Мақала
Бұйрықтар

№ 432 бұйрық (29.05.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Орфандық препараттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11494 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
432
Қабылданған күні
29.05.2015
Актіні өзгерту күні
20.10.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Орфандық препараттардың тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.10.2020 № ҚР ДСМ - 142/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы, 1-тармағының 108) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес орфандық препараттардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 432 бұйрығымен бекітілген

Орфандық препараттардың тізбесі

№Дәрілік заттардың атауыАурулардың халықаралық жіктемесі 10 – қайта қарау бойынша аурулардың тобы (бұдан әрі- АХЖ -10) *Сирек аурулардың синонимдері және атауларыАХЖ-Х 10 бойынша коды
12345
1.Күйдіргіге қарсы вакцина Күйдіргіге қарсы глобулинКүйдіргіКүйдіргіА 22
2.РибавиринҚырым геморрагикалық қызбасыКонго вирусы тудырған қырым геморрагиялық қызбасыА 98.0
3.Артемизин Примахин Хинидин Хлорохин Хинин Мефлохин гидрохлориді Артесунат Галофантрин Пафурамидин малеатыБезгекPl.Vivax, Pl. ovale, Pl. Malariae, Pl. falciparum, тудырған безгекВ 50 В 53
4.Липосомалді Амфотерицин В Милтефозин Олеил фосфохолин Паромомицина сульфаты ТретазикарЛейшманиозЛейшманиозВ 55
5.Интерферон бетаБалалардағы мұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігіБалалардағы мұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігі(назофаренгиалдық карцинома)С 11
6.Пеметрексед Митомицин СБалалардағы мезотелиомаӨкпеқап мезотелиомасыС 45.0
7.МелфаланБалалардағы көздің, оның қосалқы торқабығы аппаратының қатерлі ісігіТорқабықтың қатерлі ісіктері (ретинобластома)C 69.2
8.Изотретиноин Циклофосфамид Месна Лобенквана сульфаты Линистиниб МитотанБалалардағы бүйрек үсті безінің қатерлі ісігіБүйрек үсті безі қыртысының қатерлі ісіктеріC 74.0
9.Оксалиплатин Трофосфамид Этопозид Идарубицин Актиномицин Кармуцин БлеомицинБалалардағы орналасуы анықталмаған салдарлық қатерлі ісікКарциномаС 80
10.Брентуксимаб Бендамустин** Мелфалан** Треосульфан** Флударабин** Циклофосфамид** Доксорубицин Блеомицин Филграстим** ПЭГфилграстим** Плериксафор**Ересектердегі ходжкинауруы (лимфагранулематоз)Ходжкин ауруыС 81
11.Брентуксимаб Бендамустин ** Мелфалан** Треосульфан** Циклофосфамид** Ибрутиниб Филграстим** ПЭГфилграстим** Плериксафор** Паралатрексат Ритуксимаб** ХлорамбуцилТаралған ходжкиндік емес лимфомаТаралған ходжкиндік емес лимфомаС 83
12.6-Меркаптопурин Азацитидин Аспарагиназа Бендамустин ** Блинатумомаб Бозутиниб Бортезомиб Брентуксимаб Бусульфан** Гемтузумаб Гидроксимочевина Дазатиниб Даунорубицин Децитабин Идарубицин** Иматиниб Карфилзомиб Кладрибин Леналидомид Мелфалан** Месна** Метотрексат** Мофетил микофенолаты** Нилотиниб Пентостатин Плериксафор** Понатиниб ПЭГ Аспарагиназа, ПЭГфилграстим** Ритуксимаб** Руксолитиниб Такролимус** Талидомид, Треосульфан** Третиноин, Филграстим** Флударабин** Циклоспорин** Циклофосфамид** Цитарабин**Ересектердегі қатерлі иммунопролиферациялық ауруларВальденстрем макроглобулинемиясыC 88.0
13.Ересектердегі көптеген миелома мен қатерлі плазма жасушалы ісіктерКөптеген миеломаC 90.0
14.Лимфалық лейкоз (лимфолейкоз)Жіті лимфобластылық лейкоз Түкті жасушалы лейкозС 91.0 C 91.4
