Мақала
Бұйрықтар

№ 423 бұйрық (19.06.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Біліктілік санаттарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 493 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11794 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 2 шiлдедегi № 431 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
423
Қабылданған күні
19.06.2015
Актіні өзгерту күні
02.07.2025
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Біліктілік санаттарының тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.07.2025 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Біліктілік санаттарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министріТ. Дүйсенова

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

__________ Е. Досаев

2015 жылғы 26 маусым

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 493 бұйрығына қосымша

Біліктілік санаттарының тізбесі

1) екінші біліктілік санаты;

2) бірінші біліктілік санаты;

3) жоғары біліктілік санаты.

Іздеу атаулары: №423 бұйрық, 423-бұйрық, приказ 423, төрт жүз жиырма үшінші бұйрық, 423 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.