Мақала
Бұйрықтар

№ 370 бұйрық (22.05.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11511 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
370
Қабылданған күні
22.05.2015
Актіні өзгерту күні
20.10.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.10.2020 № ҚР ДСМ - 142/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен бекітілген

Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесі

Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.02.2018 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.08.2019 № ҚР ДСМ-115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2020 № ҚР ДСМ-13/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

№АХЖ-10 бойынша аурулар (тобы)Сирек аурулардың синонимы және атауыСанатыАХЖ-Х 10 бойынша коды
12345
1.Күйдіргі*Bacillus anthracis-тен туындаған күйдіргіИнфекциялық аурулар (бактериалық зооноздар)А 22
2.Қырым геморрагиялы қызбасы*Конго вирусы тудырған қырым геморрагиялық қызбасыИнфекциялық ауруларА 98.0
3.Безгек*Pl. falciparum Pl.Vivax, Pl. ovale, Pl. Malariae тудырған безгекИнфекциялық (протозойдық) ауруВ 50 В 53
4.Лейшманиоз*ЛейшманиозИнфекциялық (протозойдық) ауруВ 55
5.Балалардағы мұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігіМұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігі (назофаренгиалдық карцинома)ІсікС 11
6.Балалардағы мезотелиомаӨкпеқап мезотелиомасыІсікС 45.0
7.Балалардағы көздің, оның қосалқы торқабығы аппаратының қатерлі ісігіТорқабықтың қатерлі ісігі (ретинобластома)ІсікС 69.2
8.Балалардағы бүйрекүсті безінің қатерлі ісігіБүйрекүсті безі қыртысының қатерлі ісігіІсікС 74.0
9.Балалардағы орналасуы анықталмаған салдарлық қатерлі ісікКарциномаІсікС 80
10.Ересектердегі ходжкин ауруы (лимфагранулематоз)Ходжкин ауруыІсікС 81
11.Ересектердегі таралған ходжкиндік емес лимфомаТаралған ходжкиндік емес лимфомаІсікС 83
12.Ересектердегі қатерлі иммуно пролиферациялық ауруларВальденстрем макроглобулинемиясыІсікC 88.0
13.Ересектердегі көптеген миелома мен қатерлі плазма жасушалы ісіктерКөптеген миеломаІсікC 90.0
14.Лимфалық лейкоз (лимфолейкоз)*Жіті лимфобластық лейкозІсікC 91.0
15.Ересектердегі лимфалық лейкоз (лимфолейкоз)Созылмалы лимфоциттік лейкозІсікC 91.1
16.Ересектердегі лимфоидтық лейкоз(лимфолейкоз)Түкті жасушалы лейкозІсікC 91.4
17.Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)*Созылмалы миелоидты лейкозІсікС 92.1
18.Миелоидты лейкоз (миелолейкоз)*Ересектердегі жіті миелоидты лейкоз Жіті промиелоцидті лейкоз* Ересектердегі жіті миеломоноцитті лейкозІсікС 92.0 C 92.4 C 92.5
19.Ересектердегі миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Миелодтық саркомаІсікC 92.3
20.Ересектердегі миелоидты лейкоз (миелолейкоз)Моноцитарлық лейкозІсікС 93
21.Миелодиспластикалық синдромдар*Ювенилдік созылмалы миеломоноцитарлық лейкоз, рефрактерлік анемия, бластар санының артуымен рефрактерлік анемияІсікD 46
22.Ересектердегі созылмалы миелопролиферациялық ауруИдиоптиялық миелофиброзІсікD 47.1
23.Ересектердегі гемолиздік анемияларАльфа-талассемия, бета-талассемия, дельта-бета-талассемия, гемоглобиннің тұқым қуалайтын қайталануы, кризбен орақ тәрізді- жасушалық бұзылулар, криз hb-SS ауруы, кризсіз орақ тәрізді- жасушалық анемия, қос гетерозиготтық орақ тәрізді жасушалы бұзылуларҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 56 D 56.0- D 56.2 D 56.4 D 57 D 57.0-D 57.2
24.Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели)*Ұстамалы гемоглобинурия, түнгі (Маркиафавтар-Микели)Қан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 59.5
25.Аплазиялық анемия*Аплазиялық анемияҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 61.9
26.Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура*Эванс синдромыҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 69.3