15.Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Жіті миелоидты лейкоз Жіті промиелоцидті лейкоз Ересектердегі жіті миеломоноцитті лейкозС 92.0 C 92.4 С 92.5
16.Миелоидты лейкоз (миелолейкоз) Миелодиспластикалық синдромдарСозылмалы миелоидты лейкоз Ювенилдік созылмалы миеломоноцитарлық лейкоз, рефрактерлік анемия, бластар санының артуымен рефрактерлік анемияС 92.1
17.Ересектердегі миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Моноцитарлық лейкозС 93
18.Ересектердегі миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Миелодтық саркомаС 92.3
19Ересектердегі лимфалық лейкоз (лимфолейкоз) Ересектердегі созылмалы миелопролиферациялық ауруСозылмалы лимфоциттік лейкоз Идиоптиялық миелофиброзС 91.1 D47.1
20.Дефероксамин Деферазирокс ГидроксимочевинаГемолиздік анемияларАльфа-талассемия, бета-талассемия, дельта-бета-талассемия, гемоглобиннің тұқым қуалайтын қайталануы, кризбен орақ тәрізді жасушалы бұзылулар,кризh b-SS ауруы, кризсіз орақ тәрізді жасушалы анемия, қос гетерозиготтық орақ тәрізді жасушалы бұзылуларD 56 D 56.0- D 56.2 D 56.4 D 57 D57.0-D57.2
21.ЭкулизумабҰстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели)Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі(Маркиафавтар-Микели)D 59.5
22.Антитимоцитарлы глобулин** Дефероксамин Деферазирокс Такролимус** Треосульфан** Циклоспорин** Циклофосфамид**Аплазиялық анемияАплазиялық анемияD61.9
23.Ромипластим Элтромбопаг Адамның қалыпты иммуноглобулиніИдиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураЭванс синдромыD 69.3
24.Кладрибин Винбластин сульфатыБасқа айдарларда жіктелмеген Лангерганс жасушаларынан пайда болған гистиоцитозГистиоцитозD 76.0
25.Адамның қалыпты иммуноглобулині Интерферон гамма-1-вИммундық механизм қамтылған жеке бұзылуларБастапқы иммунтапшылықтарыD 80-D 84
26.Пиридоксин гидрохлориді вена ішіне жіберуге арналған инъекцияВ тобының басқа витаминдерінің жеткіліксіздігіВ 6 витаминінің жеткіліксіздігіЕ 53.1
27.Алглюкозидаза альфаГликоген жиналу ауруларыПомпе ауруы (2 типті гликогеноз)E 74.0
28.Агалсидаза Миглюстат Имиглюцераза Велаглюцераза Бутилдеоксигалактоуримицин Аглюцераза Элиглустат Изофагоминатартрат Талиглюцераза альфаБасқа сфинголипидоздарФабри (-Андерсон) ауруы, Гаучер ауруы (Гоше ауруы), Краббе ауруы, Ниман-Пик ауруы (С типті Ниман-Пик ауруы, А/В типті Ниман-Пик ауруы), Фарбер синдромы (Фарбер ауруы), метахроматикалық лейкодистрофия, сульфатаза жеткіліксіздігі (көптеген сульфатаздық жеткіліксіздік)E 75.2
29.Ларонидаза Идурсульфаза Галсульфаза ЭлосульфазаМукополисахаридозМукополисахаридоз, I типті: Гурлер, Гурлер-Шейе, Шейе синдромы, Мукополисахаридоз II типті: Гунтер синдромы, басқа мукополисахаридоздар:бета-глюкуродиназа жеткіліксіздігі, мукополисахаридоз III, IV, VI,VII, синдромдар: Марото-Лами синдромы (жеңіл, ауыр), Морико (моркио-тәрізді, классикалық), Санфилиппо (В, С, D типті)E 76.0-E 76.2
30.Аргинат гемма ГеминПорфирияларТұқымқуалайтын көпропорфирия, кезектесетін жіті порфирия (бауыр)E 80.2
31.Д-пеницилламин, Триентин дигидрохлориды Цинка ацетатМыс алмасуының бұзылуыМенкес ауруы, Вильсон ауруы, (Вильсон-Коновалов ауруы, гепатолентикулярлық дегенерация)E 83.0
