Мақала
Бұйрықтар

№ 367 бұйрық (21.05.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11512 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
367
Қабылданған күні
21.05.2015
Актіні өзгерту күні
23.09.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі
  2. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.09.2020 № ҚР ДСМ-108/2020 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова

"КЕЛІСІЛГЕН"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев _______________

2015 жылғы 29 мамыр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21сәуірдегі № 367 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі

Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.01.2020 № ҚР ДСМ-7/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№АуруларАХЖ 10 кодтары
1ТуберкулезA15-A19;
2Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруB20-B24;
3Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозыВ18.0, В18.1, В18.2, В18.8, В19, К74;
4Қатерлі ісіктерС00-97; D00-09; D37-48;
5Қант диабетіE10-E14;
6Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуыF00-F99;
7Балалардың церебралдық параличіG80;
8Миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай)I21, I22, I23;
9РевматизмI00-I02; I05-I09; M12.3; M35.3;
10Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларыM30-M36;
11Нерв жүйесінің дегенерациялық ауруларыG30-G32;
12Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларыG35-G37;
13"Орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 370 бұйрығымен айқындалған орфандық аурулар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11511 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған)В55, D56, D56.0-D56.2, D56.4, D57, D57.0-D57.2, D59.5, D61.9, D69.3, D76.0, D80-D84, Е53.1, E74.0, E75.2, E76.0- E76.2, E80.2, E83.0, Е84.8, E85.0, Е88.0, G12.2, G35, G40.4, G93.4, J84, J84.0, J84.1, J84.8, J84.9, I27.0, K50, K51, L10, L13.0, M08.2, М30.3, М31.3, M31.4, М31.8, М32.1, М33, М33.2, M35.2, Q78.0, Q80, Q81

Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі

№АуруларАХЖ-10 кодтары
1Адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауру (АИВ)B20-B24;
2Геморрагиялық қызбаА90-А99;
3ДифтерияА36;
4Менингококтік жұқпаА39;
5ПолиомиелитА80;
6МерезА50-А53.9
7АлапесА30;
8Безге кВ50-54;
9КүйдіргіА22;
10ТуляремияА21;
11ТуберкулезА15.0- А19;
12ТырысқақА00;
13ОбаА20;
14Іш сүзегіA01.0.
15Жіті вирустық гепатитВ 15; 16; 17;
16Психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуыF06.0-F06.3, F06.8-F07.9, F10.2-F10.8, F11.2-F11.8, F12.2-F12.8, F13.2-F13.8, F14.2-F14.8, F15.2-F15.8, F16.2-F16.8, F18.2-F18.8, F19.2-F19.8, F20.0-F20.2, F22, F30.2, F31.2, F31.4-F31.5, F32.2-F32.3, F33.2-F33.3, F60.0-F60.3, F70-F79, F91.1-F91.3;
17Анықталмаған локализациядағы коронавирустық инфекцияВ 34.2

Іздеу атаулары: №367 бұйрық, 367-бұйрық, приказ 367, үш жүз алпыс жетінші бұйрық, 367 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.