8.Груша (сілекейді сору үшін)1 дана
9.Зарарсыздандырылған шпатель (ауыз қуысын ашуға арналған)1 дана
10.Амбу қабы1 дана
11.Тонометр1 дана
12.Фонендоскоп1 дана
13.Валидол 0,06 г1 қаптама
14.Нитроглицирин 0,0051 қаптама
15.Аммиак ертіндісі 10%1 құты
16.Эпинефрин1 қаптама
17.Иод ертіндісі 5%1 құты

Іздеу атаулары: №380 бұйрық, 380-бұйрық, приказ 380, үш жүз сексенінші бұйрық, 380 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.