32.Дорназа – альфа Колиместат натрия Панкреатин Тиамфеникол ацетилцистеинаты Ацетилцистеин Тобрамицин (ингаляциялық түрі)Зат алмасуының бұзылуыБасқакөріністіжылауықты фиброз (муковисцидоз)Е 84.8
33.Колхицин Анакинра Инфликсимаб ЭтанерцептНевропатиясыз, отбасылық тұқым қуалайтын амилоидозОтбасылық жер орта теңізі қызбасы (кезеңдік ауру), тұқым қуалайтын амилоидты нефропатияE 85.0
34.Тазартылған адам альфасы-1- антитрипсинПлазма белоктары алмасуының бұзылуларыб-1-антитрипсин жеткіліксіздігі, бис-альбуминемияE 88.0
35.Ксалипроден гидрохлориді Аримокломол Рилузол Филграстим Олесоксим Сарсасапогенин Смилагенин ТалампанелҚозғалтқыш невронның ауруы. Қозғалтқыш невронның отбасылық ауруыАмиотрофиялық бүйірлік беріштену, күшейген арқа бұлшықеттік атрофиясыG 12.2
36.НатализумабБалалардағы шашыраңқы берішТубероздық беріштік кешен (SEGA)G 35
37.Клобазам СтирипентолБалалардағы драв синдромдарыДрав синдромдарыG40.4
38.ТрихептаноинБалалардағы Glut 1 тапшылық синдромыGlutI глюкозасының транспортері тапшылығы синдромыG 93.4
39.Преднизолон Метилпреднизолон Гидроксихлорохин Азатиоприн Циклофосфамид Циклоспорин Метотрексат Ацетилцестеин ПирфенидонӨкпесінің интерстициалдық басқа ауруларыИнтерстициалдық өкпе ауруы, альвеолярлық ж?не парието - альверлярлық бұзылулар, альвеолярлық протеиноз, өкпенің альвеолярлық микролитиазы, таралған өкпе фиброзы, криптогенді фиброздаушы альвеолит, Хаммен-Рич синдромы, идиопатиялық өкпенің фиброзы, лимфангиолейомио-матоз, интерстициалдық пневмония нақтыланған, Интерстициалдық өкпе нақтыланбаған ауруы, ҚН интерстициалдық пневмонияJ84 J 84.0 J 84.1 J 84.8 J 84.9
40.Бозентан Илопрост СилденафилӨкпелік бастапқы гипертензияИдиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы (бұдан әрі - ӨАГ ), тұқымқуалаушы ӨАГI 27.0
41.6 – дан асқан жастағы балаларға арналған инфликсимаб 6 – дан асқан жастағы балаларға арналған адалимумабЖұқпалы емес энтерит пен колитКрон ауруы, ойық жаралы колитK 50 K 51
42.Диафенилсульфон Клофазимин Преднизолон Афамеланотид Велтузумаб Микофенолата мофетилБуллалы бұзылуларКүлдіреуік, Дюринг ауруыL10 L 13.0
43.Инфликсимаб Тоцилизумаб Адалимумаб ЭтанерцептБалалардағы жасөспірімдердің жүйелік бастамалы артритіЮвенилді идиопатикалық артрит жүйелі нұсқасыM 08.2
44.Адамның қалыпты иммуноглобулині Азатиоприн Инфликсимаб (6-дан және одан үлкен жастағы балаларға арналған) Метотрексат Ритуксимаб БелимумабДәнекер тіннің жүйелік зақымдануларыБалалардағы сілемейлі-терілік лимфонодулалық (Кавасаки) синдромы, Вегенергранулематозы Аорта доғасы синдромы (Такаясу) Микроскопиялық полиангиит Жүйелі қызыл жегі Балалардағы дерматомиозит Балалардағы полимиозит Бехчет ауруыМ 30.3 М 31.3 M 31.4 М 31.8 М 32.1 М 33 М 33.2 M 35.2
45.Ибандрон қышқылыАяқталмаған остеогенезАяқталмаған остеогенезQ 78.0
46.Ацитретин Изотретиноин Лиарозол Талорозол Тазаротен Салицил жақпа майыТуабіткен ихтиозТуабіткен ихтиоз (әртүрлі нысандар), CHILD синдромыQ 80
47.Декспантенол Аллантоин ДиацереинаКөпіршікті эпидермолизБуллезді эпидермолизQ81

Ескертпе:

* сырқаттанушылық "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының, 1-тармағының 110) тармақшасына сәйкес орфандық (сирек кездесетін) аурулардың Тізбесіне сай;

** транспланттауды жүргізу үшін пайдаланылатын препараттар.

Іздеу атаулары: №432 бұйрық, 432-бұйрық, приказ 432, төрт жүз отыз екінші бұйрық, 432 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.