Мақала
Бұйрықтар

№ 664 бұйрық (13.08.2015): толық мәтін және скачать

Жаңа

2015 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 664 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 тамызда № 11933 болып тіркелді

Бұйрық нөмірі
664
Қабылданған күні
13.08.2015
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. 2015 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік 10 күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына қосымша 2015 жылғы 13 тамыздағы № 664

2015 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі

№ р/рДәрілік заттың атауы (халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы)сипаттамасыӨлшем бірлігі - 1 дана (банка, доза, таблетка, капсула, дан)шекті баға (теңге)
Дәрілік заттардың тізімі
1Құрамында жасушасыз көкжөтел компоненті бар адсорбирленген көкжөтелді-дифтериялық-сіреспелік вакцина (АбКДС)жасушасыз көкжөтелдік компоненті бар дифтериялық-сіреспелі вакцина, 1 дозалық.доза1 975,53
2Ауыз арқылы, полиомиелитқа қарсы вакцина (АПВ)тірі ішуге арналған, құрамында полиомиелит вирусының иммунологиялық 1,2,3 түрлерінің аттенуирленген штаммдары бар.Шығарылу түрі - 10; 20 дозалық құты,доза55,64
жиынтығында тамызғышы бар немесе пластмассалы құты - пипеткада.
3Лопинавир + Ритонавиртаблетка, 200 мг/50 мгтаб163,90
4Натрий аминосалицилатытүйіршіктер 600 мгбанка8 239,00
5Нилотинибкапсула, 200 мгкапс11 881,08
6Протионамидтаблетка, 250 мгтаб10,66
7Эрлотинибтаблетка, 150 мгтаб16 124,96
Медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі
1Шығыс материалдары бар инсулинді помпа1,8 мл көлемінің сұйыққоймасы үшін, қан глюкозасының үздіксіз жұмыс жасау мониторингі, есептелген мөлшерлерді автоматты түрде енгізу, орыс тіліндегі деректері бейнеленген мәтінді экран, болюсті автоматты түрде есептеу функциясы, шығыс материалдарының болуы (жылдық тұтынуы), емделушілерді техникалық қолдау (жедел ақпарат желісі, бұзылған помпаларды кепіл бойынша аустыру), дәрігерлерді оқыту.дана1 033 772,45
2Шығыс материалдары бар инсулинді помпа3 мл көлемінің сұйыққоймасы үшін, қан глюкозасының үздіксіз жұмыс жасау мониторингі, есептелген мөлшерлерді автоматты түрде енгізу, орсы тіліндегі деректері бейнеленген мәтінді экран, болюсті автоматты түрде есептеу функциясы, шығыс материалдарының болуы (жылдық тұтынуы), емделушілерді техникалық қолдау (жедел ақпарат желісі, бұзылған помпаларды кепіл бойынша аустыру), дәрігерлерді оқыту.дана1 033 772,45
3Инсулинді помпаларға арналған сұйыққоймаКөлемі 3,0 млдана1 020,27

*Таблеткаға таблетка; қабықпен қапталған таблетка; үлдір қабықпен қапталған таблетка, ішекте еритін қабықпен қапталған таблетка, дисперсияланатын таблетка, соруға арналған таблетка, кепіршитін таблетка жатады Капсулаға капсула, катты капсула жатады

Іздеу атаулары: №664 бұйрық, 664-бұйрық, приказ 664, алты жүз алпыс төртінші бұйрық, 664 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.