27.Балалардағы басқа айдарларда жіктелмеген Лангерганс жасушаларынан пайда болған гистиоцитозГистиоцитозҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 76.0
28.Иммундық механизм қамтылған жеке бұзылулар*Бастапқы иммун тапшылықтарыҚан, қан өндіретін ағзалардың аурулары және иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 80-D 84
29.В тобының басқа витаминдерінің жеткіліксіздігі*В6 витаминінің жеткіліксіздігіЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыЕ 53.1
30.Гликоген жиналу аурулары*Помпе ауруы (2 типті гликогеноз)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 74.0
31.Басқа сфинголипидоздар*Фабри (-Андерсон) ауруы, Гаучер ауруы (Гоше ауруы), Краббе ауруы, Ниман-Пик ауруы (А,В,С типі), Фабер синдромы, метахроматикалық лейкодистрофия, сульфатаза жеткіліксіздігі (көптеген сульфатаздық жеткіліксіздік)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 75.2
32.Мукополисахаридоз*I типті мукополисахаридоз: Гурлер, Гурлер-Шейе, Шейе синдромы, II типті мукополисахаридоз: Гунтер синдромы, басқа мукополисахаридоздар: бета-глюкуродиназа жеткіліксіздігі, III, IV, VI, VII мукополисахаридоз, синдромдары: Марото-Лами синдромы (жеңіл, ауыр), Морико (моркио-тәрізді, классикалық), Санфилиппо (В, С, D типті)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 76.0 E 76.1 E 76.2
33.Порфириялар*Тұқым қуалайтын копропорфирия, кезектесетін жіті порфирия (бауыр)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 80.2
34.Мыс алмасуының бұзылуы*Менкес ауруы, Вильсон ауруы, (Вильсон-Коновалов ауруы, гепатолентикулярлық дегенерация)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 83.0
35.Зат алмасуының бұзылуы*Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 84.8
36.Невропатиясыз, отбасылық тұқым қуалайтын амилоидоз*Отбасылық жер орта теңізі қызбасы (кезеңдік ауру), тұқым қуалайтын амилоидты нефропатияЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 85.0
37.Плазма белоктары алмасуының бұзылулары*б-1-антитрипсин жеткіліксіздігі, бис-альбуминемияЭндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылысыE 88.0
38.Қозғалтқыш невронның ауруы. Қозғалтқыш невронның отбасылық ауруы*Амиотрофиялық бүйірлік беріштену, күшейген арқа бұлшықеттік атрофиясыНерв жүйесінің ауруыG 12.2
39.Балалардағы шашыраңқы берішБалалардағы шашыраңқы берішДемиелинизацияланатын орталық нерв жүйесінің ауруларыG 35
40.Балалардағы драв синдромдарыДрав синдромдарыНерв жүйесінің ауруыG 40.4
41.Балалардағы Glut 1 тапшылық синдромыGlut I глюкозасының транспортері тапшылығы синдромыНерв жүйесінің ауруыG 93.4
42.Ересектер өкпесінің интерстициалдық басқа ауруларыИнтерстициалдық өкпе ауруы, альвеолярлық және парието - альверлярлық бұзылулар, альвеолярлық протеиноз, өкпенің альвеолярлық микролитиазы, таралған өкпе фиброзы, криптогенді фиброздаушы альвеолит, Хаммен-Рич синдромы, идиопатиялық өкпенің фиброзы, лимфангиолейомио- матоз, нақтыланған интерстициалдық пневмония, нақтыланбаған интерстициалдық өкпе ауруы, ҚН интерстициалдық пневмонияТыныс алу мүшелерінің ауруыJ 84 J 84.0 J 84.1 J 84.8 J 84.9
43.Өкпелік бастапқы гипертензия*Идиопатикалық ӨАГ, тұқымқуалаушылық ӨАГҚанайналым жүйесінің ауруыI 27.0
44.Жұқпалы емес энтерит пен колит*Крон ауруы, спецификалық емес ойық жара колитіАсқорыту ағзасының ауруыK 50 K 51
45.Буллалы бұзылулар*Күлдіреуік, Дюринг ауруыТері және теріасты жасушасының ауруыL 10 L 13.0
46.Балалардағы жасөаспірімдердің жүйелік бастамалы артритіЮвенилдік идиопатикалық артрит жүйелік нұсқаСүйек-бұлшық жүйесінің және қосушы тін ауруыM 08.2
47.Дәнекер тіннің жүйелік зақымданулары*Балалардағы сілемейлі-терілік лимфонодулярлық (Кавасаки) синдромы Вегенер гранулематозы* Аорта доғасы синдромы (Такаясу)* Микроскопиялық полиангиит* Жүйелік қызыл жегі* Балалардағы дерматомиозит Балалардағы полимиозит Бехчет ауруы*Сүйек-бұлшық жүйесінің және қосушы тін ауруыМ 30.3 М 31.3 М 31.4 М 31.8 М 32.1 М 33 М 33.2 М 35.2
48.Аяқталмаған остеогенез*Аяқталмаған остеогенезТуа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстарQ 78.0
49.Туа біткен ихтиоз*Туа біткен ихтиоз (әртүрлі нысандар), CHILD синдромыТуа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстарQ 80
50.Көпіршікті эпидермолиз*Буллалық эпидермолизТуа біткен аномалия (қан ақаулары), деформация және хромосомдық бұзылыстарQ 81
51.VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы ІХ фактордың тұқым қуалайтын тапшылығыГемофилия А Кристмас ауруы Гемофилия ВҚанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 66 D 67
52.Виллебранд ауруыҰюшылықтың басқа бұзылуларыҚанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 68.
53.Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығыТуа біткен афибриногенемия Фактор тапшылығы VІІ [тұрақты] Фактор тапшылығы ІI [протромбиннің] Фактор тапшылығы Х [Стюарттың-Прауэрдің]Қанның, қан өндіру ағзаларының аурулары жəне иммундық механизмді қамтитын жеке бұзылуларD 68.2
54.Гипофиз гиперфункцияларының басқа да жағдайларыОрталық пайда болудың уақытынан бұрын жыныстық жетілуіБасқа да эндокриндік бездердің бұзылуыЕ 22.8
55.ГипопитуитаризмГипогонадотроптық гипогонадизм. Өсу гормонының идиопатиялық жеткіліксіздігі.Басқа эндокриндік бездердің бұзылуларыЕ 23.0
56.Классикалық фенилкетонурияХош иісті амин қышқылы метаболизмінің бұзылуына байланысты ферментопатия тобының тұқым қуалайтын ауруыЗат алмасуының бұзылуларыЕ 70.0
№10-шы қайта қаралған аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша аурулар (топ) - (бұдан әрі - АХЖ-10)Сирек кездесетін аурулардың синонимдері мен атауларыСанатыАХЖ-10 бойынша коды
12345
57Нерв-бұлшықет синапсы және бұлшықет ауруларыБұлшықет дистрофиясы: Дюшенн немесе Беккер типті аутосомды рецессивті, ерте контрактуралары (Эмери-Дрейфус) бар жауырын-перонеальды), дистальды иық-жауырын-бет, аяқ-қол-бел, көз бұлшық еті, көз жұтқыншақ (окулофарингеалды). Миотоникалық Штейнер дистрофиясы. Миотония туа біткен Томсен. Исаакс нейромиотониясы. Туа біткен парамиотония. Туа біткен бұлшықет дистрофиясы: бұлшықет талшығының ерекше морфологиялық зақымдануы. Орталық ядро ауруы, миниядролы, мультиядролы Талшықтар типтерінің диспропорациясы. Миотубулярлы миопатия (орталық ядролы), немалиндік (немалинді дене ауру). Басқа айдарларда жіктелмеген митохондриялық миопатияБастапқы бұлшық ет бұзылуларыG 71.0 –G 71.3
58Жоғары дәрежелі қатерлі глиальды ісіктерҮлестері мен қарыншаларынан басқа, мидың қатерлі ісігі. Маңдай бөлігінің қатерлі ісігі. Самай бөлігінің қатерлі ісігі. Шеке бөлігінің қатерлі ісігі. Қарақұс бөлігінің қатерлі ісігі. Ми қарыншаларының қатерлі ісігі. Мишықтың қатерлі ісігі. Ми сабауының қатерлі ісігі. Мидың жоғарыда көрсетілген бір немесе одан көп орын алу шегінен шығып жатқан зақымдануы. Мидың орналасу орны анықталмаған қатерлі ісігі.Қатерлі ісіктерС 71.0 – С 71.9
59Дәріге көнбейтін туберкулезКөптеген дәріге көнбейтін өкпе және өкпеден тыс орындағы туберкулезі Ауқымды дәріге көнбейтін өкпе және өкпеден тыс орындағы туберкулез Аса ауқымды дәріге көнбейтін өкпе және өкпеден тыс орындағы туберкулезИнфекциялық ауруларА15.0-А19.0

Ескертпе:

* балалар мен ересектердің аурлары;

БДУ – қосымша нақтылаусыз

МКБ - Аурулардың халықаралық жіктемесі – 10 қарау;

ЛАГ – өкпе артериясының гипертензиясы.

Іздеу атаулары: №370 бұйрық, 370-бұйрық, приказ 370, үш жүз жетпісінші бұйрық, 370 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.